Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, жүрек қағысын(пульсін) тексеру. Сабақтың мақсатын түсіндіру .
Оқушыларды суреттер құрастыру арқылы топтарға бөлу. Әр топ өз беттерінше жалпы дене жаттығуын жасайды.
Алдынғы білім:
Берілген суреттер бойынша не ойлайсыз? Өткен тақырыппен байланыстырып көріңіз.
. Ойлан -талқыла
Әр топ кезекпен берілген суреттерге қарай отырып, қауіпсіздік ережелері сақталғаны\сақталмағаны туралы пікірлерін білдіреді.
|
Сабаққа қызығушылығы артады,көңіл күйлері жақсарады
Оқушылар суреттер бойынша екі топқа бөлінеді.
Кезекші бүгінгі күн туралы есеп береді
|
суреттер
|
Ортасы
|
«Асық ату» және «Бес тас» ойынының ережесін түсіндіріңіз және білім алушыларды топқа бөлу арқылы ойындарды ережесімен ойнатыңыз. Асық ойыны— қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады.
«Соқыртеке» — ұлттық ойын. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол устаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны apы қарай жалғаса береді.
Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың, не жігіттің көзін байлап, қолына бір метрдей жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол:
Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе сөзім жоқ.
Қайда кеттің қалқа жан,
Жетектейтін өзің жоқ.
Қолға түскен құтылмас,
Қала бермек көзім боп,
— деп таяғын өзі болжаған тықыр, дыбыс естілген жаққа қарай соза береді. Айнала трған ойнаушылар қашып жүріп:
Соқыр — соқырақ,
Оң көзіңе топырақ.
Топырағын алайын,
Тотияйын салайын
Саған бір ем табайын,
—деп келіп, «Соқыр текеге» тиіп қашып жүреді. Осылай ойнап жүргенде «соқыр текенің» қолына түскен ойнаушы ұтылады да, екеуі орын ауыстырады.
«Соқыр теке» мен оны түрткілеп қашып жүрушілердің өрісін мөлшерлеп сызып қояды.
Әр топ кезекпен берілген суреттерге қарай отырып, қауіпсіздік ережелері сақталғаны\сақталмағаны туралы пікірлерін білдіреді.
|
Сұрақтарға жауап береді,кезек-кезек тақтаға шығып жұлдызшаларын іледі, жаңа сабақтың тақырыбын болжайды
|
Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік.
Мұғалімге арналған ысқырғыш. Кубиктер, арқан, гимнастикалық таяқтар.
|
. Бағалау
|
Формативті бағалау.
Оқушыларды әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағамен бағалап отырады.
1. «Қол шапалақтау»
2. «Бағдаршам»
3. «Парталас көршіңе арнап бір тілек таңда»
4. « "Қолмен белгі беру"
әдістері бойынша бағалайды.
|
Оқушылар әр тапсырмадан кейін бір-бірін қалыптастырушы бағамен бағалап отырады.
Сабақ соңында
өз-өздерін бағалайды
|
«Қол шапалақтау»,
Бағдаршам»,
«Парталас көршіңе арнап бір тілек таңда»
«Шоқ жұлдыз»,
"Қолмен белгі беру"
|