USB-жинақтауыш
Flash-жинақтауыш – үлкен көлемдегі ақпараттарды тасымалдауға мүмкіндік беретін жалғанбалы құрылғылардың ең жарқын түрі. Бұл аздай, мұндай жинақтауышқа операциялық жүйені және оны компьютерге жүктеуге болады.
Flash-жинақтауыш CD, тіпті DVD-ге, қарағанда ыңғайлы. Жаңадан шыққан түрлері 16 Гбайт көлемге дейінгі ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, бұл екіжақты, екіқатарлы DVD көлеміндей. Бір жағынан олар компактілі және оларды бір ғана USB-порты бар кез келген компьютерлерге қосуға болады.
Негізінен flash-жинақтауыш моделі өз жұмысында драйверлер орнатуды қажет етпейді, егер Windows 2000-нан жоғары операциялық жүйесі қолданылса.
Басқа жинақтауыш түрлері секілді, USB-жинақтауышының да әртүрлі қызметі, формасы және басқа да параметрлері бола алады.
Жаңа заманғы тез USB-жинақтауыш моделдері, USB 2.0 қызметтік функциясымен жұмыс жасаушы, ақпараттарды 30 Мбайт/с жылдамдықта оқуға және 20 Мбайт/с жылдамдықта жазуға мүмкіндік береді.
36-сурет. 4Гбайттық флэшка
Қатқыл дискі
Қай кезде де ақпарат, әсіресе құнды болса, маңызды роль атқарады. Кейде оны сақтау одан да маңыздырақ болады.
Қазіргі күні көптеген ақпараттарды тиімді сақталатын және оларды тез қамтамасыз ететін көптеген қондырғылар жеткілікті.
Ақпарат жинағыштар әр түрлі болады және олар әр түрлі қызмет атқарады.
Қатқыл дискінің ішінде ақпаратты жазуға арналған арнайы құрамдағы бір немесе одан да көп пластиналар (дискілер) болады. Деректер пластиналар үстінде өте жақын қашықтықта жылжитын магниттік бастиектер блоктармен жазылады немесе оқылады. Бұл блокты арнайы жоғарғы дәл қадамдық қозғалтқыш басқарады.
Жұмыс жағдайында пластиналар әрқашан айналып тұрады. Айналу жылдамдығы жоғары болғандықтан, магниттік бет пен бастиек арасында әуе көпшігі пайда болады да, пластиналар үстінде 0,00005-0,0001 мм қашықтықта олар қалықтап жатырғандай болады.
Айналу жылдамдығы жоғары болған сайын ақпаратты оқу жылдамдығы да жоғары болады, дегенмен де әртүрлі физикалық себептерге байланысты айналу жылдамдығының жоғары деңгейіне жету өте қиын. Қазіргі таңда қатқыл дискілердің ең кең тарағаны айналу жылдамдығы 7200 айн./мин. IDE және SATA дискілері үшін және 10000 - 15000 айн./мин. SCSI дискілері үшін.
37-сурет. Қатқыл дискі құрылымының схемасы.
Қозғалтқыштың айналу жылдамдығынан басқа, қатқыл дискі ақпараттарға ену интерфейсімен, көлемімен, ақпараттарға ену уақытымен, ақпараттарды оқу және жазу жылдамдығымен және тағы басқаларымен ерекшеленеді. Қатқыл дискіні таңдау кезінде ең бірінші оның интерфейсіне, көлеміне және ақпараттарды оқу/жазу жылдамдығына назар аудару керек.
Қазіргі таңда қатқыл дискі интерфейсінің үш негізгі түрі бар.
IDE. Интерфейстің ең бірінші түрі, өзінің қарапайымдылығымен, арзандығымен және тиімділігімен кең қолданыс алды. IDE-контроллері тікелей қатқыл дискіге орналасады, ол қосымша тақтаны кеңейтуді қажет етуден құтқарады. Сонымен қатар, IDE-контроллер жүйелік тақшада да болады.
Оның пайда болғанынан бері қатқыл дискі контроллері мен жүйелік тақша арасындағы ақпарат алмасу ережелерін және жылдамдығын бейнелейтін көптеген стандарттар жасап шығарылды. Қазіргі таңда ақпараттарды теориялық жылдамдықпен 133Мбайт/с көшіруге мүмкіндік беретін Ultra ATA/133 қызметтік функциясы кең қолданысқа ие болды.
IDE құрылғылары жұмыс компьютерінде көп қолданылады. Серверларда мұндай қатқыл дискілер бірнеше себептерге байланысты сирек орнатылады.
Интерфейс ақпараттардың бір шлейфіне қосылған құрылғылардың бір уақытта жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді.
Мысалы, егер DVD диск-жетек және қатқыл диск бір IDE каналына қосылған болса, ол кезде файлдарды компакт–дискіден қатқыл дискіге көшіру екі есеге көбейеді (контроллер алдыңғы операцияны аяқталмайынша, қандай да бір құрылғылар ақпарат алмасуды бастай алмайды).
38-сурет. ATA(IDE) қатқыл дискіні қосу.
39-сурет. 2 қатқыл дискілерді қосу тәсілі.
Бұл операцияны жағымсыз құбылыс байқалған жағдайда тез аяқтау мүмкін емес. Мысалы, егер DVD диск-жетегі зақымдалған дискіні оқығысы келсе, онда HDD бұл уақытта қол жетімсіз болады, бұдан кейін жүйе тұрып қалғандай көрінеді.
Төрт құрылғыдан артық қосуға болмайды (тиімді жұмыс оның екеуімен ғана мүмкін). Жалғыз жолы – қосымша IDE контроллерін орнату немесе үлкен мөлшерде IDE ағытпалы жүйелік тақшаны алу.
IDE-құрылғысын қосу үшін 80-желілік шлейф қолданылады. Ережеге сәйкес, жүйелік тақшаның екі стационарлық IDE-ағытпасы болады (қымбат модельдерде – төртеу).
Достарыңызбен бөлісу: |