Сабақтың тақырыбы Ақпараттарды жинау және өңдеу құрылғыларымен жұмыс жасау Сабақтың түрі



Дата28.11.2023
өлшемі144,59 Kb.
#193970
түріСабақ
Байланысты:
Ақпараттарды жинау және өңдеу құрылғыларымен жұмыс жасау


Оқу сабағының жоспары







Күні: 23 қараша 2023 жыл

Оқытушы : Наурызбеков Мәди Қайратұлы




Курс 2, топ Ret-213б



Қатысқандар:



Қатыспағандар:

Модуль /пән атауы: Ақпараттық-коммуникациялық жабдықты монтаждаудың кешенді тексеруін орындау

Сабақтың тақырыбы

Ақпараттарды жинау және өңдеу құрылғыларымен жұмыс жасау

Сабақтың түрі



Білім, біліктілікті тәжірибеде қолдану

Сабақтың мақсаты

Берілген ақпаратты пайдалана отырып ақпаратты құпияландыру дағдысын қалыптастыру

Міндеттері

Кабельді пайдалану жолдарын үйрету

Бағалау өлшемдері



Кабель түрлерін қолданады

Құндылықтарды қалыптастыру:

Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой- өрісін дамыту, өз бетінше жұмыс істей алу қабілетін көтеру, тапқырлыққа, шығармашылыққа баулу.

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі.

Кабельмен жұмыс істей алады

Ресурстар

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: презентация, сабақ жоспары. Техникалық құралдар: компьютер,мобильді телефон



Сабақ жоспары



Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Оқытушының іс –әрекеті

Студенттің іс- әрекеті

Бағалау



Сабақтың басы
10 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру



Білімгермен амандасу, түгендеу, сабаққа деген зейінін аудару. Сабақтың тәрбиелік мақсатын іске асыру. Білімгердің сабаққа даярлығына көңіл бөлу.




Миға шабуыл әдісі

  1. Коммутацияның негізгі түрлерін ата.

  2. Коммутацияны орындайтын құрылғыны ата.

  3. Мультиплексор дегеніміз не?

  4. Коммуникациялық желілер неше типті болады?

  5. Телекоммуникация желілерінің қанша түрі бар?

Әр бала қолына қызыл және жасыл түсті қағаз алады. Оқытушы қойған сұраққа байланысты қазағды көтеріп сұраққа жауап береді.





Әр дұрыс сұраққа 2 бал
(10 балл)

Сабақтың ортасы
70 мин



Тәжірибелік-зертханалық жұмыстың орындалу реті мен шарттарын түсіндіру.

  1. Тәжірибелік жұмыстың мақсаты мен тақырыбын хабарлау

  2. Жұмыс орындарын тексеру

  3. Аудиторияның жұмысқа даярлығын қадағалау

  4. Тәжірибелік жұмыстың орындалуының ретін түсіндіру

5.Тапсырманың орындалу шарттарымен таныстыру

Оптикалы-талшықтық кабелдерді сыртқы төсеу, ішкі төсеу және арнайы кабелдер болып бөлінеді.


Сыртқы төселім кабелдері олардың қолдану шарттарына байланысты құбырларға, кабелдік канализацияға, коллекторларға салынатын, тікелей жерге қазылатын, ілінетін және суасты кабелдері болып бөлінеді. Осы категориядағы кабелдер оларды төсеу мен пайдалану процессі кезінде пайда болатын механикалық әсерлерге өте сезімтал болып келеді. Кабель орналасатын қоршаған ортаның температуралық ауытқулары да қосымша механикалық жүктемеге алып келеді. Әртүрлі химикалық агрессиялы заттар және ылғал кері әсерлерін тигізеді. Кеміргіштердің тигізетін әсері кабель қасиеттерінің нашарлауына немесе толық істен шығуына алып келеді.


6.Білімгердің өз бетімен жұмыс істеуі

Тапсырма1. Жерге қазылатын кабельдің конструкциясын зерттеу.


Дескриптор:

  1. өзекше диаметрін анықтау;

  2. ұзындығын анықтау;

  3. типін ажырату;

  4. маркировкасын анықтау;

  5. Кеңжолақтылық анықтау;

  6. Дисперсиясын анықтау;

  7. салыну шарттарын анықтау;

  8. Нәтижесін көру

Сұрақтар:



  1. кабель не үшін пайдаланылады?

  2. Талшықты-оптикалық кабельдің түрлері?

  3. Ең арзан кабель түрі?

7.Білімгерлердің тапсырмаға қатысты сұрақтары туып жатса немесе қиыншылықтары болса оқытушы нұсқау береді.
8.Жұмыстарын қабылдау
Бағалау шкаласы

0-49 балл – баға «2»

50-69 балл – баға «3»

70-89 балл – баға «4»

90-100 балл – баға «5»


Берілеген жұмысты компьютерде орындайды, орындауға жіберіп нәтижесін көреді, қате болған жағдайда түзету жұмыстарын жүрзізеді


Сұрақтарға ауызша жауап береді




Дескрипторда көрсетілген әр дұрыс жасалған бөлімге 10 балл


Барлығы


80 балл
10 балл



Сабақтың соңы
10 мин

Үй жұмысы: Топтағы жұмысты аяқтау


Рефлексия :


Бүгінгі сабақты қорытындылай келе, өз деңгейлеріңізді көрсетіңіздер




Smart тақтада жетістік баспалдағы көрсетіледі, әр студент сол тақтаға қандай баспалдаққа жеткенін стикер жабыстырып көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет