Сабақ жоспары
Күні: 23.03 2015 ж. Пән атауы: Музыка 5 «а» сынып
I. Сабақтың тақырыбы: «Анаға сәлем» Е.Хасанғалиев.
II. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға «Ана» тұлғасының ұлылығын, «Ана» ұғымының кеңдігін түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың музыкалық білімдерін тереңдете отырып,дауыс биіктігін және диапазондарын дамыту.
б) тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай біліуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың жабдықталуы:
а) Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
б) Көрнекілігі: үнтаспа, магнитафон,қанатты сөздер, оқулық.
д) Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, пікір алысу, баяндау, саз тыңдау, ән үйрету.
III .Сабақ жоспары: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Жаңа сабақты бекіту
Білімдерін бағалау
Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Музыкалық сәлемдесу
ә) Оқушылар назарын өзіме аудару
б) Оқу – құралдарын алғызу, түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау: «Кім жылдам?» сұрақ –жауап алмасу.
Өткен сабақта үйге тапсырма ретінде «Дирижёрлеу тәсілімен ән айтып үйрену» тақырыбын бердім. Енді өткен сабақты сұрақ – жауап алмасу арқылы қайталап өтеміз.
Хор ұжымдары және оркестр, ансамбльдерді кім басқарады? (Дирижёр)
Дирижерлік тәсілінің қандай үлестері бар? (Жай екі үлесті,Барлық үш үлесті, төрт үлесті)
Әннің екпінін, өлшемін дәл орындап айту үшін қандай тәсіл қолданамыз? (Дирижёрлік тәсілді)
Қандай атақты дирижерлермен таныстық? (А.Жұбанов, Н.Тілендиев)
Әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстардың белгілі бір мерзімде ауысып келуін не деп атайды? (Ырғақ)
Ырғақтың қандай түрлері бар? (Мазурка, полонез,полька)
Музыкалық шығарманың кейбір дыбысын жеке бөліп, салмақ түсіре ойнау не деп аталады? (Акцент)
Әрбір әуен-сздағы қайталанып келіп тұратын әлді үлесті метірлік бөлшекті не деп атайды? (Такт)
Такт ішіндегі үлестер санын жазып, белгілеуді не деп атайды? (Өлшем)
Ол қандай санмен беріледі? (Бөлшек).
Жаңа сабақ:
Ән үйрету кезеңдері:
1.Әнді қабылдауға дайындық ( ән авторына мағлұмат беру).
2.Әнді сипаттау ( әрбір өлең жолдарын сипаттап, әңгімелейміз).
3. Саз тыңдау ( әнді орындап беру немесе үнтаспадан тыңдату).
4.Әнді үйрету ( хормен және жеке орындату).
5.Жаттаған әнді хормен қайталап бекіту.
Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр? Әрине аналарымыздың мейрамы 8 наурыз. Бұл мереке қай жылдан бастап белгілі болды? Иа 1914 жылдан бастап. Ол не себепті аналар мерекесі деп аталған? 8- Наурыз – әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси теңдік үшін күресін білдіретін күн. Ендеше балалар біздің бүгінгі танысатын әніміз Е.Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әні.
Әннің композиторы «Елінің еркесі – Сазгерлердің серкесі Ескендір Хасанғалиев дарынды композитор 1940 жылы дүниеге келген. Анасы жиын – тойларда ән салып ауылын тамсандырған әнші болған екен. Әкесі сырқаттанып ерте өмірден өтеді. Бала Ескендір нағашысы Хасанғалидің тәрбиесінде болады. Ол жастайынан өнерге құштар болып өседі. 19 жасында осы өнер жолын қуып Алматыға келеді. Алғашында 2 жыл Алматы консерваториясының дайындық курсында оқиды. Өнер дайәындығынан өткен Ескендір Шымкенттің Өнер институтын оқып бітіреді. Оқуын тәмамдағаннан кейін Қазақ радиосында жүргізуші және әншісі болып қызмет бастайды. 21 жасында алғашқы әні «Анаға сәлем» әнін жазып шығарады. Қандай ақын- жазушыларымыз, композиторларымыз болсын аналарына ән, өлең,кітаптарын арнап,құрметтеп табынады. Ал ендеше балалар тарихымызда аты қалған, ұрпақтар сиынатын аналар жайында не білеміз? Енді жаңа танысатын әнімізді сипаттаймыз. «Ана деген кім?»
Ана – өмірдің шырағы! Ана – өмірдің тірегі ! Ана – өмірдің тұтқасы!
Дауыс аппараттарын қыздыру жаттығуларын жасау.
Мереке күніңмен
Қарсы алам өзіңді.
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді – дей келе бүгінгі өтетін әніміздің сазын тыңдаймыз.
Әннің сазын тыңдап үйренеміз, хормен бірнеше рет орындаймыз.
Сергіту сәті: ойын түрінде (балалар өздерінің аналарын қаншалықты таниды екен сұрақтар қоямыз)
Жаңа сабақты бекіту:
Сонымен бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік? Қандай ән үйрендік? Қандай шығармаларды тыңдадаық? Естіген әуендерді есімізде сақтаймыз ба? «Ана» туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз? «Ана» деген кім? Аналарымызға қандай жүрек жылыуын білдіреміз?
Әрқашан Күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман! - дей отырып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Бағалау:
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Е.Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әнін жаттау, өлеңін жазған О.Иманәлиевқа реферат жазып келу.
Пән мұғалімі: Дастанова.Б.Қ.
Достарыңызбен бөлісу: |