Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдебиетінің әлем әдебиетіндегі алатын орны



Дата07.02.2022
өлшемі16,01 Kb.
#96992
түріСабақ
Байланысты:
ЖКТС


Мерзімі: 10.11.2020.


Тобы:
Пән: қазақ әдебиеті
Оқытушының аты- жөні:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдебиетінің әлем әдебиетіндегі алатын орны
Сабақтың мақсаты міндеттері: Білімділік: Қазақ әдебиетіндегі әлем әдебиетіндегі алатын орнын түсіндіре отырып, тақырыптық негізін, ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасын ой астарын түсіндіру.
Дамытушылық: Қазіргі қазақ әдебиетінің арғы тарихын білу, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
Тәрбиелік: Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, рухани имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, салайд бойынша түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: сұрақтарға жауап алу
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
(2 минут)
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі алатын орны , сол бойынша сұрақтар қою.
Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер?
1Егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өз ара сенімде азат өмір сүру таңдауды.
2Туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмыс таңдауы.
3 Өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті қай жылдары бас көтерді ? 20 ғасырдың 90 жылдары
Осы жылдары қандай драмалар шықты ?
Ұлттық драматургияның ең басты нысаны болған Кекілбайевтың «Абылай ханың» М. Байсеркеновтың«Абылай ханның ақырғы күндері» тарихи драмалары ендіғана тәуелсіздік алған елдің егемендігін сақтап қалудағы қиын күрестің тірегін іспет болды.
ІІІ Жаңа сабақ - талдау сабағы: Қазақ әдебиетінің әлем әдебиетіндегі алатын орны.
Әдебиет- араб тілінен енген сөз- асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Біз оны көркем әдебиет деп жүрміз. Көркем әдебиет өнердің бір түрі. Өнердің түрлері көп
кескін өнері, мүсін өнері ,сәулет өнері, саз өнері т.б. Өмір құбылыстарын бейнелеуде өнер түрлерінің әрқайсысының өз құралы бар: кескін өнерінің құралдары бояу. мүсін өнерінің құралдары тас .сәулет өнерінің құралы кірпіш. саз өнерінің құралы үн .Әдебиет өнері оның құралы сөз.
Сөз өнері ұлттың халықтың тұрмыс тіршілігін, тарихының ғана емес, ақыл ойының, ар ұжданы мен абыройы. Сөз өнері осындай өнер.
Әдебиеттану ғылымы осындай өнер туралы ғылым.
Ол қоғамдық, гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының бәрімен байланысты дамиды,өзінің зерттеу әдістері мен тәсілдері аясында философия, логика, эстетика, этика, психология сияқты ,ғылым саласымен ұштасады.
Әдебиеттану ғылымының үш саласы бар әдебиет теориясы; әдебиет тарихы ; әдебиет сыны.
Әдебиет теориясы ; көркем әдебиеттінің болмысы мен бітімін ; әдеби шығарманың сыры мен сипатын. Әдеби дамуың мағынасы мен мәнін зерттейді.Көркем әдебиеттің болмысы мен бітімі аясында сөз өнерінің өзіне тән ерекшелігі, қоғамдық қызметқарастырылады әдеби шығарманың сыры мен сипаты аясында оның мазмұны мен пішін, көркемдік әлемі, тілі мен стиль жайлы парықталады.
Әдеби дамудың мағынасы мен мәні аясында әдеби даму заңдылықтары, әдебиеттанудың методолгиясы, әдеби жанрлар мен жанырлық түрлер, әдеби ағым мен көркемдік әдіс сияқты мәселелер пайымдалады.
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің жалпы мәселелерін қарастыра отырып, әдебиеттің тарихы, әдебиеттің сыны салаларнында қол жеткен жетістіктерді негізге алады, сонымен бірге әдебиет тарихына да, әдебиет сынына да талдау мен бағалаудың, зерттеу мен пайымдаудың жолдарын, бағыт бағдарын көрсетеді.

Қазақ әдебиеті қазақ халқының ғасырлық қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы ,сөз өнерінің тегі әріден , түрік тілдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезінен басталады.


Халық фольклоры мен поэзиясының негізі сол тайпалар шығарған ертегі, аңыз, мақал мәтелдер жатыр Батырлардың отаншылдық сезімі, туған халқының азаттығы жолындағы күресетін жырға қосқан батрлық эпостар «Қобыланды батыр», «Алпамыс Батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» т.б халық арасына кең тарап, сүйікті шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыр жырланған лиро эпикалық дастандар «Қозы көрпеш Баян сұлу», «Қыз жібек»т.б. Қазіргі қазақ әдебиетінің өз алдына мол мұрасы болып саналады : қараңыз Ауыз әдебиеті
Қазақ әдебиетінің жіктелуі
Егер қазақ әдебиетін тарих өлшеммен бөлсек, төмендегідей жіктеледі:
Көпшілік тайпалық әдебиет
Ежелгі дәуір әдебиеті
Он бес он алтыншы ғасырдағы қазақ әдебиеті
Он тоғызыншы ғасыр жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі әдебиет
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Ал жанрлық жағынан бөлсек :
Ауыз әдебиеті.
Жазба әдебиеті.
Қазақ әдебиеті өзінің бүкіл даму барысында күрделі де қайшылықты жолдардан өтті. Бүгін қазақ ұлттық әдебиеті өсіп өркендеп көп саласы, көп жанрлы, көрнекті авторлары бар әлемдік әдебиет деңгейінде көтерілді.
4) Түсіндірме сөздік
1. Кескін өнері - живопись
2. Мүсін өнері - скульптура
3. Сәулет өнері-архитектура
4. Саз өнері -музыка
ІҮ Бекіту:
Ой тұжырымдау:
Әдебиет деген не ?
Әдебиеттің басқа өнер түрлерінен қандай айырмашылықтары бар ?
Әдебиеттану ғылымының қандай салалары бар?
Әдебиет теориясы нені зерттейді ?
Үйге тапсырма: Жанама тарауларға анықтама беру
Текстология -
Историография-
Библиография -
Оқушылардың еңбегін бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет