Сабақтың тақырыбы: «Қар үлпектері»



Дата03.02.2020
өлшемі16,53 Kb.
#57000
түріСабақ
Байланысты:
кар улпектери
кар улпектери, Андирова А.А. Таным әлемі , Бұл әлем қандай тамаша жеке-дара жұмыс жоспары, Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс
Сабақтың тақырыбы: « Қар үлпектері» (қағазбен жұмыс) Сабаққа қатысатын балалар: 2- деңгей Мұхтар Олжас, Әмзехан Рамазан, Әбдіхалық Махамбет, Әбдімомын Нұрхалық. Мақсаты: Түзетулік - Білімділік: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп. Қардың қасиеттерімен таныстыру, қар үлпектері туралы түсініктерін кеңейту. Түзетулік - Дамытушылық: Саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту, көріп қабылдауы арқылы еліктеу қимылдарың жасауға дағдылану. Назар аударуға, көлемдерді ажырата алуға үйрену. Түзетулік - Тәрбиелік: Балаларды әдемілікті, әсемдікті сезіне білуге, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қар қиыршықтары бейнеленген суреттер, қысқы табиғат бейнеленген суреттер, ақ қағаздар, желім, слайд. Әдіс–тәсіл: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қане, орындарымыздан тұрып, шаттық шеңберін жасайық. Сәлем дейміз құстарға, Сәлем дейміз аңдарға. Сәлем дейміз апайға, Сәлем дейміз қонақтарға.

Балалар педагогты мұқият тыңдайды, бірге дұрыс орындауға тырысады. - Рахмет, ал енді отыруға болады. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?


- Иә, қыс мезгілі. Дала аппақ қарға оранды. Күн суытып, жиі - жиі боран соғып, қар жауып тұр.
Бүгін біз «Қар үлпектермен» танысамыз.
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
- Қар қандай екен?
- Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады.
- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.
- Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек.
Қар қалың түскенде жолдарды қар басып қалады. Сондықтан адамдар жолды қардан тазартып отырады.
- Ал, балалар, бүгін біз «Қар үлпектері» атты аппликациясын жасаймыз. Қар үлпектері туралы көптеген суреттер бар екен. Мінеки, балалар, мына суретке қараңдаршы, дала аппақ, қар жауып тұр, балалар таза ауада серуендеп жүр екен. Олар өздеріне ұнайтын ойындарды ойнап жүр.

- Балалар, сендер мен саусақ жаттығуын жасап, қол саусақтарымызды сергітіп алайық.



Саусақ гимнастикасы: «Санайық жаңаша» ( әр қолға жеке – жеке айтылады)

Бір, екі, үш! Желбіре жалауша, Достықта біздің күш. Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ, Бәрің қосам оң саусақ.

-Жарайсыңдар! Ал енді балалар жұмысмызды бастаймыз «Қар үлпектер» атты аппликациясын жасаймыз. Ал қазір сендерге парақтарды таратып қар үлпектерді жабыстырамыз

- Балалар, орнымыздаң тұрып шынығып алайық.


Сергіту сәті:

Аппақ, аппақ дала, Аппақ ауыл, қала. Жапалақтап ақша қар, Жауа берсін, жауа.

-Жарайсындар балалар шынығып, сергіп алдық, енді орнымызға отырамыз.

Дидактикалық ойын: « Аққала құрастыр»

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.

Ал енді аққалаға өзіміздің жұмыстарымызды көрсетейік. Ақ қала сендердің жұмыстарынды ұнатты, аққала сендерге сыйлықтар алып келді.

- Аққал қонақтар мен қоштасайық. – сауболындар дейміз.



Қортынды:

Балалар қар үлпектер түрлерімен танысу. Барынша өздігімен қар үлпектерді желімен жабсыру алуы. Еліктеуге, көзбен көріп және ұстап сезінуі арқылы барлық заттармен тактильді жанасуың қалыптастыру. Ұсақ моторикасын жетілдіру. Ескерту: Суық тиіп қалмас үшін қалың киіну керек.


Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?


- Иә, қыс мезгілі. Дала аппақ қарға оранды. Күн суытып, жиі - жиі боран соғып, қар жауып тұр.
Бүгін біз «Ақ ұлпа қармен» танысамыз.
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
- Қар қандай екен?
- Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады.
- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.
- Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз?
- Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек.
Қар қалың түскенде жолдарды қар басып қалады. Сондықтан адамдар жолды қардан тазартып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет