Қазақстан үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстандағы жоғары атқарушы билiк органы.
Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.
Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.
Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi.
Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.
Сан есім (Имя числительное)
Сан есім – часть речи, которая обозначает количество предметов, число, а также порядок предметов при счете.
Вопросы: сколько? который? какой? по сколько? почем? приблизительно сколько?
Сан есім в функции определения не изменяется по падежам и числам.