Сабақтың тақырыбы: «Астана- болашақтың қаласы.»



Дата24.05.2017
өлшемі58,37 Kb.
#16765
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Астана- болашақтың қаласы.» ашық сабақ

Сабақтың мақсаты: Студенттердің білім деңгейін көтеру, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

Білімділік: Астана туралы білімдері мен түсініктерін кеңейту, практикалық жолмен меңгерту.

Дамытушылық: Алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында, қаламызды сүюге, бір- біріне көмек беруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: АКТ, сұрақ — жауап, ой — қозғау

Пәнаралық байланыс: музыка, орыс тілі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, тақпақ, бәйтерек макеті, мәтін.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Студенттер бүгін бізде ерекше сабақ, ашық сабақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше, сабақта тек қазақша сөйлеуге тырысайық.

Көңіл күй кезеңі. Көңіл күйлеріңізді көтеру үшін бейнебаянды тамашалайық! Бүгінгі саяхат сабағымыздың тақырыбы, әсем қала , бейбітшілік пен болашақтың қаласы - Астана қаласына арналады.

ә) Сабақтың мақсатын түсіндіру.



Оқытушы: Астана туралы кім қандай тақпақ біледі?

Олег: Астанам – жас қалам,

Мақтаныш – бас қалам.

Көңілде шырқалсын,

Шаттықты Астанам.

Паша: Сарыарқа төсінде,

Сән беріп Есілге,

Жас қала – Бас қала,

Астана өсуде.

Айбек: Киелі менің Елордам,

Арудай сұлу таранған,

Береке- бірлік, достықтың,

Тұнығынан нәр алған.

Бекзат: Жайнай бер , жаңа Астанам,

Ертегідей ғажап бас қалам,

Ынтымықтың тербеп бесігін,

Тәуелсіз ел көшін бастаған.

Оқытушы: Астананың символы не? ( Бәйтерек). Саяхат сабағымызда Бәйтеректің шамын жағумен бастайық.

Топтың атаулары.

1 топ: Оң жағалау. Сұрақ: Оң жағалауда қандай әсем ғимараттар бар?

2 топ: Сол жағалау. Сұрақ: Сол жағалауда қандай әсем ғимараттар бар?

ІІ. Жаңа сабақ

а) Мәтінмен жұмыс.(2 студент оқу )

Қазақстан Республикасының астанасы- Астана қаласы. Астана Есіл өзенінің бойында, Сарыарқа жерінде орналасқан. Аз уақыт ішінде қала танымастай өзгерді. 1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді.1998 жылы Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді.Астана -ең сұлу, бейбітшілік, болашақ қаласы.Астанада ғажап зәулім ғимараттар салынып жатыр.
ІІІ. Астанаға саяхатымызда бастайық!

1 Хан шатыр сауда- ойын-сауық орталығы. Хан шатыр сауда- ойын-сауық орталығының авторы британ суретшісі Норман Фостер. Ұзындығы 150 метр. Мұнда ботаникалық бақтар, кинотеатрлар, бассейн, голф алаңы, кеңселер, қонақ үй мен концерт алаңы бар. Орталық Азиядағы ең ірі ойын- сауық орталығы.Хан шатыр қаламыздың кез келген жерінен көрінетін ең жоғарғы нүктесі.

2.Астана -Бәйтерек монументі.

Бәйтерек монументі 2002 жылы 29 тамызда ашылды. Бәйтерек- өмір ағашы дегенді білдіреді. Бәйтерек жарқын болашаққа деген қмтылысты бейнелейді. Бәйтерекке самұрық құс жұмыртқа салады.Биіктігі 97 метр, шарымен 105 метр. Бірінші қабатында аквариум орналасқан. Жоғарғы қабатта Н.Ә.Назарбаевтың оң қолының таңбасы « Аялы алақан» композициясы бар. 2010 жылы 27 мамырында Өскеменде Бәйтеректің кішкентай көшірмесі орнатылды.

3. Бейбітшілік және келісім сарайы

Бейбітшілік және келісім сарайын британ суретшісі Норман Фостер салған пирамида. Биіктігі 62 метр. Сарайда опера залы, баспасөз орталығы, мұражайлар, кітапхана бар. Жоғары жағында конференсия залы бар. Республикалық, халықаралақ іс- шаралар өткізіледі. Пирамиданың төбесі түнде жарқырап тұрады. Пирамида діндердің, этностардың және мәдениеттердің символы.Пирамида әлемнің сегізінші кереметі атанды.130 көгершін суреті Қазақстандағы ұлт өкілдерін бейнелейді.

4. Ақорда.

Қазақстан республикасы Президентінің Ақордасы. Жалпы биіктігі 86 метр.2004 жылы 24 желтоқсанда ашылды. Ақ орда тәуелсіздігіміздің бейнесі. Бәйтеректен 300 метр жерде орналасқан. Ғимаратта кітапхана, Алтын зал, Мәрмәр зал, Күмбезді зал, баспасөз залы бар. Мәрмәр залда кездесулерде құжаттарға қол қойылады. Алтын залда мемлекет басшыларымен кездесу, келіссөздер жүргізіледі. Резиденция ақ және ашық түстермен салынған.
5. « Отан қорғаушылар» монументі.

« Отан қорғаушылар» монументі 2001 жылы 9 мамырды ашылды. Алтын тостаған ұстаған әйел бейнесі бейбітшілік пен өркендеудің символы. Монументтің биіктігі 24 метр, 63 тонна қоладан құйылған. Монументте мәңгілік алауы жанып тұр. Жауынгерлер мен қазақ батырлары бейнеленген. Монументтің айналысында саябақ бар. 7-9 мамырда іс- шаралар өткізіледі.
4. Сергіту сәті. «Астана» әнін айту.

Сөзі: Е. Шаймерденов Әні: М. Омаров

Ағылып Атыраудан, Алатаудан,

Көш қонды Қараөткелге таласа ауған.

Жайнайды Астана ару алқасындай,

Ғажайып ғимараттар жаңа салған.
Сарыарқа сауырында,

Ерке Есіл баурында

Келеді бой көтеріп арман қала.

Арман қала!

Асыл дала!

Жаңа астана! Астана! Астана!



5. « Аялы алақан » композициясы.

« Аялы алақан » композициясына студенттерге арман- тілектерін айтқызу.



Оқытушы: Елден береке кетпесін,

Колледжімізден мереке кетпесін,

Ф-12 тобының студенттері сияқты,

Алғыр студенттер көп болсын!

5. Бағалау:

6. Үй тапсырмасы. Мәтінді мазмұндау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет