Сабақтың тақырыбы: «Ана өмір шуағы»



Дата11.01.2017
өлшемі32,93 Kb.
#7081
түріСабақ
Аудандық көркемсурет лицейі

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:«Ана өмір шуағы»

Өткізген мұғалім: Р.Б.Төлеубаева

2012 оқу жылы



Күні: 1.03.12

Сыныбы: 1

Сабақтың тақырыбы: «Ана өмір шуағы»

Мақсаты: Аналардың өмірін, еңбек жолдарындағы кездескен қиындықтарды тыңдата отырып, оқушыларды еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақтың батыр қыздары мен аналарының портреттері, ана туралы даналық сөздер:

  1. «Анаңды меккеге үш арқалап апарсаңда,

Қарызыңнан құтыла алмайсың».

  1. Ердің анасы-елдің анасы.

  2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

  3. Ата- асқар тау,

Ана- бауырындағы бұлақ,

Бала-жағасындағы құрақ.



Жоспар:

І.Кіріспе.

ІІ. «Асылдың сөзі- ақылдың кені»

Бабалар сөзінен өсиет.



ІІІ. Келген қонақтарға сұрақ қою.

IV. Қонақ кәде.

V. Бата беру.

VI. Қорытынды.

І.Кіріспе:

Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін біздің сыныпта ашық тәрбие сағаты, ардақты аналармен кездесу сағаты. Бүгінгі қонағымыз: еңбеккер ана, зейнеткер ана. Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Осы сабақ барысында сұрақтарға жауап беріп, әңгіме айта отырып, оқушыларға еңбек жолдарыңыздан қиын да қызықты кездерін әңгімелей отырсаңыздар.



1-оқушы: Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,

Себебі анамғой мені адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойына жиып,

Дүниенің ардақтысы анам екен.



2-оқушы: Ананың алдында асқар тау да аласа,

Дүниенің жарық күні анамыз!

Жарық күннен қуат алған санамыз,

Ұлы болсаң анаменен данамыз.



3-оқушы: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!



4-оқушы: Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым!



ІІ. «Асылдың сөзі- ақылдың кені»

Бабалар сөзінен өсиет.



  1. «Нанды шашпа, баспа, нан-өмір нәрі»

  2. Жұма күні кір жума.

Жұма- мұсылман қауымының қасиетті күні.

  1. Бос бесікті тербетпе, баланың басы ауырады.

  2. Дастарқанды баспа, аттама.

Таңертең міндетті түрде өз үйіңнен оразаңды аш, себебі: «Таңғы ас Тәңірден» деген екен.

  1. Жерден ауыр дегенің- ақыл-білім,

Судан терең дегенің- оқу ғылым.

  1. Дүниеде қатты да, тәттіде, жұмсақта-тіл.

  2. Ананың сүті бал, баланың тілі бал.

ІІІ. Келген қонақтарға сұрақ қою.

  1. Балалық шақтарыңыз туралы әңгімелеп берсеңіздер?

  2. Оқыған мектептеріңіз туралы айтсаңыздар?

  3. Бала тәрбиелей отырып, еңбек ету дұрыс па? Қиындық келтірмей ме?

  4. Еңбек еткен уақыттағы есте қалған жақсы сәттеріңіз бар ма?

  5. Болашақ ұрпаққа тілегіңіз?

IV. Қонақ кәде.

Қонақтардың біреуі ән айтып, біреуі өлең оқып, біреуі өз өмірлерінен қызықты оқиғалар айтып береді.



V.Ән

VI.Бата.

Сәулелі сөз сөне ме,

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім өнеге,

Ақ тілеуі ананың.

Ананың ең үлкені балаларға тілек айтып, ақ батасын береді.



VIІ. Қорытынды.

Наурыз күні- Ана, әлем күні

Әлемді тебірендірер ана күні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал, бөбектерім сендер мұны.

Осымен сабағымызды аяқтайық, гүл бітсін бәріңіздің қадамдарыңызға.



Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет