Жасыл ел бағдарламасынан келген журналист
Айналадағы қоршаған ортаның әсері адам денсаулығын нығайтып, еңбекке деген ынтасын арттырады, организімнің үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызып, жан- жақты тиімді пайдалануға ықпал жасайды. Адам табиғат пен Жер-Ананың төл перзенті. Табиғат тіршілік көзі сондықтан да табғи заңды қатаң сақтау керек.
Осы тақырыпта Қадыр Мырза Әлінің мынадай өлең :
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа далаберген секілді,
Еркелікті,ерлікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір ,көлден алған секілді.
Ал, балалар сендер «Жасыл ел» туралы естігендерің бар ма?
Диас: Жас табиғат қамқоршылары жиналған топ «жасыл ел» деп аталады.
Журналист: Жасыл ел тобын құрған адамдар немен айналысады?
Қайрат: Олар « таза болса табиғат,аман болар адамзат» деген ұранмен, адамдардың таза ауамен тыныстап, жаны,тәні сау болып салауатты өмір
сүру үшін жұмыстар жүргізеді.
Журналист: Адам денсаулығын жақсарту үшін ,табиғат аясында қандай жұмыстар атқаруға болады?
Бақдаулет:Ол үшін жұмысты тазалықтан бастауымыз керек.Табиғат тазалығы –адам денсаулығының кепілі.Арықтарды тазалау ,ағаштарды актеу,қопсыту, гүл,ағаш егетін жерлерді дайындау.Тазалық болған жерде ағаштар да,гүлдер де,жайқала өседі.
Журналист: Рақмет.
Қазақстанда Қызыл кітап1978жылы басылып шықты. Оған Республикамыз сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар
мен өсімдіктер енгізіліп, қорғауға алынды.Алсіз не дейсіз хайуанаттар бағында Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар бар?
Директор: Бізде сирек кездесетін жануарлар және жойылып бара жат-
қан жануарлар өте көп. Бұлар:барыс, ақбөкен, қабылан, кішкентай аққу,
ергежейлі қосаяқ,кішкентай аққұтан және тағы басқа көптеген түрлер.
Журналист:Ал қандай жануарларға жойылып кету қаупі төніп тұр.
Олар паркте бар ма?
Директор: Иә,бар.Бұл жануарлар қорғауға алынған.Мысалы,тау арқары.
Біз олардың тұқымын көбейтумен айналысып жатырмыз.Қанаттылар-
дың ішіндегі үлкені бүркіт те-жойылып бара жатқан түрдің бірі.
Біз осылардың барлығының жойылып кетпеуі үшін бар жағдайды жасау- дамыз.
Журналист: Рақмет. Еңбектеріңіз жемісті болсын.
Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе
жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек.
Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі
Шығармашылық тапсырма
«Егер табиғатқа тіл бітсе...»
Диктафоннан табиғатты тіл қатады.
«Ей, адамзат баласы!» Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тонғаныңда күн шуағыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаныңа
сая болдым.Мөлдір, таза ауаммен дем алдың. Жер-Ана сені асырады,
бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен
сұлулықты,әдемілікті сезіндің!
Менің сендерге айтарым ауамды ластама!
Суым тартылып, орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қашып кет- песін.Даланы әсем әнге бөлеген құстарым,балықтарым жағада өліп жат- пасын!Жайқалған орманымның ағаштарын есепсіз кеспеңдер.Соның салдарынан қалаңда азынағанжел соғатын болады. Аспанға құм ұшса
оның қанша зияны бар. Егер ұрпағыңның қамын ойласаң, орманыңды қалпына келтір, адамзат!Сен бүгін менен бәрін алып алсаң, болашақ
ұрпағың қалай күн көреді? «Судың да сұрауы бар»
Оқушылар эссе жазады.
«Табиғатқа қамқорлық керек...» Өйткені...
Достарыңызбен бөлісу: |