Кері байланыс: «Сөйлемді толықтыру» әдісі Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топқа шығарма үзінділері таратылады. Әр топтан бір спикер шығып, үзінді бойынша «Сөйлемді толықтыру» әдісі арқылы өз ойын айта бастайды. Топ спикері ойын аяқтағанда екінші топтың спикері оған қарсы сұрақтар қояды. Топ мүшелері рөлмен ауыса алады. Сұрақтар төмендегідей үлгіде болады.
Неге....
Мұны қайдан білесіз....
… үшін сізде қандай дәлел бар.
Сіз неге олай ойлайсыз…
Сіз келісесіз бе…
Түсіндіре аласыз ба…
… үшін не істеу керек?
Стикерлер
2.Қызығушылығын ояту 1-тапсырма «Жанды суреттер» Оқушылар үш топқа бөлінеді. Сынып қабырғаларына суреттер ілінеді. Оқушылар «Жанды суреттер» әдісі бойынша саяхатқа шығады.Суреттерді шығармамен байланыстыра салыстырып, толғаудың идеясы мен пафосын анықтайды.