Пәні: Информатика
Сыныбы: Күні: Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау.Вирусқа қарсы программалар
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларға ақпаратты қорғауды және вирусқа қарсы программалар туралы түсіндіру
Тәрбиелік:Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа,әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Түрі:Практикалық элементтері бар түсіндірмелі сабақ
Көрнекілігі:ДК, оқулық
Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Үйге тапсырма: ІІІ Жаңа сабақ
Вирус– бұл арнайы жазылған шағын программа, ол компьютердегі оған қатынасы бар ақпаратты бұрмалауы немесе жоюы; өзін басқа программаларға «тіпкеуі» (яғни оларды зақымдауы) сондай-ақ жағымсыз әрекеттер жасауы мүмкін. Ішінде виусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.
Вирустардың таралу жолдары:
- Дискеттер;
- Лазерлік
- Компьютерлік желілер
Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады.
Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгісі мыналар:
- компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді;
- компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарып, бұғатталып қала береді;
- жүйе әр бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта қотарыла береді;
- компьютер өз бетімен қайта қотарылып, ақаулармен жұмыс істей бастайды;
- қосымшалар қателермен жұмыс істейді;
- дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады;
- басып шығару қателермен жүреді;
- қателер туралы әдепкіден тыс хабарламалар пайда бола бастайды;
- мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді.
Ақпаратты вирустан қорғаудың 2 турі бар. 1. Информацияның көшірмесін алып отыру файлдарды және дискінің жуйелік мәліметтерін көшіріп сақтау. 2. Керекті ақпаратты басқалардың жиі пайдалануына тосқауыл қою, ол ақпаратты рұқсатсыз яғни санкциясыз көшіріп алуды, яғни программамен дұрыс жұмыс істемейтіндерден және қателігі бар программаларды қашық журуді және мәліметтерді өзгертуді, вирустар енгізуді болдырмауды қамтамасыз етеді. Сондай ақ вирустан сақтану ушін арнайы программалар қажет және оларды тұрақты турде қолдану керек.Мұндай программаларды бірнеше турге бөлуге болады, детекторлар,докторлар немесе фаг программалар, ревизорлар яғни файлдардағы және дискінің жуйелік аумақтарындағы өзгерістерді бақылайтын программалар, доктор-ревизорлар, сузгі-программалар (вирустан сақтайтын резиденттік программалар) және вакциналар (иммунизаторлар). Доктор программалар тек бұрыннан белгілі вирус турлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді. Сузгі программалар компьютердің жедел жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянды әрекетін операцияны устап алып, бул туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Енді компьютерге вирус жұқтыру мумкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шараларды қарастырсақ, оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады
1.Ақпаратты әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау
2.Сырттан келген ақпараттарды мұқият тексеруден өткізу
3.Вирустан «емдеу аспаптарын» дайындап қою.
4.Белгілі бір уақыт сайын компьютерді вирусқа тексеріп отыру
Вирустармен күресу үшін антивирустар деп аталатын арнайы бағдарламалар бар.
Вирусқа қарсы бағдарлама (антивирус) — компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай-ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарлама.
Бүгінгі таңда вирусқа қарсы бағдарламалардың алуан түрлері бар: Dr.Web, Касперский Антивирусы, Eset NOD32, McAfee, AVG, Panda Software, Norton Antivirus және т.б.
Касперский Антивирусы (AVP) – ең танымал вирусқа қарсы бағдарламалардың бірі. Компьютерге орнату кезінде Касперский Антивирусы тұрғылықты дискіде орналасқан нысандардың мәтінмәндік мәзіріне құрамдасып, өз тобын Бастау Бас мәзіріне үстейді. Жұмыс істеу барысында амалдық жүйенің жүйелік үстелінде вирусқа қарсы бағдарламаның белгішесі пайда болады.Касперский Антивирусының көмегімен жергілікті, иілгіш, ықшам дискілерде вирустардың бар-жоғын тексеруге болады.
Үйге тапсырма:$4-ты түсініп оқу,бақылау сұрақтарына жауап беру.