Байланысты: Қазақстан тарихы 6 сынып Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі Әдістемелік нұсқау 1-сабақ
Зерттеужәне талдау Оқушыларды 3 топқа біріктіріңіз. Әр топқа зерттеуге және талдауға арналған мәтіндері мен тапсырмаларын үлестіріңіз.
1-тапсырма 1-топ Қасым ханның билікке келу үдерісін (Қосымша 1) зерттейді.
Деректі талдауға нұсқаулық: 1. Қасымның хан сайлану себебін түсіндіру;
2. Қасымның хан болу үшін қандай қасиеттерге ие екенін анықтау;
3. Қасымның хан болып сайланғаннан кейінгі мақсатын сипаттау.
Дескрипторы: 1. Қасым сұлтанның хан сайлану себебін түсіндіре алады;
2. Қасым ханның жеке қасиеттеріне сипаттама береді;
3. Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы мақсатын анықтайды.