Сабақтың тақырыбы: Астана. Күләш Ахметова Сабақтың мақсаты



Дата24.05.2017
өлшемі0,69 Mb.
#16766
түріСабақ
Карабалина Маржан Куанышовна –бастауыш сынып

мұғалімі

Қарағанды облысы,Балқаш қаласы,Сәкен Сейфуллин атындағы

7мектеп- гимназиясы



Әдебиеттік оқу.2 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Астана.Күләш Ахметова

Сабақтың мақсаты:

1)Сабақтың білімділігі:Оқушыларға ақын Күләш Ахметованың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып,өлеңнің негізгі идеясы туған жерді сүю,қадірлеу екендігін ұғындыра отырып,оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу,білім алуғаталаптандыру.

2)Сабақтың дамытушылығы:Оқушылардың шығармашылық қиялын,жүйелі ойлау қабілетін,сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту.

3)Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу.Туған жерін,елін сүюге, табиғат әсемдігін таныта және қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:видиофильм,слайдтар,ребус,сюжетті суреттер.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі:түсіндіру,үйрету,сұрақ-жауап,ассоциация,ой-толғаныс,мадақтау.

Пәнаралық байланыс:дүниетану,музыка.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар бүгінгі біздің әдебиеттік оқу сабағымыз ерекше болмақ.Өйткені бізге сабағымызға қонақтар келіп отыр.Қазақ халқы қонақтарын ерекше сыйлап, бар жақсысын алдарына тосқан.Олай болса біз де салтымызға сай азамат екенімізді көрсетейік.Олай болса:

Мұғалім: Оқушылар:

Әрбір адам? Туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің? Тірлік,тірек,адамдық.

Әрбір сөзің? Шындық,бірлік, адалдық.

II.Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-«Кімнің мекені жақсы?» мәтінінің авторы кім?

-С.Жүнісов туралы кім айтып беремін дейді?

1.«Кімнің мекені жақсы?» мәтінін бөлімдер бойынша 3 қатарға берген болатын-

мын.Қане, кім бастап айтамын дейді?(3 баладан сұрау)

2.Қазір енді осы мәтіннің құрылымына құралған сахналық көріністі тамашалайық.

III.Жаңа сабақ:

-Жақсы балалар үй жұмысына жақсы дайындалып келген екенсіңдер,«Кімнің мекені жақсы?» мәтінінде айтылып отырған негізгі ой не?(туған жер,туған ел)

-Ендеше біздің туған жеріміз,туған еліміз қалай аталады?(Қазақстан)

-Ал Қазақстан туралы не білеміз? Қазақстан қандай ел?(тәуелсіз,егеменді ел)

-Дұрыс айтасыңдар, Еліміз егемендігін қашан алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

- Қазақстан Республикасының Президенті кім?(Н.Ә.Назарбаев)

-Жақында қандай мереке келе жатыр?(1желтоқсан-алғашқы президент күні)

-Иә,Республикамызда әр түрлі ұлттар тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

-Бүкіл әлем таныған «Лондон-2012»олимпиадасында Қазақстан нешінші орын алды? Неше алтын, неше күміс, неше қола алды?

-Осы Қазақстанымыздың бас қаласы қалай аталады?(Астана)

-Иә, Астана қаласы туралы толық мағұлмат алу үшін мына экранға көңіл аударайық.(Астана қаласы туралы видиофильм көрсету.Әрбір салынған зәулім де әдемі жерлері туралы айтып көрсету.)

- Олай болса, «Астана »өлеңімен танысайық.Бұл өлеңнің авторы Күләш Ахметова-1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан Республикасы, Талас ауданы, Киров ауылында дүниеге келген.Ақын, жазушы. Өлеңдері бірнеше тілге аударылған.

1.«Астана»өлеңін мәнерлеп мұғалімнің оқуы.

2.Оқушылардың шумақтап тізбектеп оқуы.

3.Өлеңмен жұмыс:

-4 тапсырмаға назар аударайық.

-Өлеңдегі ақын ойын сызбаға сүйеніп түсіндір.

А)Сарыарқа ә)Алатау б) Алматы

Алматы Астана

Есіл

Астана


Бәйтерек

А) Бұл жерде ақын ауызбірлікке,бейбітшілікке,егеменді ел болуға Отаныңды,еліңді қорғауға шақырып тұр.

ә) Алматы бас қала болған кезде де біз біраз жетістіктерге жеткенбіз.Ең бастысы тәуелсіздікке қол жеткізгенбіз.

б) Ақын өлеңдегі Алматы мен Астана сөздерін адамның көз жанарына теңеген,себебі Алматы мен Астана да Қазақстан Республикасының құтты мекені десек те артық айтқандық болмас.Алматы бұрыңғы тарихы бар астана болса,Астана қазіргі бас қала.Алматыда «Тәуелсіздік монументі» болса,Астанада 97 метр биіктікте орналасқан «Бәйтерек» монументі бар.

5.Өлеңнен осы сөздердің әрқайсысына қатысты жолдарды тауып, тұтастай оқы. М: Өз Астанаң өз қолымен соғылған.

6. Алматы мен Астана аттары неге қатар аталады деп ойлайсың? «Күн шұғыласы»ойыны. Алматы деген сөзді айтқанда көз алдыңа нені елестетесіңдер?



Овал 6 Тәуелсіздік монументі

Алатау тауы апорт алмасы

Алғашқы бас қала Медеу мұзайдыны

Мәдени орталығы

Сергіту сәті:Қазақ жері.Маржан Арапбаева

Дәптермен жұмыс:

Қарашаның жиырма екісі.

Астана.

Күләш Ахметова.



Шығармашылық жұмыс:

82-беттегі суретке зер салып қара.Сурет сенде қандай сезім туғызды?Ақынға ілесіп,суреттен алған сезіміңді өлеңмен жеткізіп көр.

Бәйтеректің басыны сен шықтың ба?

...


-Жақсы,енді сабақ басталғаннан бері туған жер, туған ел деп жатырмыз.Кім осы туған жерге, туған елге байланысты қандай мақал-мәтелдер біледі екен? Қане айтайықшы.

IY.Сабақты қорыту.

-Сонымен, балалар бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық?

-Ендеше,тәуелсіздігіміздің тірегі,еліміздің жүрегі-Астанамыз асқақтай берсін!



Y.Үйге тапсырма.

- «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу. «Астана-бас қала» атты эссе жазып келу.



YI.Бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет