Serial ATA. Бұл интерфейстің түрі қазіргі таңда ең көп қолданылады, ақпараттармен жұмыс барысында жоғары жылдамыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді, керек жағдайда RAID-массивін құруға мүмкіндік береді. Ол IDE-интерфейсін әрі қарай орнату барысында пайда болды. Онымен жұмыс 1999 жылы басталды және ақпараттарды 150 Мбайт/с дейінгі жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік беретін спецификация құрылуымен аяқталды. Кейіннен жіберу қабілеті екі есеге жоғары тағы бір спецификация пайда болды. Қазіргі уақытта жылдамдық көрсеткіші 600 Мбайт/с дейін Serial ATA-3 қызметтік функциясы жасалып жатыр.
Қатқыл дискінің физикалық дискідегі ақпаратты оқу жылдамдығы теориялық мүмкіндіктен әлі алыс, сондықтан да қатқыл дискінің магниттік дискідегі ақпаратты физикалық оқу жылдамдығы ұлғайтылмайынша, интерфейс қызметтік функциясынаың алдағы “теориялық” дамуы маңызды бола алмайды.
Қазіргі таңдағы жүйелік тақшаның мөлшері екіден кем емес SATA қатқыл дискіге қосылу үшін ағытпалыр бар.
40-сурет. SATA қатқыл дискіні қосу.
SCSI. Ол әрқашан IDE-интерфейсімен қатар дамыды және басынан-ақ серверлерге арналды. Жаңа SCSI контроллері 320 Мбайт/с жылдамдықта ақпараттар жібере алады, аналогтық IDE құрылғыларына қарағанда жоғары. Сонымен қатар, SCSI интерфейсі төмендегідей артықшылықтарға ие:
Процессорға жүктеуі аз;
Деректерді жіберу жылдамдығы жоғары;
Құрылғылармен бір уақытта жұмыс жасау мүмкіндігі, олар қайда орналасса да және қалай қосылып тұрса да;
Кабель ұзындығы 3-6 м;
Сыртқы құрылғыларды қолдану мүмкіндігі;
Көп мөлшердегі құрылғыларды (15-ке дейін) қолдану, IDE-ға қарағанда, сонымен қатар бірнеше SCSI-контроллерлерін орнатуға болады (әдетте төрттен көп емес).
Барлық SCSI құрылғылары үшін бір ғана үзілім жеткілікті.
Сенімділік пен жылдам қызмет етуді көбейту үшін кэштеу, RAID технологиясын және Hot Swap-ты қолдану мүмкіндігі. Соңғы кезде аналогтық IDE-контроллерлері де пайда болды, бірақ олар SCSI-ға қарағанда әлсіздеу.
Барлық артықшылықтарына қарамастан SCSI қымбат интерфейс. Сонымен қатар SCSI қатқыл дискіні қолдану үшін SCSI контроллері қажет ол да арзан тұрмайды.
Дискінің қанша ақпарат сақтай алатыны оның көлеміне байланысты. Критикалық (жұмыс) ақпараттар көп орын алмайды (бұл серверлерге қатысты емес). Көбінесе қатқыл дискі мультимедиалық ақпараттарға толы болады (аудиожинақтар, бейнефильмдер, графикалық көріністер). Қазіргі таңда үй компьютері дискінің оптимальдық көлемі 200-300 Гбайтты құрайды.
41-сурет. ATA/SATA интерфейсінің кабельдері.
Қатқыл дискідегі іркіліс секторларын жою Нашар немесе іркіліс секторы - дискінің бетіндегі іркіліс жері бастиектің дискіге соғылуынан, кернеудің өзгеруінен, қатқыл дискінің электроникасының ақауы және т.б. нәтижесінде болады. Себептері көп болуы мүмкін, бірақ нәтиже біреу - өзінің қасиетін жойып, ақпаратты жазуға қолданыла алмайды. Секторда сақталған ақпараттың жойылуы және дискінің жалпы қөлемінің қысқаруы да жалғасы болып табылады.
Ақаулар кестесі Барлық іркіліс секторлары қатқыл дискіні бірінші зауыттық тексеріс барысында пайда болады. Мұндай мүмкіндікті алу үшін, өндірушілер дискінің тіркелмеген, тікелей пайдалануға тиім салынған бірнеше бөліктерін белгілейді. Содан басқа күмәнді және іркіліс секторларының адрестері көрсетілген, арнайы ақау кестесі қолданылады. Бұл кестедегі ақпарат нақты уақыт режимінде жаңартылады және іркіліс секторларын автоматты және қолмен жою үшін арнайы утилиталар қолданылады.
P-List (Primary List) кестесі. Қатқыл дискіні өндіруші зауытында тестілеу нәтижесінде пайда болған іркіліс жерінің адресін сақтау үшін қолданылады.
G-list (Growth list). Зауыт өндірушісі сатуынан кейін, қатқыл дискі жұмысы барысында пайда болатын іркіліс секторларының адресін сақтауға арналған.
Сервомет кестесі. Сервометкалар бастиекті дискінің қажетті орнына қою үшін қолданылады. Қазіргі заманғы дискі көлемін және оған деген талаптарды ескере отырып, бүгінгі таңдағы технологияда сервометсіз жұмыс мүмкін емес. Бірақ, дискінің беткі жағы сияқты, сервометкаларда әртүрлі себептермен істен шығуы мүмкін. Жарамсыз сервометкаларды бекіту үшін, сервомет кестесі қолданылады.
Ақаулардың уақытша кестесі. Әдеттегідей, әрқашан және барлығында уақытша, аралық нәрселер болады. Сондай-ақ қатқыл дискімен де, нақтырақ ақпаратты оқу/жазу кезінде кездеседі. Бастиек өзіне берілген тапсырмаларды орындаған сайын, нашар секторларды кездестіреді. Бірақ бұл оның іркілісі немесе физикалық пайдасыз екенін білдірмейді. Электрэнергия өзгерісі нәтижесінде оған деген қатынау жылдамдығы ұлғайып немесе оқу/жазу жылдамдығы азаюы мүмкін. Дегенмен ақаулардың алдын алу үшін, дискі бақылаушысы ақаулардың уақытша кестесінде секторлардың адресін енгізеді.
P-List кестесінің көшірмесі. Ақауларды сақтау кестесінде және іркіліс секторларының өз аймағындағы секторларға қайтадан адрестеу - бұл ақаулыққа бейімді магнитті тегістік. Тосын жағдайларды болдыртпау үшін, қатқыл дискі бақылаушысы P-List ақау кестесінің көшірмесін шығарады.
Осы жүйе келесі жолмен жұмыс жасайды. Егерде бірінші зауыттық тексерісте, қайтадан қоюға келмейтін іркіліс секторы табылса, онда оның физикалық адресі P-List-қа беріліп, автоматты түрде қайтадан адрестеледі. Сонымен қатар іркіліс секторы түзетілгенімен ауыстырылады. Әрине сектордың физикалық өзгерісі мүмкін емес, сондықтан оның тек адресі ауыстырылады. Мұндай үрдіс «Remap» немесе «қайтадан адрестеу» деп аталады.
Қайтадан белгіленген іркіліс секторына, бастиек автоматты түрде қор секторына ауысып, қажетті жұмысты орындайды, яғни ақпаратты оқиды немесе жазады. Аналогты түрде сервомет ақауының кестесі толтырылады.
Қатқыл дискі саттыққа түскен кезде, оның жұмысы басталады. Оның жұмысы кезінде іркіліс секторлары G-list кестесіне түсіріледі, яғни аналогты түрде қайта адрестеуін жасайды. Сонымен қатар сервомет ақаулар кестесі және уақытша кесте толтырылады. Соңғысы басты орын алады. Нашар секторды табу арқылы, бақылаушы уақытша ақау кестесіне ақпаратты жеткізеді және оны бақылауға алады. Жинақталған ақпаратты өңдей отырып, сектордың кейбір шекарасына жеткенде, мұндай сектор іркіліс болып белгіленеді, және ақпарат G-list кестесіне енгізіледі. Егер сектор түзелсе, онда ол автоматты түрде уақытша ақау кестесінен алынып тасталады.
Бақылау сұрақтары: 1. Иілгіш дискілер диск-жетектің атқаратын қызметі не?
2. CD-DVD диск-жетек қандай мақсатта қолданылады?
3. USB-жинақтауыштың қызметі не және қандай түрлері бар?
4. Қатқыл дискі құрылымдық схемасын түсіндір.