Қысылған файлды жұмыс стеу үшін пайдаланбастан бұрын, оны ашу қажет. Мұрағаттан файлдарды шығарып алу үшін мына командаларды орындау керек:
Жетектегіш терезесін ашып Win Rar мұрағаттық файлды тауып, файлда тінтуірдің оң жақ батырмасын басып, Ағымдағы қалтаға, шығарып алу командасын таңдаймыз.
Ағымдағы қалтада, файлдардың тізімінің соңында мұрағаттан шығарып алынған файл пайда болады.
Ой сергіту. Сөз жұмбақ
Мәтіндермен программаларды тұрақты сақтауға арналған мәтіндер жиынын не деп атайды? (Файл)
ХVI –ғасырдың басында Шатландиялық математик Джон Непер қандай түсінік енгізді? (Алгорифм)
7 жыл бойы адамдар қандай машинаның көмегімен есептеулерді жасап шығарды? (Холлерид)
Компьютердің даму тарихындағы соңғы жаңалықтардың бір түрі? (Киілетін)
Желі ішінде басқа да компьютердің қызмет көрсету үшін оңтайландырған құрал түрі? (Сервер)
Осы өтілген жаңа сабақ бойынша тест тапсыру.
V. Жаңа тақырыпты бекіту: Жоспар бойынша берілген сұрақтарды пысықтап, өткен тақырыппен байланыстырып сұрақтарға жауап беру.
Спринт сұрақтар:
1. Архив немесе мұрағат дегеніміз не?
2. Мұрағаттың ең негізгі түрлері?
3. Мұрағат не себепті қолданамыз?
4. Файл дегеніміз не?
VI. Білімгердің білімін бағалау: Білімгерлердің өз білім дәрежелеріне сәйкес тиісті бағалар қою.
VII. Үй тапсырмасы: Лекцияны оқып келу. Архивтің түрлерін жаттап келу.
Достарыңызбен бөлісу: |