Сабақтың тақырыбы: «Астрономия негіздері» тарауын қайталау. «Ғарышқа саяхат»



бет1/3
Дата21.01.2017
өлшемі5,32 Mb.
#7517
түріСабақ
  1   2   3
А. Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы.

«Ғарышқа саяхат»

Физика 9-класс

Пән мұғалімі: С.С.Киясова.
Сабақтың тақырыбы: « Астрономия негіздері» тарауын қайталау.

«Ғарышқа саяхат»
Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игеру, Жер бетінде ғарыштық мәліметтерді пайдалану, Кеплер заңдары, Ғаламшарлардың орналасуы, шоқжұлдыздар арқылы мінезді анықтай білу арқылы тарауды қалай меңгергендерін анықтау.

Көнекілігі: Слайд, реферат, ғарышкемелер суреті, тест тапсырмасы, дипломдар, сөзжұмбақ.

Барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Ғарышкерлер тағайындау-сұраққа жауап беру.

3. Сөзжұмбақ «Гагарин»

4. Рефераттар сөйлейді.

5.Сергіту сәті-«Шоқжұлдыздар арқылы мінезді анықтау»

6. Тест.

7. Қорытынды

Бүгін біз тарауды қайталау мақсатында Ғарышқа саяхат жасап ойын түрінде өткізбекпіз. Алғаш 1961 жылы 12 сәуірде Ю.Гагарин ғарышқа самғағаннан бастап дәл бүгінге дейін 54 жыл. Осы 54 жылда адамзаттың ғарышты игеруі қарыштап дамып алға басты, қаншама рет ғарыштық сапарлар жасалды. Сол сияқты біз бүгін ғарышқа саяхат жасап, белгісіз галактикалар мен ғаламшарларды, кометалар мен астероидтарды, жұлдыздар мен тұмандықтарды ашу үшін ғарышқа сапар шегеміз.

Ал қазір ойын шартымен таныстырайын. Бүгін бізге ғарышқа сапар жасау үшін 4 ғарыш кемесі ғана бар. Сол ғарышкемелерге отырып ұшатын ғарышкерлерімізді осы көрерменнің арасынан таңдап аламыз. Мына сұрақтарға кім бірінші болып жауап берсе, сол ғарышкер болып отырады. 5 сұрақ қойылады.

1.Қазақстандағы ғарыш айлағы (Байқоңыр)

2. Біздің галактиканың аты (Құс жолы)

3.Алғашқы Жердің жасанды серігі қай жылы ұшырылды (1957 жылы 4 қазан)

4. Күнге ең жақын ғаламшар (Меркурий)

5. Планеталардың қозғалыс заңы (Кеплер заңы)

Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар ғарышкемелерге келіп жайғасады.



  1. «Восток»

  2. «Восход»

  3. «Пионер»

  4. «Союз» ғарыш кемелері


Ойынның шарты мынандай:

Ойыншылар Жерден ғарышқа самғап ұшқанда бірнеше аялдамаларға тоқтайды. Сол аялдамалардағы сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы келесі ғарыштық сапарға аттанады. Кім жерден неғұрлым алысқа сапар шексе бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы сол болады. Сәт сапар ғарышкерлер!


1-аялдама «Жер»

2-аялдама «Марс»

3-аялдама «Юпитер»

4-аялдама «Сатурн»

5-аялдама «Уран»



Сұрақты таңдайық. «Марс»

1.Жердің Күнге ең жақын келетін нүктесі. (Перигелий)

2. Зенит дегеніміз не. (Аспан сферасының ең жоғарғы нүктесі.)

3.Әлемнің геоцентрлік жүйесін ұсынған астроном. (К.Птоломей)

4. Ең жақын жұлдызды ата. (Күн)


Сұрақты таңдайық. «Юпитер»

1.Шоқжұлдыздар деген не, қандай шоқ жұлдыздарды білесің. (Аспандағы жұлдыздардың нақты шекерасын қамтитын бөлігі. 12 шоқжұлдыз.)

2. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін ұсынған астроном. (Н.Коперник)

3.Надир деген не. (Аспан сферасының ең төменгі нүктесі.)

4.Эклиптика деген не. (Күннің жыл бойы аспан экваторындағы жүріп өткен жолы.)


Сұрақты таңдайық. «Сатурн»

1.Марс ғаламшарының серіктері нешеу, оларды ата. (Фобос, Деймос)

2.Ең үлкен алып планета (Юпитер)

3. Астрономияның негізгі құралын атаңыз. (Телескоп)

4.Күн атмосферасының құрылысы қандай. (Фотосфера, хромосфера, тәж)
Сұрақты таңдайық. «Уран»

1. Жердің Күнге ең алыс келетін нүкте. (Афелий)

2. 3рет ғарыштық сапарда болған қазақ ғарышкері.(Т.Мұсабаев. 1998,1999,2001 жылдары.)

3. Ғарышқа ең алғаш ұшырылған жануар. (Лайка)

4.Ғарыш кеңістігіндегі заттардың күйі (Плазма)
Рефераттар:

1.Кеплер заңдары-Қайыржанова Г



2.Аспан сферасы-Қайырболатов Е
«Шоқжұлдыздар сөйлейді» мұғалім төмендегі таблицаға қарап, баяндайды.

Тест тапсырмасы. «Астрономия негіздері» әр топқа беріледі.

Қорытынды. 6-тарау бойынша бүгін толықтай мәлімет алдық деп, сендердің жауаптарыңызға қарап айта аламын. Енді жақсы жауап бергендерге «Үздік ғарышкер», «Үздік шоқжұлдызшы»-дипломмен марапаттаймын, басқа оқушыларға баға қойылады.



Тобы

Шоқжұлдыз

дар атауы

Белгісі

Жеке мінездеме

Жалпы мінездеме

От


Тоқты



Белсенді, өмірге сеніммен қарайды, жігерлі, ширақ, мансапқұмар, шығармашылық қуаты мол, ашушаң, күйгелек.

Тоқты үшін өмір сүрудің өзі сүйікті іс болып табылады. Бірақ ол барынша белсенді, шытырман оқиғаларға толы жарқын өмір сүргенді қалайды. Спортты, биді, өмірі қызық және танымал адамдармен араласқанды ұнатады. «Өмір– қозғалыста» деген қағиданы ұстанатын Тоқты үнемі барлық жерге үлгеруді көздеп, жүгіріп жүреді. Ол–табиғатынан күрескер. Сондықтан өзіне біреумен немесе бір нәрсемен күреске түсуге болатын істі таңдайды. Қолы бос кезде ғаламторға кіріп, жарыс сипатындағы ойын ойнағанды жаны сүйеді.



Арыстан



Арыстан–нағыз шығармашылық адамы. Ол бос уақытын да соған байланысты істерге арнайды. Көбіне суретке түсумен, сурет салумен, ән салумен айналысады. Бұл жұлдыздық белгінің кей өкілдері зергерлік өнерге ден қояды. Арыстан бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырғанды ұнатпайды. Ол сүйікті ісіне ұйқысын да, бар бос уақытын да қиюға бар. Бос уақытында кітап оқығанды, жазба жұмысымен шұғылданғанды, кино көргенді ұнатады.



Мерген



Саяхат және жануарлар әлемі... Мергендердің көпшілігі осы екі салада өздерін жайлы сезінеді, жандары рахат сезімге бөленеді. Тағы біреулері шығармашылықпен айналысуды өмірінің мәніне балайды. әдебиет–олардың сүйікті ісі. Олар бос уақытында кітап оқығанды, ой–қиялға берілгенді, армандағанды жақсы көреді. Оның қолына шытырман оқиғалы кітап беріп қойсаңыз, ол бос уақытының қалай өтіп кеткенін білмей де қалады.

Жер



Торпақ


Тұрақты, сылбыр, келісімге келгіш, орнықты, шыншыл, қатал, жинақы, тапқыр.



Әдетте Торпақтың сүйіп айналысатын ісі қолөнермен байланысты болады. Тігін тігімен қатар гүл өсіруден де қашпайды. Ақша түрлерін, әртүрлі киім үлгілерін жинағанды жақсы көреді. «Уақыт жетіспеушілігі» деген ұғым Торпаққа тән емес. Ол мұндайды түсінгісі де келмейді. Егер сүйікті ісінің кесірінен маңызды кездесуге немесе жұмысқа кешігіп жатса, сүйікті ісін ойланбастан доғарады. Қалыптасқан күн тәртібін бұзбай, ештеңеден құр қалмай, барлығына үлгеріп жүру–Торпақ өмірінің басты шарты.


Бикеш



Бикеш–сегіз қырлы, бір сырлы жан. Оның сұйікті істері де әр алуан: музықа тыңдау, кітап оқу, тігін тігу. Ол өзінің жан–жақтылығымен айналасындағыларды таң қалдырып жүреді. Көбінесе күрделі іспен айналысқанды жақсы көреді. Көптеген Бикештер кітап жинаумен шұғылданады. Қонақтарын ерекше дәмді тағаммен тамсандырғанды ұнатады.

Тауешкі



Тауешкі жұмыс жасай отырып демалады және керсінше, демала отырып жұмыс жасайды. Оның сүйікті ісі әр алуан: суретке түсіру, сурет салу, тәтті тағамдар пісіру. Әдетте Тауешкінің сүйікті ісі оның қызметіне айналады. Мұндай үйлесімділік оның жан дүниесін тынышталдырып, әулеметтік тұрғыда да қанағаттандырады. Егер ол бір іске кіріссе, соған бар уақытын арнап, қызығушылығы басылмайынша қол үзбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет