Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы Сабақтың мақсаты: Елорда



бет1/2
Дата24.05.2017
өлшемі117,03 Kb.
#16774
түріСабақ
  1   2
Шымкент қаласы

34 жом



Мұғалім: Ертаева Айгерім Заурбековна

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы

Сабақтың мақсаты:  Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір – біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, диалогтік әдіс, суретпен жұмыс, эббингаузе, сәйкестендіру топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: тақта, суреттер, қосымша жабдықтар

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)

Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады, амандасу, қонақтармен амандасу


Психологиялық дайындық жүргізу.

–Балалар бүгін сабақта сендерге сәттілік  ,жақсы оқушы болуға  ,төрт пен бес бағаларын алуды тілеймін


- Бүгін сыныпта кезекші кім?

- Сыныпта кім жоқ?

Оқу құралдарын тексеру (оқулық, дәптер, қалам, сөздік дәптер)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5 минут) Қазақстан картасы 5-тапсырма

.Сұрақтар:

-Астана қайда орналасқан?

-Алматы қайда орналасқан?

-Атырау қайда орналасқан?

-Өскемен қайда орналасқан?

-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа шығамыз.

-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?

-Карта.


-Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.

-Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер? ( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)



Саяхат картасы

3.Пирамида

2. Бәйтерек 4.Ақ Орда

1. Вокзал 5. «Думан»

6. «Хан шатыры»

1-аялдама. «Вокзал» Бұл қай қала?

1-тапсырма. Суретке қара. Сұраққа жауап бер

2-аялдама.«Бәйтерек»



1. Мәлімет беру.



Астана қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы-Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ. Р Президенті Н. Ә. Назарбаев.

2- тапсырма. Тыңда, қайтала. Оқы.(бәрі бірге)

Мектеп, саябақ, «Думан» орталығы, музей, театр

3-тапсырма. Оқы.

Мынау –Астана қаласы. Астана –үлкен, әдемі қала. Астанада музейлер, саябақтар, театрлар, мектептер бар. Астанада «Думан» орталығы бар. Мен демалыс күні «Думанға» барамын.

Есте сақта! Театр-театрлар, музей- музейлер, сабақ- саябақтар, мектеп- мектептер



3-аялдама «Пирамида»

Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі  бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.

Тапсырма

Әр топ мәтін бойынша сұрақтар әзірлеп, кезекпен сұраққа жауап береді



Сергіту сәті

4-аялдама «Ақ Орда»



«Ақ Орда» Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш.м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.

5-тапсырмаОқы. Сәйкес суретті тап.



Астана қаласында саябақ бар. Астана қаласында музей бар. Астана қаласында «Думан» орталығы бар.

5- аялдама «Думан»

«Думан» ойын-сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны. 

Тапсырма. Толықтырып жаз.

Мен Астанада тұрамын. Үйім --------көшесінде. Үй------------қабатты. Менің пәтерім------қабатта. Пәтерімде--------------бөлме бар. (дәптерлеріне жазады. тексереді).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет