Сабақтың тақырыбы: "Қазақ халқы қонақжай"



бет23/32
Дата05.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#17783
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Императивтік одағайлар
Адам не айуанға бағышталып, шақыру, жекіру, бұйыру мақсатымен айтылған одағайлар. Бұлар бағышталып отырған объектілерге қарай ішінара екі топқа бөлінеді:
а) адамға бағышталып айтылған одағайлар. Бұған бұйыру, жекіру, тиым салу т. б. мақсатында жұмсалған (Жә! Тәйт! Сап-сап! Әуһ! Әлди-әлди! Әйда!) сөздері жатады.
Тұрмыс-салт одағайлары.
Бұл топқа өмірде жиі қолданылатын, адамдардың амандасу, қоштасу т. б. сыйластық белгісі ретінде жумсалатын Хош! Рахмет! Ассалаумағапайкүм! Хайыр! құп! Ләббай! Кеш жарық! т. б. одағайлар жатады.
Одағайлар мағына құбылмалылығына байланысты бір мағыналы (Алақай! Қап! Әттең! т. б.) және көп мағыналы (Ә! Пәлі! Пай-пай! т. б) болып екіге бөлінеді. Одағайлар — эмоционалдық-интонационалдық әуезділік, ырғақ құбылмалылығына өте бай категория. Одағайлар - негізінен, түрленбейтін, қосымашаларды кеп қабылдай бермейтін сөздер. О-лар арасында жеке-дара күйінде ғана айтылатындар да, қосар күйінде қолданылатындар да бар. Құрамы жағынан алып қарағанда түбір (Ә! О! Қап! Ой! т. б.) және туынды (Мәссаған! Апырым-ай! Бәрекелді! Әттеген! т. б.) түрлері кездеседі. Одағайлар өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды. Олар жеке-дара тұрғанда сөз-сөйлем қызметін атқарады. Одағайлар сөйлем ішінде, әсіресе, диалогты сөйлемдерде етістіктермен тіркеседі де белгілі бір сөйлем мүшелерінің құрамына енеді. Одағайлар кейде етістіктермен тіркесіп фразеологиялық тіркестердің жасалуына себеп болады (Ай-шай демей, аһ үрды, шу дегеннен, әу деді т. б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет