Утетлеуова Жумагуль Тулепбергеновна
Ақтөбе қаласы,
М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Сабақтың тақырыбы: Алтын күз
Сабақтың мақсаты:
балалардың күз туралы түсінігін кеңейту, Алтын күздің ерекшеліктері туралы әңгімелеу. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру арқылы балалардың тіл байлығын дамыту. Құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
күз көрінісі бейнеленген суреттер, геометриялық пішіндер, жеміс-көкөністер, үнтаспа.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын,
сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы: - Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп қалыпты.Олай болса, барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық.
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн туды,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?
- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.
Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)
-Күз мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға келе жатырсыз.
Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір кезде жаңбыр жауып кетеді. Адамдардың кейбіреуі қолшатыр ұстап барады.
-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.
Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.
-Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалардың тақпақтарын тыңдау.
Суреттер бойынша әңгіме құрастыру( сұрақ-жауап арқылы)
Ғажайып сәт: - Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?
Есікті қағып «Алтын күз» кіреді.
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе, балалар бізге «Алтын күз» келіп қалыпты.
-«Алтын күз»: - Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар.
- Күзде құстардың бәрі бірдей ұшып кетеді ме?
-Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық.
( Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру)
Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа.
Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
-« Алтын күз» сіздің тағы да тапсырмаңыз бар ма балаларға?
« Алтын күз»:- Балалар, сіздерге арнаған бір ойыным бар.
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина»
Ойынның шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау.
« Алтын күз»:- Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын. Енді
мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып,
тәртіпті болыңдар. Сау болыңыздар!
Сау болыңыз!
Балалар, сендерге « Алтын күздің» ойындары мен тапсырмалары ұнады ма?
Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |