І оқушы: -Жансұлу, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.
ІІ оқушы:-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын, үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
І оқушы: -Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Дүниенің жарық күні анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын,
Анаға арнап тағы бір ән саламыз.
ІІ оқушы: -___________ орындауында ән «Ана туралы жыр»
І оқушы:-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті. Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді.
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді. Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ. Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті. Кішкене қыздар ұл балаларды, кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен. Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты. Сен осылай жасай алар ма едің?
ІІ оқушы: - Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім?