Терісінің түсі қара қошқыл, шаштары толқын тәрізді немесе бұйра, мұрындары жалпақ, танаулары кең, еріндері қалың, сақал-мұрттары өте сирек. Бұл аталғандардың барлығы ыстық климат жағдайларына бейімділікті сипаттайтын белгілер. Негроидтік нәсілдің кеңінен таралған аймағы – Африка
|
Терісі ақшыл, шаштары аздап толқынды немесе тік, мұрындары ұзынша келген шығыңқы, танаулары тар, еріндері жұқа, ер адамдардың бетінде қалың сақал мен мұрт өседі. Мұндай белгілер климаты суық аймақтарға бейімделу барысында қалыптасқан. Еуропоидтік нәсілдердің алғашқы шоғырланған аймағы Еуропа мен Азияның кейбір бөліктері болса, қазіргі кезде олар дүниежүзінде кеңінен таралған.
|
Терісінің түсі қоңырқай немесе ақшыл, шаштары қайратты, тік болады; еріндері мен мұрындарының көлемі орташа; бет пішіні жалпақ біртегіс, бет сүйегі шығыңқы, көздері қысыңқы болып, рудименттік (қалдық түріндегі) үшінші қабағы айқын байқалады. Бұл ерекшеліктер – аңызақ жел мен шаңнан, қара суықта үсуден қорғауға бейімділігі.
Монголоидтік нәсілдер Орталық Азияда, Индонезия мен Сібірде таралған.
|