Сабақтың тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла! Сабақтың мақсаты: Білімділік: балаларды ғаламшар,табиғат жалпы жер әлемі туралы



бет1/3
Дата12.09.2020
өлшемі58,5 Kb.
#63641
түріСабақ
  1   2   3

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылы

Бастауыш сынып мұғалімі: Шонабаева Азиза Еруовна

Сабақтың тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла!

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: балаларды ғаламшар,табиғат жалпы жер әлемі туралы

білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Шығармашылық әңгімелеу қабілеттерін ойлау,

сөйлеу процесін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғат құбылысының әсемдігін көре білуге, қабылдауға,

оған қамқорлық аяушылық жасауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Слайд, суреттер, қанатты сөздер

Сабақтың барысы:

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол – сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайақ жүрек нұрын бәріміз.

Құрметті ұстаздар және оқушылар!

Бүгінгі «Аяласаң, табиғатты аяла» атты тәрбие сағатымызға қош сабағымызға қош келдіңіздер!

Ой қозғау

Мұғалім: Жазда барып өзеннің

Жағасына бөгелдім,

Кім айтады, кәнекей,

Ол жерден мен не көрдім?

Жауаптары: тау,өзен,ағаш,құстар,гүлдер т.б.

Мұғалім: Жазда тауға өрмелеп,

Шаршап талай бөгелдім.

Жан-жағыма мен кенет,

Қарап едім не көрдім?

Жауаптары: Табиғат

Мұғалім: Дұрыс балалар

Табиғат, Жер-Ана, Отан, туған жер, атамекен деген сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да, қасиетті, бір-

бірімен мағыналы, мазмұны бай сөздер. Адамның өзі сол Табиғат пен

Жер-Ананың перзенті. Табиғат пер Жер-Ананы сүйе білу, оны аялау әр адамның азаматтық борышы.


Бабалар табиғатты аялаған,

Малын бағып, бауырын саялаған.

Табиғатты анаңдай ардақ тұтып,

Қамқорлығын ешқашан аямаған,-дей отырып,«Аяласаң, табиғатты аяла!» атты кешімізді бастаймыз.


Хор: Армысың, шапағатты күйіміз,

Армысың, мейрімді жеріміз,

Армысың, табиғат-анамыз,

Келді Сізге өзіңіздің балаңыз,

Р.Диас: Табиғат, сен –трішілік тұнып тұрған,

Сен – күнсің, көтерген күліп қырдан,

Ализа: Сен – көлсің,

Қайрат: Сен – ормансың,

Хор: Адамға сұлулықтың нұрын ұқтырған.
Хор: 2030-дың біз барысым

Жетістікке бастайды ісіміз.

Өркениетті елімді көркетейін,

Табиғатты аялау парызымыз.

2-Оқушы.Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір деп алып, одан қамқорлығын аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы.

3-оқушы.

Егер өсімдіктерді ысырапсыз пайдаланса, олар азайып кетеді. Өсімдіктерд

ің 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілген.

Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинауға болмайды.

Жасыл бағымызды, байлығымызды қорғау керек.

4-оқушы.

Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкеміздің өсімдіктерін

біліп, оларды қорғауға шақырамын.

Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,

Айналсын құтты қоныс тұрағыңа
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ.

Бөленіп күннің нұры шуағына.


1-оқушы.

Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар. Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктерді. Олар-біздің қанатты достары-

мыз.

2-оқушы.



Олар – табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі.

Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр

ұлдар сұңқарға, ару қыздар аққуға теңеген.

3-оқушы.


Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды.

4-оқушы.


Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.

Ойын «Ойна да, ойла!»

«Егер де не болар еді» ойыны:

Егер де жер болмаса, не болар ед?

Егерде су болмаса, не болар еді?

Егерде ауа болмаса,не болар еді?

Егерде күн болмаса,не болар еді?

Білгенге маржан

Табиғат болжамдары

Мысық бұйғып ұйықтаса, күн суық болады

Құстар бірігіп ұшса, жаңбыр жауады

Жаңбыр көп жауса, көк мол болады

Ит ұлыса, жамандық шақырады

Егер қазан айындакүн күркіресе, қыс қысқа болады

Құрмен Шіл қар астында қорғалдаса, кешікпей боран соғады

Жазды күні құйын көп болса, қыс қатты болады

Тыйым сөздер, мақал-мәтел

Малды санама

Егінді, шалғынды баспа

Ақты төкпе

Құстардың ұясын бұзба

Айға қолынды шошайтпа

Аққу құсты атпа

Жұлдызды санама

Өсіп тұрған ағашқа балта тигізбе

Ит тойған жеріне,

Ер туған жеріне

Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық

Көлінен безген қаз болмас,

Елінен безген ер болмас

Отансыз адам, ормансыз бұлбұл

Ел көркі- мал,

Өзен көркі –тал.
«Сен маған, мен саған» дәл сұрақ-нақ жауап

Осы кезде журналист келіп, сұрақтар қояды.




Каталог: uploads -> doc -> 0fd9
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fd9 -> Тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет