Сабақтың тақырыбы: Астана -бас қала. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/2
Дата06.05.2017
өлшемі281,24 Kb.
#15656
түріСабақ
  1   2
Сабақ жоспары

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 8.

Мерзімі:

Мұғалім: Масалимова Г.А.
Сабақтың тақырыбы: Астана –бас қала.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың берілген тақырып бойынша жан-жақты білімдерін кеңейту, толықтыру, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Жаңа сөздер үйрету. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.

Грамматикадан қаратпа сөзді меңгерту.



Дамытушылық: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сауатты жазу қабілеттерін, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: оқушыларды тапсырма орындату барысында ұйымшылдыққа үйрету. Өз елінің гүлденуіне септігін тигізетін тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту.

Сабақта қолданылатын қосымша жадылар: кесте, видео, суреттер, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сыныпта кім кезекші?

-Сабақта кім жоқ?

-Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)

III. Жаңа сабаққа даярлау:

-Сендер Астана қаласында болып көрдіңдер ме?

-Астана қандай қала?

-«Астана –арман қала» атты видеороликті тамашалау.

-Сонымен, кім айтады, біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?



IY. Жаңа тақырып:

Қаратпа сөз.

Қаратпа сөз – біреудің назарын өзіне, қарату мақсатында айтылған сөздер.



Айжан, сен Астана қаласында болып көрдің бе?

Асылзат, ертең киноға барайықшы.

Сен білесің бе, Мұрат, ертең біз сыныппен мұражайға барамыз.

Ауылдан әжем келді, Асқар.

1. Сөздікпен жұмыс:

а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу

б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату



ежелгі – древний мәдениет - культура

орталық – центр ескерткіш – памятник

көрші – соседи

2. Мәтінмен жұмыс:

-берілген мәтінді мәнерлеп оқып шығу

-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу

-мәтінді аударту



-мәтінді жалғастыру
Астананың ежелгі аты - Ақмола. Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан. Астана Торғай, Көкшетау, Павлодар, Жезқазған және Қарағанды облыстарымен көрші орналасқан. Мұнда сексен ұлттың өкілі тұрады. Астанада 25 қабатты «Интерконтиненталь» қонақ үйі, екі стадион, Конгресс-холл, мәдениет және демалыс саябағы бар. Мұнда үш жүздің төбе билеріне ескерткіш орнатылған. 10 маусымда 1998 жылы Астананың презентациясы болды.

................................................................................................................................




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет