Сабақтық тақырыбы: «Аралас сандарды қосу мен азайту»



Дата30.04.2017
өлшемі106,31 Kb.
#15266
түріСабақ
Алматы облысы

Алакөл ауданы

Қарлығаш ауылы

Қарлығаш негізгі орта мектебі

математика пәнінің мұғалімі

Сайлаубекқызы Диана

Пәні: «Математика»

Сынып: 5

Сабақтық тақырыбы: «Аралас сандарды қосу мен азайту»

Сабақтың мақсаты: Аралас сандарды қоса білуге және азайта білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар аралас сандарды қоса және азайта алады

Ресурстар: 5 – сынып оқулығы, маркер, флипчарт, үлестірме қағаздар

Сабақ түрі: аралас сабақ



Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Уақыт

І.Ұйымдастыру

Сәлемдесу, түгендеу

Топқа біріктіру



Сәлемдеседі, бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.

Бөлшек атаулары бойынша топқа бөлінеді.






2 мин

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Әр топқа өткен сабақ бойынша картоцкалар таратады
«Ыстық орындық» сұрақ – жауап сайысы

оқушылар карточкадағы сұрақтарға толық жауап жазып, дәлелдеп шығады
Әр топтан кезекпен карточка алмаған оқушылар ортаға қойылған орындыққа отырып, қарсы топ сұрақтарына жауап береді.

Мұғалім ұпай беру арқылы

Бір дұрыс жауап 1 ұпай



3 мин

5 мин


ІІІ.Қызығушылықты ояту

1) Үлес дегеніміз не? Бөлшек дегеніміз не?
2) Бөлшектер неше топқа бөлінеді? Мысал келтір
3) Жай бөлшектерді қалай қосып азайтамыз?

1) Бүтіннің бірнешеге тең бөліктерінің әрқайсысы үлестер деп аталады.

Бөлшектер құрамына қарай екі топқа бөлінеді жай және аралас бөлшектер болып. Мысалы: жай , аралас т.с.с.

Жай бөлшектерді қосып азайту үшін біз бірінші ол бөлшектерді ортақ бөлімге келтіріп аламыз, сонансоң олардың алымдарын қосып немесе азайтамыз.


Бір дұрыс жауап 2 ұпай

3 мин

IV. Мағынаны тану

Жаңа тақырыппен таныстыру. Топ мүшелерінің функцияларын бөліп беру.

Тақырыпқа қысқаша түсінік беру




Сабаққа мақсат қояды. Топ мүшелері: автор, ұйымдастырушы, хатшы, баяндамашы, бақылаушы болып бөлінеді.

І топ: Аралас сандарды қосу

ІІ топ: Аралас сандарды азайту тақырыптарында «Аялдама» стратегиясы арқылы постер жасайды, ортада қорғайды


Мұғалім коментарий арқылы

Постер жасауға 7 мин
Қорғауға

4 мин


VI. Ой қозғау

«Өтірік-шындық» жекелей жмыс

1.Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін ортақ бөлімге келтірудің қажеті жоқ (-).

2.Аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек (+).

3.Бүтін бөліктерінің қосындысын ғана таба саламыз (-).



4. Аралас сандардың бүтін бөліктерінің айырмасы мен бөлшек бөліктерінің айырмасын жеке-жеке тауып, нәтижесін аралас сан түрінде алу керек (+).

Өтірік айтылған мәліметке «қызыл», дұрыс айтылған мәліметке «көк» жалаушаны көтереді

Ұпай арқалы

5 мин

VІІ. Бекіту

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы жаттулардың тақ тапсырмаларын орындайды

Фишка беру

8 мин

VІІІ. Үйге тапсырма

№1021, 1022, 1023

Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазады




2 мин

ІХ. Бағалау

Жинаған ұпайлары бойынша, топ басшыларының қойған бағаларын қрытындылау арқылы бағалау

Өздерінің мақсатқа жеткендерін қол шапалақтау арқылы бағалайды.




2мин

Х. Кері байланыс

Аралас сандарды қосу мен азайту

1.Аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек; 2. Аралас сандардың бүтін бөліктерінің айырмасы (қосындысы) мен бөлшек бөліктерінің айырмасын (қосындысын) жеке-жеке тауып, нәтижесін аралас сан түрінде алу керек




2 мин

ХІ. Қорытынды

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылар стикерге сабақ туралы өз ойларын жазып береді




2 мин


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет