Сабақтың тақырыбы: Қарттарым аман жүрсінші Күні



бет1/2
Дата03.10.2024
өлшемі263,9 Kb.
#205586
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Қарттарым ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар
Тексерілді: ДТІЖО


Мектеп: Бейсенбай Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектеп



Мұғалімнің есімі:
Ақшора П.

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:

Қарттарым аман жүрсінші

Күні: 30.09.2024ж.

Сынып: 9 “Б”

Оқушы саны:

Сабақтың мақсаты







Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Сур
еттер,нақыл сөздер,мақалдар,өлеңдер,бейнематериал «Өлең сөздің патшасы»

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды қарияларды сыйлауға ,құрметтеуге үйрету.

Сабақ кезеңдері

Сабақ барысы

Басталуы
2мин

Ұйымдастыру кезеңі
.
-Ата,апа деп кімдерді айтамыз?
- Өз ата-әжеңді сипатта...

Тәрбиенің басым бағыты бойынша сабақ мазмұны Ортасы
20 мин

Қарттарым аман жүрсінші
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
Сондықтан ата-әжелеріміз аман болсын.Арамызда бас ие,басшы,ақылшы болып жүре берсін.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет