Сабақтың тақырыбы Ат ер қанаты. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата12.05.2023
өлшемі1,95 Mb.
#176528
түріСабақ
Байланысты:
«Ер қанаты – ат» 3-сынып (копия)


Күні:

Муканова Ақмарал Ермекқызы







Пән

Әдебиеттік оқу

Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

Ат – ер қанаты.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.1.2 – шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын
тұрғысынан бағалап оқу.
3.2.8.1 – эпизодтарды салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды.
Көпшілік оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды.
Кейбір оқушылар: шығарма кейіпкеріне хат жазады.

Сабақтың барысы.

Сабақтың кезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Басы
10мин

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
-Салеметсіңдер ме оқушылар!
Қайырлы күн, қалдарың қалай? «Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.


- Үй тапсырмасын сұрау
«Ашық микрофон» әдісі арқылы

Мақалдарды толықтырып, тақырыпты табады



Жарайсың, балақай!



Микрофон







Ортасы
3мин
2мин

8мин


5мин

3мин
5мин


5мин


- Ой қозғау. Мақалды түсініп оқы. Пікір білдір.
Ат – ер қанаты.
Жылқы – малдың патшасы
Жылқының сүті – шекер, еті – бал.
Қазақ халқы жылқыны ерекше құрметтеген. Тарихымызға үңілейік


- ЖАЗУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Қастек Баянбай 1936 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Талдыбұлақ ауылында туған. «Балаларға базарлық», «Тәтті сабақ», «Асар» және т.б өлең жинақтарының авторы.
1- тапсырма. Өлеңді түсініп оқы. Қастек Баянбай «Атқа міндім» өлеңі «Стоп кадр» әдісі.
Шүу, жануар!
Бұл менің-алғаш атқа мінгенім.
Желдірмек боп атымды,
Қысып қалдым тақымды.
Атым желіп жөнелді,
Қайтсем екен мен енді?
Батылдық жоқ жаңағы,
Зәрем ұшып барады.
Қыза түсті құрғыр ат,
Құлақ кетті шыңылдап.
Ат жалына жабысып,
Қолым қалды қарысып.
Тізгін жоқ сол қолдағы,
Қамшым жоқ оң қолдағы.
Құламасам болғаны,
Жыламасам болғаны.
Дүңкілдетіп даланы
Атым шауып барады.
Күшімді сап ақыры,
Қыса түстім тақымды.
Жер шетіне жеттім бе,
Мен ештеңе білмеймін,
Жоқ,енді атқа мінбеймін.
Ақыры атым тоқтады,
Қарсыдан жел соқпады.
Қорқынышым басылды,
Біткен құлақ ашылды.
Сол манағы қалпында,
Киіз үй тұр артымда.
Атам да тұр орнында.
Құстай ұшқан сияқты ем,
Ұзамаппын бірақ мен,
Қорыққанымды жаңағы,
Жұрт білмесе жарады...

- Бала алғаш атқа мінгенде қандай сезімде болды?


- Баланың алғаш атқа мінгенін өлеңнің қай шумақтарынан аңғардың?
- Өзінің қорыққанын неге сездіргісі келмеді?
- Атқа мінгенде нені ескеру керек?
- Өлеңнен не түсіндің?Алғаш атқа мінген баланың жай-күйін қарасөзбен әңгімеле.


2 - тапсырма. Бір сәт атқа мініп, шауып келемін деп қиялда. Сезіміңді «Шуу жануар!» деген сөзбен және қимылмен көрсет.


3 - тапсырма. Сурет бойынша анықтап атау. Ат әбзелдеріне не жатады?



ТОПТЫҚ ЖҰМЫС
Балар қатар бойынша топқа бөлінеді
«Ер қанаты – ат» тақырыбына постер құрайды


ЖҰПТЫҚ ТАПСЫРМА
«Атқа міндім» өлеңіндегі сөздерді қолданып, өтірік өлең құрастыр сөздерді қолданып, өтірік өлең құрастыр



Стоп кадр әдісі арқылы өлеңді мұқият оқиды

Балалар сезімдеерің қимылмен көрсетеді

Қамшы,ер-тоқым,жүген


Балалар топқа бөлініп, постер құрады

Балалар өтірік өлең құрастырады



Керемет!


Тамаша!

Жарайсың, балақай!


Керемет!

Тамаша!


https://youtu.be/vL7YuacGyJQ

Оқулық
Әдебиеттік оқу. 2 бөлім Қабатай Б.Т
31бет

Постер парағы






Кері байланыс
4мин






Рефлексия: Ойды аяқта



Үй тапсырмасы: «Атқа міндім» өлеңін мәнерлеп оқу



Мен не үйрендім?
Не білдім?

Жарайсың!

Плакат

Мұғалім:
















































«Ер қанаты – ат»




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет