Қалыптастырушы бағалау. Әр топтан өз жұмысының нәтижесін сынып алдында қорғауды шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыруды талап етіңіз. Мысалы, постер, шағын баяндама, хабарлама түрінде. Үш топтың тапсырмалары әртүрлі болғандықтан оқушылардың бір-бірін мұқият тыңдауын қадағалаңыз. Сұрақтар қойғызып, талқылау ұйымдастырыңыз. Топтардың бірін-бірі бағалау үшін дескрипторларды беріңіз.
Интерпретация
Оқушыларды төмендегі 3 дейекке сәйкес дәлел келтіруге бағыттаңыз. Олар дәлелді сабақ барысында қолданған мәтіндерден немесе деректерден алуына болады.
Қасым хан – шебер дипломат
|
Қасым хан дала халқының дәстүрін сыйлаушы
|
Қасым хан Қазақ хандығының аумағын кеңейтті
|
Бұл тапсырманың мақсаты оқушыларды дәйек құра білуге және құрастырылған дәйекке сәйкес дәлел негізінде сөйлеуге дағдыландыру.
Рефлексия
Сабақты «Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды?» деп аталатын зерттеу сұрағына қайта оралып, оқушыларға:
- 2 сөйлем арқылы;
- 3 сөз арқылы;
- 1 сөзбен... қорытынды түйін айтуға мүмкіндік беріңіз.
Презентациядағы оқу мақсаттарына қайта орылып, оқушылардың барлығы оқу мақсатын игерді /игермеді көз жеткізіңіз.
Үйге тапсырма берілмейді
Достарыңызбен бөлісу: |