Сабақтың тақырыбы: Атом күрделі бөлшек. «Орташа салыстармалы атомдық массаны есептеу» тақырыбына есептер шығару



бет1/3
Дата11.09.2023
өлшемі227,01 Kb.
#180711
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1-сабак. Атом – күрделі бөлшек.


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Садыкова Жібек Жұмабайқызы

Пән/Сынып:

10 сынып ЖМБ

Қай аптаның нешінші сабағы

1- апта 1- сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

10.1 Атом құрылысы

Сабақтың тақырыбы:

Атом – күрделі бөлшек.
«Орташа салыстармалы атомдық массаны есептеу» тақырыбына есептер шығару



Оқу мақсаты:

10.1.2.1 «нуклидтер» мен «нуклондар» ұғымының физикалық мәнін түсіндіру;


10.1.2.2 табиғи қоспадағы химиялық элемент изотоптарының орташа салыстырмалы атомдық массаларын есептеу



Бағалау критерийі:

- «нуклидтер» мен «нуклондар» ұғымының физикалық мәнін түсіндіреді;
- табиғи қоспадағы химиялық элемент изотоптарының орташа салыстырмалы атомдық массаларын есептейді;



Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсатымен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету;
Бекітуге арналған тапсырмалар орындату; Тапсырмалардың жауаптарын жазу;

Жеке жұмыс
Оқу тапсырмасын ұсыну, оқушылар өз бетінше орындауы керек;

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты




Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?
Химия сабағынан атомның құрамы, құрылысы туралы оқып үйренуді жалғастырамыз.
Сабағымыздың тақырыбы:
Атом – күрделі бөлшек.
«Орташа салыстармалы атомдық массаны есептеу» тақырыбына есептер шығару

Бүгінгі сабақта:


Сенің білетінің:
• Атомдағы нуклондар мен нуклидтер
Сенің меңгеретінің:
• изотоптарды ажырату және табиғаттағы изотоптардың массалық үлестерін қолданып, атомның массасын есептеу



Бүгінгі сабақтың мақсатымен танысу




-

Презентация Слайд 1

Слайд 2


7-8 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру

Алдыңғы сыныптардағы атом құрылысы, құрамы туралы білімді еске түсірейік.




Сұрақтар:
Атом қандай бөлшек?
Атомды зерттеген кімдер?
Атомның планетарлық құрылысын жасаған кім?

Біз бүгін жаңа ұғымдар “Нуклон” және “Нуклид” пен танысамыз.


Презентациядағы видеоны ашып тыңдаңыздар

Атомдар өте кішкентай, диаметрі – шамамен 10−10 м, яғни 100 пм.


Атомда элементар бөлшектер: электрондар, протондар (p+) және нейтрондар (n0) бар. Элементар бөлшектердің өзіндік ішкі құрылымы болады, олар кварк деп аталатын, өз алдына тіршілік ете алмайтын бөлшектерден тұрады.
Ядро – оң зарядталған протондар (p+) мен электр нейтралды нейтрондардан (n0) (нуклондардан) құралатын оң зарядталған атомның ең ауыр, орталық бөлігі
Оң зарядталған ядро зарядының қосынды мәні протон санына сәйкес келеді. Электрон саны бөлек атомдарда протон санына тең. Протон мен нейтрондар (лат. nucleus – ядро) нуклондар деп аталады.

Массалық сан атом массасын сипаттайды. Себебі протон мен нейтрон массасы іс жүзінде тең болғандықтан, нуклон массасының орташа мәні шамамен массаның атом бірлігіне (1 м.а.б.) тең деп қабылданады. Массалық сан A массаның атом бірлігімен өрнектелген атом массасына тең болады. Ядродағы протон саны зарядтық сан деп аталады, Z әрпімен белгіленеді және элементтің реттік нөмірімен сәйкес келеді. Массалық сан A – бұл ядро нуклондарының жалпы саны, сондықтан A = Z + N. Бұдан нейтрон саны: N = A – Z болады. Элементтің массалық саны мен зарядтық саны әріппен белгіленетін химиялық элемент таңбасының алдында жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет