Той
пердесін ашайық,
Аналарды құрметтеп.
Ән маржанын шашайық,
Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын ұстаздарым,
Қуанышты берекең.
ІІ оқушы: 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты.
Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.
Өзіңе еліктеп өсермін,
Борышты өтермін қалайда.
Тым нәзік, жұтаңдау жырымды,
Жүректе жылытшы, жарай ма?