Сабақтың мақсаты:
Сабақтың тақырыбы: Қаныш Сәтбаев
оқушыларды ірі қоғам қайраткері, ғалым-геолог, Ғылым академиясының негізін салушы, Қаныш Сәтбаевтың өмір жолымен таныстыру. І.Білімділік: оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, мәтінді орыс тіліне аударту, оны әңгімелей білу. І.Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және оймен бөлісу әрекеттерін ұштау, қазақша сауатты жазуға үйрету, сөздік қорын молайту З.Тәрбиелік: оқушылардың бойында ұлы адамдарға сүйіспеншілік қалыптастыру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақ әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, аударма, әңгімелеу, СТО стратегиялары,
жеке жұмыс, ұжымдық жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты өту.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі, география, информатика,
әдебиет
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасы:
1.Термин сөздер.
2.Қазақстандағы ғылымның қалыптасуы туралы сұрақтарға жауап беру.
2.1) Қазақстанда ғылыми ой-пікір қашаннан бастау алды?
2.2) Ресей мен Батыс Еуропа елдерінің ғалымдары Қазақстан аумағын қай ғасырдан бастап зерттей бастады?
2.3) А.И. Левшиннің қазақ тарихы жөнінде жазған еңбегі қалай аталады?
2.4) Қазақстан ғылымының дамуына орыс халқының қандай белгілі ғалымдары үлес қосты? III. Ой қозғау.
Қазақтың данасы, дарасы, біртуары Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы кіріспе сөз. Қаныш туралы бейнематериалды тамашалау.
(https://www.youtube.com/watch?v=LBjixQVcF6E)
Оқушылармен сұхбаттасу.
Қаныш кім?
Бейнематериалдан не білдің?
ІV.Мағынаны тану.
Слайдтағы Қ.Сәтбаев туралы мәліметпен танысу
1.Сөздік жұмысы .
жан-жақты
ықпал
көп қырлы даралығы
тірегі
қамқор
V.Топтық жұмыс. Мәтінді аудару
I топ 1-бөлімді аударады, 2 сұрақ құрастырады
II топ 2- бөлімді аударады, 2 сұрақ құрастырады
VI. Іріктеп оқу
1-топ Қаныш қандай ғалым?
2-топ Ғалымның қағидасы қандай?
VII. Жұптық жұмыс. Қаныш Сәтбаевқа «Бес жол өлең» жазу
Қаныш Сәтбаев
Көп қырлы, тұңғыш
Ашты, жасады, аталды
Кен қорлар картасын жасады
Тұғыш академик
VIII. Синонимдерін тап, сөйлем құра
тұңғыш
есімі
табыс
байлық
ұшан-теңіз
ерлік
жан-жақты
әсер
Керекті сөздер: алғашқы, бірінші, аты, жеңіс, жетістік, молшылық, дәулет, батырлық, мол (көп), көп қырлы, әсер. IX. Фонетикалық талдау. Жазбаша жұмыс. 1. I топ Тұңғыш сөзін П топ Білім сөзін 2. 5 жалқы есім жазады. 5 жалпы есім жаза
XI. Синтаксистік талдау.
Қаныш 20 жасында Томск технологиялық институтының геология факультетіне түсіп, үздік бітіреді. Қаныш Сәтбаев Қарсақпай мен Жезқазғандағы мыс кенін, Екібастұз көмірін ашты
XII.
Қаныш Сәтбаев
Қорыту. XIII. Слайд. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзі.
Менің кәміл сенген ойымша, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев кешегі Кеңес Одағыныц ұлы адамдарының бірі ғана емес, ұлы тұлғасы. Данышпан перзентіміз Одақ көлеміндегі ең озық геология мектебін берік қалап кетті. Қазақ қауымынан мұндай биік деңгейге көтерілгеи одан асқан тұлғаны мен білмеймін!
Н. Ә. Назарбаев
XІV. Үйге тапсырма: «Ұлы ғалым – Қаныш Сәтбаев» тақырыбына эссе жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |