Сабақтың тақырыбы Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы



бет2/3
Дата29.09.2023
өлшемі0,56 Mb.
#183073
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
№13 29.09

Сабақтың ортасы



3. Мағынаны тану.

2-тапсырма «Керемет пікірталас». Сынып оқушыларына «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауының нұсқасы таратылады, оқушылар нұсқаны оқып шығады. Толғауды оқып болған соң «Керемет пікірталас» әдісі арқылы бірінші жұппен «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауының мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қойып, пікір алмасады. Содан кейін бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әр топтан бір өкіл шығады. Әрқайсысы үстелдің үстіндегі бір қиманы таңдап алады. Топ мүшелерімен қима қағазда жазылған:«Күлдір- күлдір кісінетіп күреңді мінер ме екенбіз!?», «Күдеріден бау тағып, Қамқапты киер ме екеміз?!», «Төменде бидің кеңесін, Біз де бір құрар ма екеміз?!» жолдарының мағынасын ашып, «Толғаудағы көрініс тапқан ұлттық мүдде қандай?» деген сұраққа сыныппен жауап береді.
3-тапсырма. Оқушылар « Төрт сөйлем» әдісі арқылы ойларын жеткізіп айтады.
Пікір. Ақтамберді жырау толғауларында қазақ жеріндегі заман бейнесін көрсете алған.


Дәлел. ............................................................................................................


Мысал. ............................................................................................................
Қорытынды. ......................................................................................................
Ой толғаныс. «Автор орындығы» әдісі
Ақтамберді толғауының маңызын түсіндір.
Мен үшін маңызы ................................................................................................
Жастар үшін маңызы ...........................................................................................
Адамзат үшін маңызы .........................................................................................
Қабілеті жоғары оқушылар жырау рөліне еніп толғаудың маңызын салыстырып айтады.

Дескриптор:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіре алады.

1.толғаудың идеясы мен пафосын анықтайды;
2. ұлттық мүддемен байланыстырады;
3. заман сипатын бағалайды;
4. жырау стилімен айтады.

ҚБ

Сынып оқушыларына «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауының нұсқасы таратылады, оқушылар нұсқаны оқып шығады. Толғауды оқып болған соң «Керемет пікірталас» әдісі арқылы бірінші жұппен «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауының мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қойып, пікір алмасады.
Содан кейін бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әр топтан бір өкіл шығады. Әрқайсысы үстелдің үстіндегі бір қиманы таңдап алады. Топ мүшелерімен қима қағазда жазылған:«Күлдір- күлдір кісінетіп күреңді мінер ме екенбіз!?», «Күдеріден бау тағып, Қамқапты киер ме екеміз?!», «Төменде бидің кеңесін, Біз де бір құрар ма екеміз?!» жолдарының мағынасын ашып, «Толғаудағы көрініс тапқан ұлттық мүдде қандай?» деген сұраққа сыныппен жауап береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет