Пән атауы: Информатика
Оқу тобы: ЕТ-31 Өтетін орны: № 12 ауд Өтетін күні: 16.10.2020ж
Пән оқытушысы: Бисембаева Базаркул Муратовна
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық модель классификациясының дәрежелік көрнекілігі Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, жазу, оқу, сын
тұрғысынан оқыту,
Жоспар:
Сабақтың 3 мақсаты: Білімділік: Модель типтері жайлы толық мағлұмат беру. Модель қасиеттері жайлы түсінік. Математикалық модельдің қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік беру. Программалық орта көмегімен іске асатын модельдерді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан – жақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Модельді құрудың пайдасы жайлы айтып, оны өңдеуге, сыртқы үлгісін қалыптастыруға, қоршаған ортамен байланыстырып, адамзат өмірінде, қолдануға баулу. Қазіргі заманға сай білімді, ақпаратты толық меңгеруге тәрбиелеу. Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Сабақтың түрі:Теориялық сабақ
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру, игерілген білім-білік дағдыны жетілдіру.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, қазақ әдебиеті, информатика, химия, биология
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, геометриялық фигуралар, суреттер, кесте .
Өтілген сабақтан күтілетін нәтиже:
Оқу кезінде өз ойын анық жеткізуге, мұғалім сөзін бөлмей тыңдай білуге үйрету;
Дарынды оқушылардың қабілетін одан әрі дамытуға жағдай жасау;
Бақылау сұрақтары:
Үйге кіргенде қандайда бір иісті сезсендер қандай бейнелі модельдер көздеріне елестейді.
Ақпараттық модель дегеніміз не? Ол неден «жасалған»?
Кітаптардағы соғыстағы шайқастар бейнеленген схемалар бар. Оларды модель деп айтуға болама? Оларды қандай модель типтеріне жатқызуға болады?
Үй тапсырмасы:
Желілік модель құрыңыз. Бірінші қатарда достарыңыздың атын көрсетіңіз, екінші қатарда – олардың қызығушылықтарын. Олардың байланысын доғамен көрсет : аты – қызығушылығы.
Әрбір оқушы өз жанұясының генеологиялық моделін сызады.