Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі, мазмұны Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға



Дата23.05.2017
өлшемі100,81 Kb.
#16574
түріСабақ
03.10.2015

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі, мазмұны

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға «Аяз би» ертегісі туралы түсінік беру, мазмұны мен құрылымын талдату.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, татулыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.


І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару


1.Ер Төстік ертегісі туралы түсінік

2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.




ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

«Аяз би» ертегісі

Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.

Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне-өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.

Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды.


ІV. Кітаппен жұмыс

1«Аяз би» ертегісінің жоспары



Ертегінің жоспары



Ертегінің жоспары

1

Ханның үш жаманды табуға уәзірлерін жұмсауы.

1

Ханның үш жаманды табуға уәзірлерін жұмсауы.

2

Жаманмен кездесу.

2

Жаманмен кездесу.

3

Тұлпардың сыны.

3

Тұлпардың сыны.

4

ГауҺар тас сыры.

4

ГауҺар тас сыры.

5

Меңді қыздың шарты.

5

Меңді қыздың шарты.

6

Жаманның сертке беріктігі.

6

Жаманның сертке беріктігі.

7

Барсакелмес уақиғасы.

7

Барсакелмес уақиғасы.

8

Аяз би.

8

Аяз би.

2«Аяз би» ертегісінің кейіпкерлері:



Кейіпкерлер

Кім?



Кейіпкерлер

Кім?

1

Жаман (Аяз би)

басты кейіпкер

1

Жаман (Аяз би)

басты кейіпкер

2

Меңді

Уәлі бидің қызы ,Жаманның жары

2

Меңді

Уәлі бидің қызы ,Жаманның жары

3

Мадан ха

Сол елдің ханы

3

Мадан ха

Сол елдің ханы

4

Уәлі бай

Мадан ханға пара-пар бай

4

Уәлі бай

Мадан ханға пара-пар бай

5

Зәрлі хан

Мадан ханның атасы

5

Зәрлі хан

Мадан ханның атасы

6

Ақша хан

Мадан ханның құдасы

6

Ақша хан

Мадан ханның құдасы


Мазмұны:

Ертеде Мадан деген хан және оның 40 уәзірі болыпты.Хан уәзірлеріне дүниедегі адамның,құстың, шөптің жаманы тауып әкелуін бұйырып, он бір ай уақыт беріпті. Уәзірлері шөптің жаманы деп «шеңгелді»,құстың жаманы деп «қырығауылды», ал адамның жаманы деп тауда жүрген жыртық тоны ,тері тымағы бар бір адамды алып келеді. Оның аты-Жаман... (Аяз би жаманұлы)

Жаман уәзірлерге қырығауыл мен шеңгелдің орнына қара қоға мен сауысқанды алдыртады.Хан мұның себебін жаманнан сұрағанда, Жаман былай дейді: «Шеңгелді әкеп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеге дейін сексеуілдің шоғындай болады. Ал қара қоғаны жаман дегенім отқа жақсам жанбайды, күлі бұрқырап үйдің ішін алып кетеді және малға берсең жемейді. Қырғауылдың жүні жоқ болса да қанаты бар, адамның пайдасына жарайтын құс. Ал сауысқан болса, жүні ала болғаны сияқты, өзі де ала ,бірлігі жоқ.

Хан өзінің тұлпарын Жаманға сынатады. Судан өткенде, аузын суға малып, артқы аяғын сілкіп өтетін аттың сиырға шатыс екенін айтады.

Енді хан гауһар тасының қандай қасиеті бар екенін сұрайды. Жаман тастың ішінде көз тиіп түскен екі құрттың бар екенін, екі жылдан кейін тесіп шығатынын айтады.

Енді хан өзінің неше атасынан бері хан екенін сұрайды. Жаман оның аталарының хан болмағандығын, хандық қара басында екенін айтады. Хан ашуланып шешесін шақыртады. Сонда шешесі барлық шындықты айтып береді.

Жаманды Уәлі байдың қызы Меңді сынау үшін жеңгесінен гауһар, пышақ, тәрелке және қайрақ тас беріп жібереді және балға мен тас береді.Жаман қыздың берген тәрелкесін уатты, пышақты жетесінен сындырды, гауһар тасты қақ жарып қызға жібереді. Сонда қыз: «іздеген кісім осы» деген екен. Жаманның бұл ісіне іші күйіп, жендеттерін жіберіп,хан ордасына алдырады. Жаманды «Барсакелмеске» жібереді. Содан кейін хан қызға Жаманның енді келмейтінін, өзінің қолына алып бағатынын айтады, бірақ қыз ханға бармайды. Жаман аман-есен келіп,ханды ақылымен, көп білетіндігіменжеңеді. Халық сонда Жаманды хан тағына отырғызады, «Аяз би» деп ат қойып, сол аты өле-өлгенше қалыпты. Ордасының маңдайшасына жыртық тонымен жаман тымағын шегелеп іліп қойыпты. Соған қарап Аяз би: «Әй, Аяз ,баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл,құмырысқа жолыңды біл!» -дейді екен.

Тарихи дерек:



Аяз би Жаманұлы (шамамен XII — XIII ғасыр) Аяз би Жаманұлы — қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа "Аяз би" ертегісі мен "Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл" дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі дерек бар. Майқы би Ман баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің "Түп-түқияннан өзіме дейін" ("Жалын", 1993 ж.) дейтін кітабында Аяз биді және оның серігі Құмырсқа батырды "Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Манұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билері еді", — деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Манұлыныңзамандасы, тұстас боп шығады. Ал зерттеуші Балтабай Адамбайұлының "Алтын Сандық" атты (1989 ж.) кітабындағы шағын мөліметте Аяз би — Хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи адам деп, оны ХӀ-ХӀӀ ғасырға жатқызады. Бұл - әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе. Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір-қасиеті жөнінде қазақ энңиклопедиясында былай жазылған: "Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы — қоға, құс жаманы — сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен қүтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді".Майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел өулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. Олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал-шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырска деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық кұрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді екен. Ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі-жиі ақылдасып, ой-пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті: Билер бүгін Майқының алдын кесесің, Ертең жұрттың төбесін тесесің. Майқының да айтатын кебі бар, Айтуға аузының да ебі бар. Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс, Әзір сөзімде болмас бүрыс, Ақылым алжыған жоқ, Ондайды болжағам жоқ, Орынсыз ауыз ашсаң, Екі би басарсың шоқ. Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл. Ел арасында "Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл" деген нақыл сөз содан қалса керек.

V.Сабақты бекіту.

Оқушылардан  үй тапсырмасын сұраймын:

«Интервью» стратегиясы арқылы

А) Оқушылардан ертегі желісі бойынша құрған жоспарларын сұраймын;

1. Уәзірлер не үшін шөптің жаманы деп шеңгелді алды?

2. Уәзірлер не үшін Жаманды адамның жаманы деп шешті?

3. Уәзірлер неліктен құстың жаманы деп қырғауылды таңдады?

4. Жаман гауһар тастың ішінде құрт барын қайдан білді?



5. Жаман тұлпардың сиырға шатыс екенін қайдан білді?

6. Жаман ханның наубайдың баласы екенін қайдан білді?


VI.Үйге тапсырмка:

«Аяз би» ертегісін оқып келу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет