Сабақтың тақырыбы Қан тамырлар жүйесі және қанайналым шеңберлері. Осы сабақта қол


Кері байланыс: «Сұрақтары бар қорап»



бет9/10
Дата25.12.2021
өлшемі426,5 Kb.
#105064
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
riblerjeighrkterg26

Кері байланыс: «Сұрақтары бар қорап». Кабинетте қорап қойылады, соған оқушылар сабақтың соңында өткен материал бойынша өз сұрақтарын қалдыра алады,бұл сұрақтарды келесі сабақтың басында талқыланады.




Саралау Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралап оқыту үшін сабақтың ортасында «Мәтінді төңкеру» әдісін пайдаланып топтағы барлық оқушыларға және С деңгейіндегі оқушылар берілген мәтіннен проблемалық сұрақтың жауаптарын табады. А деңгейінің оқушылары берілген мәтіндегі мәліметтерді дұрыс оқып, жүрекше жиырылған кезде қан қарыншаларға еркін өтетінің біледі; В деңгейінің оқушылары берілген мәтіндегі мәліметтерді дұрыс қолданып, жақтаулы қақпақшалар жүрекше жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары қарыншаның ішіне қарай ашылып, қан құлақшадан қарыншаға еркін өтетінің. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқаратының сипаттайды; С деңгейіндегі оқушыларының жауабы тізбектеліп тыңдалады. 1. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады; 2. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында оң жақ бөлігінде үш жақтаулы,сол жақ бөлікте қос жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді; 3. Жақтаулы қақпақшалар жүрекше жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді;

4. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады деп жоғары деңгейде білімдерін жинақтап,қорытындылауға мүмкіндік болады.



Оқушылар оқу мақсаттарын біліп,түсіну қажет және олармен тиімді кері байланыс орнату керек.Ол үшін оқушылар үйрену процесіне белсенді қатысуы және бағалау критерийлерін біліп,түсіну керек сонымен қатар өз жұмыстарын талдау мүмкіндігі мен білігінің болуы аса қажет. Бағалаудың нәтижелерін ескере отырып,оқытуға өзгеріс енгізіп,оны жақсартып отыру үшін төмендегі тәсілдерді қолдандым.Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту мақсатында қалыптастырушы бағалауға «Бағдаршам» әдісінде топтың жауабы толық болса жасыл түсті көтереді, жауабы толық болмаса сары түсті көтереді, жауабы мүлдем дұрыс болмаса қызыл түс көтереді және оқушылар неге олай бағалағанын толық ашып айтады, кемшілік тұстарын жетілдіріп бірінің ойын бірі дамытты «Шаршылар», «Плюс,минус,қызықты»,«Бас бармақ» , «Қадам» арқылы және «Аспазшы» әдісі арқылы бағалап дәмді ең дұрыс жауапты анықтайды.


Сабақта сызбаларды моделдеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет