Сабақтың тақырыбы: Ароматты көмірсутектер. Бензол



Дата26.08.2017
өлшемі108,22 Kb.
#29059
түріСабақ
Пән: __________ Күні:__________ сынып:______

Сабақтың тақырыбы: Ароматты көмірсутектер .Бензол

Білімділік мақсаты :Ароматты көмірсутектер туралы мағлұмат алу,оқушылардың танымдық тапсырмалар арқылы инновациялық ой-өрісін дамыту,ұшқырлыққа дағдыландыру болу табылады;

Дамытушылығы: өз бетінше жұмыс істеуге ,ізденушілік қабілетін дамытуға баулу; пәнге деген қызығушылығын арттыру,жауапкершілікті болу;

Тәрбиелігі: сыйластыққа, әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі : жаңа ұғымды меңгерту

Сабақтың түрі : аралас

Сабақтың әдісі : түсіндіру , тренинг , жұмбақтар ,сұрақтар ,СКТ

Көрнекілігі: интерактивті тақта,атом моделдері, презентация-слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Сыныптың сабаққа қатысын түгендеп,назарын сабаққа аудару және 3топқа бөлу: Алкандар, Алкендер, Алкиндер

Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым - зия
Жаңалып бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:


1. 
Көмірсутектер дегеніміз не, олар қалай жіктеледі?

2.Олардың бір- бірінен айырмашылығы неде?


3. Көмірсутек молекулаларының модельдерін дайындау (метан, этилен, ацетилен)

4.Мына айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар

CaC2 C2H2 CO2 CaCO3

 5. Көмірсутектегі көміртек пен сутектің массалық үлестері сәйкесінше 75% және 25%. Көмірсутектің оттек бойынша салыстырмалы тығыздығы 0,5. Заттың молекулалық формуласын анықтаңдар.


6.СaСО3 СaО СaС2 НС ≡ СН Н2CO3

 Жаңа сабақ:



І бөлім «Ой қозғау кезеңі» Сызықтық диктант. Иә+ жоқ-

1.С2H2-ацетилен

2.Этан-ацетиленді көмірсутектер

3. Көп күйе бөлмейді

4.Түссіз, иіссіз газ

5. Екі изомері бар

6.Металды кесуге пайдаланады

7.Кальций карбидінен алады

8.Қос байланысы бар

9.Сумен әрекеттеседі

10.Ацетилен алкиндер тобына жатады.
ІІ. Мағынаны тану

Молекула құрамында бензол сақинасы бар жалпы формуласы Cn H2n-6 болатын карбоциклді көмірсутектер.Оларды арендер деп атайды. Ароматты сөзінен ар-, молекуласындағы қос байланыста болғандықтан-ен жұрнағы жалғанады. Бұл қатардың алғаш табылған өкілдері хош иісті болғандықтан,гомологтық қатар осылай аталған.Ароматтылықтың белгісі – молекула құрамында бензол ядросының немесе бензол сақинасының болуы.


Сатылай кешенді талдау жоспары

1.Алынуы. Ацетиленнен 3 С2Н2 С6Н6

2.Жалпы формуласы Cn H2n-6

3.Физикалық қасиеті:Улы сұйықтық,өзіне тән иісі бар,түссіз тез оталатын, балқу т 5,5°С, қайнау т 80,1°С, буы ауамен араласып, қопарылғыш қоспа түзеді, судан жеңіл,суда ерімейді,

4.Бензолдың молекулалық формуласы С6Н6.

5.Жұрнағы "ен"

6.Химиялық қасиеттері: жану a ) 2C6H6+15O2 12CO2+ 6H2O

H2C

Pt H2C CH2

ә)қосылу реакциясы: C6H6+3H2

H2C CH2

H2C

циклогексан
б)орын басу реакциясы C6H6 + CI2 C6H5CI + HCI хлорбензол

7.Қолданылуы: өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын препараттар , бояғыш, қопарылғыш заттар алуда, дәрі-дәрмектер, улы химикаттар, органикалық еріткіш ретінде қолданылады

Қосымша хабарлама .Бензол өте көптеген органикалық қосылыстарды синтездеуге негізгі зат болады. Нитрлеу реакциясы арқылы нитробензол C6H5NO2 алады; бензолды хлорландыру арқылы, хлорбензол С6Н5Сl (еріткіш) және басқа да хлор туындыларын алады. Бензолды синтездегеңде дәрі-дәрмектік және хош иісті заттар, әр түрлі бояулар, үлкен молекулалы қосылыстарды және т.б. синтездеуге арналған мономерлер алу үшін бастапқы өнім ретінде пайдаланады. Ол еріткіш ретінде де қолданылып қасиеттерін жақсарту үшін мотор жанармайына қосылады.

Бензолдың және басқа да көмірсутектерінің хлор туындылары ауыл шаруашылығыңда өсімдіктерді химиялық жолмен қорғау құралы ретінде қолданылады. Мысалы, бензолдағы сутегі атомдарының орнына хлор басу нәтижесінде түзілетін өнім — гексахлор-бензол С6Н6 қатты қара күйеге қарсы бидай мен қарабидай тұқымын құрғақ өңдеу үшін қолданылады. Басқа көмірсутектердің галоген туындыларынан гексахлорбутадиенді C4Cl6 атауға болады, оның құрылысы, 1,3-бутадиенге ұқсас, жүзімдіктерде филлоксераға қарсы қолданылады.


 8.Экологиялық аспектілері:
Бұл ароматты көмірсутектер қоршаған ортаға  мұнай ингредиенттері және таза зат ретінде түседі. Қала атмосферасының ұшқыш ароматты көмірсутектермен  ластануы ең алдымен  транспорт құралдарымен байланысты және бұл қала ауасының  ластануының  50% құрайды. Қоршаған ортаның ароматты  көмірсутектермен ластануы  орман өрттері арқылы болады.Бензол ағаш немесе басқа органикалық қалдықтарды жаққанда түзіледі. Мысалы, 1 т бақтағы қоқысты өртегенде  шамамен 1,4 кг бензол бөлінеді.
Су бензолмен ластанған жағдайда  омыртқасыздар, балдырлар да зардап шегеді. Судағы концентрациясының 20 мг/л – ден асуы балықтардың қырылуына әкеледі.
Жоғары дәрежеде уланғанда  адамдардың  артериялық қан қысымы төмендейді, дененің дірілдеуі  пайда болады. Негізінен  адам ағзасына бензол тыныс алу  жолдары, ауыз су,  азық – түлік арқылы енеді. Ағзада бензол  сүйек майында , май ұлпаларында  концентрленеді, ал тотығуы бауыр мен сүйек майында өтеді.

Гомологы: толуол-метилбензол( C7H8)C6H5-CH3

Толуол — медицинада және медициналық өндірісте,сол сияқты кейбір дәрі-дәрмектерді даярлауда еріткіш ретінде қолданылатын, адам үшін уытты, оның жүйке жүйесін және қан жасау мүшелерін зақымдайтын хош иісті, көмірсутек.



Бекіту сұрақтары: (Интерактивті тақтамен жұмыс)
1. Нәтижесінде көмірқышқыл газы мен су түзілетінін ескеріп, бензолдың жану реакциясының теңдеуін жазыңдар.

2. Бензол (С6Н6) мен циклогексанның (С6Н12) толық жану реакцияларының теңдеулерін жазып, бөлінетін көмірқышқыл газының көлемдерін салыстырыңдар.

3. Көмірсутектердің қандай түрлерін білдік, әрқайсысына мысал келтіріңдер.
ІІІ бөлім. Есеп шығару бөлімі

Төмендегі берілген заттардың қайсылары ароматты көмірсутекке жатады:

а) С6Н12 ә) С6Н10 б) С6Н14 в) С6Н6
2. Мына айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулдерін жазыңдар және алынған заттарды атаңдар. С2Н6 →С2Н4→С2Н2→С6Н6→СО2
ІҮ бөлім Тренинг ойыны
Сенесің бе,сенбейсің бе ? «Иә» ˆ, «жоқ -» деп жауап береді.

1. Бензол улы сұйықтық

2.Ароматты сөзі-жағымсыз.

3. Бензолдан әртүрлі бояулар ,пластмассалар алынады

4. Ацетиленнен алынады

5.Халықаралық атауы-арендер

6.Молекула құрамында бензол ядросының болуы

7. Хлормен әрекеттеседі.

8.Толуол гомологы

9. Бензол-ароматты көмірсутек

10. Оттегімен әрекеттеспейді .
Ү.Бөлім Жұмбақ әңгіме
Мен туралы аңыз әңгіме көп. Өзіме тән иісім бар. Тез оталамын. Улы сұйықтықпын. Ольга деген орыс қызына үйленіп, әрекеттесемін. Мен Халықпен өте тығыз араласамын. Менен әр түрлі бояулар,дәрі-дәрмектер .пластмассалар ,қопарғыш заттар алады. Өзіме жақын досым бар-Толыбай.Құрамым бірдей.Мен және менің туыстарым кімдер?
Жауаптары : Ольгаоттек , Халық-хлор, Толыбай-толуол, бензол және оның гомологтары туралы айтылған.
ҮІ. Сөзжұмбақ шешу.

1.Қаныққан көмірсутектің 4-ші өкілі

2.Қанықпаған көмірсутектердің жұрнағы

3.Ароматты көмірсутек қалай аталады?

4.Мұнайдан алынатын өнім

5.Бензолдың туысы

6.Бензол қандай сұйықтық

Сөзжұмбақты шешкенде ароматты көмірсутектің өкілі аты шығады.


































 

Б

 

 
















Е

 










 

 

 

Н













 

 

 

З

 

 













 

О

 

 

 

 







 

Л

 












Жауаптары:

1-бутан , 2-ен, 3-арен, 4-бензин, 5-толуол, 6-улы


Сабақты қорытындылау. «Білімнің басы-бейнет, түбі-зейнет». Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, бағаларын беру.
Үйге тапсырма: § 45 оқу, оқулықтағы 8 – 10 есептерді шығару.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет