Сабақтың тақырыбы: Ақмышта туып АҚШ-та озған Әминім Сабақтың мақсаты



Дата08.12.2016
өлшемі7,25 Kb.
#3438
түріСабақ
  • Сабақтың мақсаты:
  • Киелі Маңғыстау өңірінен шыққан желаяқ спортшы – Әмин Тұяқовтың өмірі мен спорттағы жолы туралы түсінік беру.Салаутты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу,тыңдалым,айтылым дағдыларын қалыптастыру.
  • Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылар бірін - бірі таныстырады, аты - жөнін ,сүйікті ісін атап өтеді.Мысалы: Бұл - Саша.Оның сүйікті ісі –асық ойнау немесе менің жанымдағы Айдос.Оның сүйікті ісі – футбол ойнау.
  • .
  • Топқа бөлу : Оқушылар жаңа Саша сүйікті ісім асық ойнау деді.
  • - Бұл ойынды немен ойнайды? - “Асықпен” әрине. Қазір осы асықтар түсімен үш топқа бөлінеміз (мұғалім асықтарды қөрсетеді) .
  • Үш топқа: Қызыл асықтар,жасыл асықтар,ақ асықтар .
  • Сабақтың барысы:
  • 1. Әмин Тұяқов туралы видео көрсету.Экраннан көргенінен мұғалім сұрақ қояды.
  • а) Оқушылар бейне (видео) кім жайлы?
  • ә) Сендер осы адам туралы не білесіңдер?
  • (Оқушылар Әмин Тұяқов туралы білетіндерін айтады).
  • 2.ЖИГСО стратегиясын қолдану
  • Әмин Тұяқов өмірбаяны жазылған парақшаны үшке бөліп, үш топқа тарату.Әр топ (бірінші топтан бастап) парақшада берілген(қиындыдағы) өмірбаянынан үзінді айтады.
  • Әмин Елемесұлы Тұяқов ─ 1937 жылы 12 ақпанда қазіргі Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр ауылында дүниеге келген. Атыраудағы (Гурьевтегі) екі жылдық мұғалімдер институтына түсіп, бір жылдан кейін ол педагогикалық институт болып, кейін құрылғанда соның физика – математика факультетіне түсіп, 1960 жылы үздік дипломмен бітіріп шығады. Ол сабақтарын өте жақсы оқумен қатар институттың және факультеттің қоғамдық жұмыстарын жауапкершілікпен орындап, оның ішінде, спорттың жеңіл атлетика түрінен елеулі табыстарға қол жеткізеді. Осы жетістіктерінің арқасында 1957 жылы Қазақстан құрама командасының мүшесі болып қабылданады.  1959 жылы Бүкілқазақстандық IX спартакиадада 100, 200, 400 метрге жүгіруден Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған. 1960 жылы Одессада өткен Бүкілодақтық «Буревестник» ерікті спорт қоғамының жеңімпазы атанады. Осы жетістігінің арқасында КСРО спорт шебері (100 м – 10,4 секунд) нормасын орындап қана қоймай, Кеңес Одағының құрама командасына мүше болып қабылданады. Әмин Елемесұлы 1960 жылдан 1968 жылдың аяғына дейін КСРО құрама командасының сапында тек Кеңес Одағының ғана емес, қазақ халқының да даңқын аспандата түскен. Әмин Тұяқовқа 1963-1967 жылдар аралығында 200 метрге жүгіруден тең келер ешкім болмады. 1965 жылы Киевте өткен Кеңес Одағының чемпионатында осы қашықтықты бағындыруда жасаған соңғы КСРО рекордын (Ә.Тұяқов 6 рет рекорд жаңартқан) – 20,6 секундты тек 1968 жылы жеңіл атлет В.Борзов қана 0,1 секундқа жаңартқаны  көп жайды аңғартуға тиіс.
  • 3.”Ақмышта туып,АҚШ-та озған Әминім”тақырыбын мұражайдан келген көрмемен түсіндіру.Әмин Тұяқовтың туған өлкесі туралы бейнені(видеоны) тамашалау.”Шайырым” өлеңін тыңдау.
  • 4.”Синквейн” стратегиясы
  • 1.Спортшы
  • 2.Жылдам,тез
  • 3.Жүгіреді,секіреді,дайындалады
  • 4. Әмин Тұяқов-желаяқ спортшы
  • 5.Жеңіл атлет
  • 5.Бағалау (БББ әдісін қолдану)
  • Б-Білемін
  • Б-Білдім
  • Б-0Білгім келеді

Каталог: uploads -> doc -> 1198
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1198 -> Сабақтың тақырыбы : Сан есім Сабактың мақсаты
1198 -> Т Ә рбиеса ғ а т ы тақырыбы: «Ерлікке тағзым»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет