Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаттары: Білімділігі



бет5/5
Дата18.06.2020
өлшемі25,42 Kb.
#73804
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қасым Аманжолов сабақ жоспары

Өлеңдері

Поэмалары

Пьесалары

Аудармалары

«Сарыарқа»

«Дауыл» «Ағайға»

«Бикеш» «Дариға, сол қыз» және т.б.

«Досымның үйленуі» «Аңқау Жүсіп» «Бикеш» «Құпия қыз» «Ақын өлімі туралы аңыз»

«Аңқау Жүсіп» «Досымның үйленуі» және т.б.

Д.Байрон , М.Лермонтов, А.Пушкин, Н.Некрасов, Т.Шевченко, В.Маяковский, А.Твардовский, Низами

4. Жаңа сабақты бекіту.

1.Ақынның «Өзім туралы » өлеңін әнімен орындау.

2Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өлеңге сатылай кешенді талдау жасау:

1.Авторы: Қасым Аманжолов

2.Тақырыбы: «Өзім туралы»

3.Жанр түрі: поэма.

Поэма дегеніміз -



4.Идеясы: Өзі жайлы, өмір мен өлім туралы, ақындық, оның мақсаты, болашаққа өсиет айтады.

5.Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Бұл өлең 25 шумақтан тұрады.

6.Тармақ – өлеңнің әр жолы, 100 тармақтан тұрады.

7.Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. Буын саны – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. 8 бунақты, 11-12 буынды.

8.Ұйқас түрі – қара өлең

3. Өлеңді мәнерлеп оқу (не айтылғанын сұрау)
4. Ақын өлеңдерінен әдеби теориялық ұғымдарды табыңдар.

5. «Бес жолды өлең» әдісі.

Зат есім (1)

Сын есім (2)

Етістік (3)

Синоним (4)

5 сөзден тұратын сөйлем жаз.



6. «Топтастыру» әдісі.
7. Жаңа сабақ бойынша қорытынды кесте толтыру :

Тапсырма: Сабақта алған білімдерінді кестеге толтырыңдар..

Даталар

Болған оқиғалар

Ақын шығармалары

Жинақтары:

Өлеңдері:

Поэмалары:

Пьесалары:

Аудармалары:



8. Инсерт әдісі бойынша қорытындылау

Не білдім?

Не білгім келеді?

Мен үшін жаңалық

5. Жаңа сабақты қорытындылау.

Қасым өмірді сүйген ақын.Майданда от кешкен, тұрмыс тауқыметін тартып, дертті болған ақын еш мойымайды, күйзелмейді.Сөзі тозған жоқ, өлеңі ескірген жоқ, уақытпен үндесе алмай жатқан жоқ. Қасым сол баяғы Қасым күйінде қала береді. Тахауи Ахтанов айтқандай «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деген. Қасымды өртке тиген дауылдай өлеңдерімен бірге арамызда жүр деп сезінеміз. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Алдағы уақытта ақын шығармашылығын құрметтеп, қажеттеріне жаратады деп сенемін. Ақын өлеңдерінің болашақ жастарға берері мол. Бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті. Сабақ аяқталды сау болыңыздар.


6. Үйге тапсырма: Оқулықтарыңыздан Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқып, қосымша мәліметтер арқылы дайындалып келу. «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау,поэтикалық тіліне талдау жасау

7. Бағалау

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбырайым «Қазақ әдебиеті» жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық, Алматы «Мектеп» 2007 жыл;

  2. Ә.Мұхтарова «Қазақ әдебиеті дидактикалық материалдар» 11 сынып, Алматы «Мектеп» 2007 жыл;

  3. Республикалық, ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал «Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту» №4-5 2012 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет