Ортасы
|
Жаңа сабақ. Ойын техникасының дағдысын дамыту
Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын.
1 . Екі қолмен кеудеден лақтыру. Бастапқы жағдайда доп кеуде тұсында болады. Бір аяқ ептеп алдыға қойылуы мүмкін. Аяқтар ыңғайлы, орнықты жағдай жасап тұру керек. Денеге жоғары бағытталған қозғалыс беретін аяқтың созылуымен қатар олар жоғарыға қарай созылуы керек, допқа доға тәріздес траектория жасалу керек.
2 . Бір қолмен иықтан беру. Бастапқы жағдайда доп иық тұсында бір қолдың білезігінде болады. Екінші қолы оны демеп тұруы мүмкін. Кезену кезінде баскетболшы доп беретін жаққа қолы бұрылып дененің қарсы қимылмен қолды алдыға созып допты қажетті бағытқа жібереді. Бастапқы жағдайда доп беретін қолмен әр аттас аяқ алға қойылады.
3 . Жоғарыдан бір қолмен беру. Доптың бастапқы жағдайы, бір қолының білезігінде. Алға қозғалғанда қол жазылады да, білезік допты орап, берілімді аяқтайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |