Сабақтың тақырыбы: Қаныш Сәтбаев



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі52,07 Kb.
#27748
түріСабақ
1   2   3
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, салыстыру, іздендіру, пікір алмасу,компьютерлік әдіс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар,электрондық оқулық, парақшалар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет,тарих,жаратылыстану,математика.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп ,сабақтың мақсатын айту.
«Блиц-турнир» арқылы үй тапсырмасын сұрау.
- Шоқан Уәлиханов кім?
- Ол қай жылы және қайда дүниеге келді?
- Оның шын аты кім?
- Анасының еркелетіп қойған аты кім?
- «Шоқы, Шоқан» деген қандай мағынаны білдіреді?
- Неше жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті?
- Неше жасында оны мұғалімдер «болашақ ғалым» деп атаған?
- Шоқан Уәлиханов қай жерлерді аралады?
- Қашқарда ол қандай еңбектер жазды?
- Алғаш рет қай елдің жырын хатқа түсірді?
- Шоқанды замандастары қандай тұлға деген?
- Шоқанды не себепті «сегіз қырлы» дейміз?
- Қазақ халқының тағы қандай ғалымдарын білеміз?
II. Жаңа сабақ:
Эпиграфы: «Жері байдың – елі бай»
Балалар, бүгінгі сабақтың эпиграфын «Жері байдың - елі бай» деп тегін алып отырған жоқпын. Өздерің білесіңдер, жердің бізге берері мол , ал осы байлықты алу үшін көп тер төгу керек. Осындай өз елі , оның болашағы үшін аянбай еңбек еткен, өз өмірін ғылымға арнаған адамдардың бірі - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қаныш Сәтбаев»
Сендерге алдын ала топтық жұмыс берілген болатын, қазір сол тапсырма бойынша әр топтан бір баланы тыңдайық. (Дайындалып келген балалардан сұрау)
Ал енді ,балалар, тақтаға назар аударайық. (слайдтар көрсету )
Электронды оқулықты қолданып,жаңа сөздермен таныстыру, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.
Жаңа сөздер:
Тағайындалу – назначаться
Жаратылыстану – естествознание,природоведение
Геологиялық-барлау – геологическая разведка
Марапатталу – быть награжденным
Ғұлама – мудрец, признанный ученый
Көз жұму (қайтыс болу) – закрыть глаза, т.е. умереть


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет