«Ойна да ойла» Не жаман? Не жақсы?
1.Ағаш отырғызу------
2.Суды ластау----------
3.Құстарды өлтіру-----
4.Гүл егу-------
5.Суға түкіру-----
6.Ағаштарды күту-----
Осы ойыннан кейін қандай шешім қабылдайсыңдар.
«Мен қабылдайтын шешімдер»
-Мен, табиғатты аялауға уәде беремін.
-Мен, ауаны ластамауға шешім қабылдадым.
-Мен, ағашты сындырмауға шешім қабылдадым. т/б.
«Мейірімді жүрек»
Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларын үйрендік. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.
Ол бізге дем алсын деп ауа берді, ішсін, бар қажетіне жаратсын деп мөл-
дір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады,орман-тоғайларымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттің
бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан, кең болса ,жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Жан-жануар,Қыбырлаған тіршілік,
Орман-тоғай,
Теңіз, мұхит шалқыған.
Жапан түзде өсіп тұрған бір шыбық,
Аман болғай, ақ айдындар толқыған.
Мінекей,балалар,бізді қоршаған орта табиғатты қорғау-әрқайсымыз-
дың міндетіміз.Сондықтан барлығымыз бір кісідей атсалысып,Жер ананы қадірлеп қорғай білейік.Табиғат-біздің байлығымыз.Табиғатымызды аялайық,көркейтейік,гүлдендірейік.
Ш.Аймауытов «Экологиялық проблемалар ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы болып отыр» деген екен.
Оқушылар барлығы бірге:
Бұл күнде көзім ашық сауаттымын,
Білемін табиғаттың қуат-құнын.
Ғалам мен келешектің алдында мен,
Тіршілік үшін әр кез жауаптымын.
Достарыңызбен бөлісу: |