|
Бөлім:
|
Тізбектер
|
Педагогтың Т.А.Ә
|
Жабасова Қ.О
|
Күні:
|
13.12.21
|
Сынып: 9 «Г»
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Арифметикалық және геометриялық прогрессия
|
Оқыту мақсаты:
|
9.2.3.7 Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару
|
Мақсаты:
|
Арифметикалық және геометриялық прогрессия туралы білім, білік, дағдыларын сыни ойлау арқылы тереңдету, формулаларды есептер шығаруда қолдана алу дағдысын дамыту;
|
Ресурстар
|
Плакат,ромб, стикерлер, интерактивті тақта, таратпа
материалдар, Google disk қосымшасы
|
Сабақтың барысы:
|
уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
Қосымша -1
|
4мин
|
Сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбын атаймын. Мақсатымен таныстырамын.
|
Сұраққа жауап беріп, тақырыпты атайды.
|
Алдарына қойған мақсатын сұраймын.
Бағалау критерийлерімен, парақшаларымен таныстырамын.
|
Критерийлерді оқиды, ұстанады. Бағалау парақшаларын алады.
|
2мин
|
Топшаларға бөлу
Оқушыларға әр түрлі түсті қағаздарда сандар таратылады. Сандар арқылы тізбек құрулары керек.
Тапсырма: 2; 4; 6; 8;10;12,..
3; 9; 27; 81;243;729...
9,2; 7,2; 5,2; 3,2;1,2;-0,8...
1024;256;64; 16; 4; 1,,,
|
Фигуралардың түстері бойынша және құралған тізбек бойынша орындарына отырады.
|
Ой қозғау
Қосымша-2
|
4мин
|
Жұптық жұмыс
Әр жұпқа тапсырма беремін: арифметикалық прогрессия және геометриялық прогрессия.
|
Тізбек арқылы жұптар құрып, тапсырманы орындайды.
|
Дамыту
Қосымша -3
|
7мин
|
Топтық жұмыс
Формулаларды еске түсіру үшін «Ромб» тапсырмасын ұйымдастырамын.
Оқушылар өздері құрған тізбек бойынша тапсырма орындайды:
Тізбек прогрессия құрай ма?
Прогрессия болса, қай?
Бірінші мүшесін тап.
Айырымын (еселігін) тап
Жетінші мүшесін тап.
Он мүшесінің қосындысын тап.
18 саны прогрессия мүшесі бола ма?
Жалпы мүшесінің формуласын жаз.
|
Оқушылар стикерлерге жауаптарын жазып, «Ромбқа» жапсырады.
|
3мин
|
Әр топтан баяндамашы шығып, постерді қорғайды.
|
Әр топтан баяндамашы шығып, жазғаны бойынша таныстырады.
|
Есептер шығару
Қосымша-4
|
12мин
|
Жеке жұмыс
Деңгейлік тапсырмалары бар карточкалар таратамын. Орындап болған оқушы тақтаға шығып, орындаған есептерді көрсетеді.
|
Әр оқушы деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
|
Тест тапсырмасы Қосымша-5
|
9 мин
|
Жеке тапсырма тест жұмысын ұйымдастырамын.
|
Тест өздігінен орындайды.
|
Рефлексия:
Қосымша-6
|
2 мин
|
Бағалау парақшаларын толтырады.
-Қай тапсырма саған қиын болды?
-Өзің орындадың ба, әлде көмекке жүгіндің бе?
|
Оқушылар өткен тақырып бойынша өз ойларын стикерлерге жазады. «Сұрағы бар қорапшаға» салады.
Қосымша-5 орындайды.
|
Үйге тапсырма
Қосымша-7
|
|
Формулаларды жаттау, тапсырма парағы
|
|
Бағалау:
|
2мин
|
Критерийлер бойынша жинаған ұпай арқылы бағалаймын.
|
Критерийге сәйкес бағаланады.
|