Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаттары: Білімділігі


Ақынның халықтық поэзия дәстүріндегі поэмалар қатарын атаңыз?



бет3/5
Дата18.06.2020
өлшемі25,42 Kb.
#73804
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қасым Аманжолов сабақ жоспары

5.Ақынның халықтық поэзия дәстүріндегі поэмалар қатарын атаңыз? «Оркестр», «Күй атасы», «Абыл», «Мерген», «Толағай», «Портреттер» т.б.

6.Ақынның ұзақ қаламгерлік сапарда дүниеге келген пьесаларын атаңыз? «Жалғыз ағаш орман емес», «Майра», «Көңілдестер», «Қыз бен солдат», «Сағынамын күн сайын» пьесалары.

7.Ә.Тәжібаев тұңғыш пьесасын кіммен бірігіп жазған? М.Әуезовпен

8Азамат соғысының аласапыран кезеңдерінен сыр шертетін, кезінде республикалық бәйге алған пьесасы? «Ақ қайың»

9.Өнер адамын арқау еткен драмалық туындысы қалай аталады? «Майра» драмасы.

10.Әбділда Тәжібаев қай жылы дүниеден озды? Ақын 1998 жылы дүниеден озды.

Тапсырма: Өлеңді жаттап алыңыз.

Сырдария

Білем сені, сүйем сені

Сырдың суы қарт анам.

Сенсің мені әлдилеген,

Туған сеннен мен балаң.

Сүйсе Гейне анам десе

Сүйген суы Рейнесін.

Сырдың суы туған ол да

Өз ақынын Гейнесін.

Жазса Тарас Днепрді,

Жазса Пушкин Еділді,

Неге маған жырламасқа

Сырда туған елімді.

Ел анасы – менің анам

Сырдың сұлу өзені.

Қуан, ана! Ақыныңның,

Келді жырлар кезегі.

Келдім бүгін көрдім сені,

Сүйсең, міне, маңдайым.

Құшағыңда отырмын мен

Көріп көзбен ел жайын.

Жасарыпсың қадірлі ана

Ақ түспепті шашыңа.

Емшегіңнен сүт кетпепті,

Жетсең-дағы жасыңа.

Қарт Днепр, ескі достың

Көремісің айбатын.

Электрі мың моторлы,

Асқан алып қайратын.

Сен де маған, жаным ана,

Днепрдей жарық бер.

Қол жетпеген көк жұлдызын,

Құшағыма алып бер.

Сол кезде де, жаным ана,

Өзіңменен тең болам.

Сырда туған Сырдың ұлы,

Жаңа Гейне мен болам.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет