Сабақтың тақырыбы: "Қазақ халқы қонақжай"

бет1/32
Дата05.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#17783
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Павлодар қаласы
№21 ЖОББМ
Алтынбекова Гульнар Абылкаировна
Қазақ тілі 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: "Қазақ халқы қонақжай"
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың салт-дәстүріндегі қонақ рәсімін тереңірек таныстырып білімдерін кеңейту.
Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, логикалық ойлауын шығармашылық қабілетін дамыту, сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, салт-дәстүрлерді қастерлеп құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: Қалыптан тыс.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сайыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, мақал-мәтел, нақыл сөздер, сөзжұмбақ, түрлі-түсті суреттер.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру: -сәлемдесу
- оқушыларды түгелдеу
-сабаққа назарын аудару.

II.Қызығушылығын ояту

-Не жайлы әңгімеледік?
-Қонақ асы жайлы
-Қандай дәстүр бар?
-Қонақты күту
-Қонақты қалай күтеміз? Тақырып не жайлы деп ойлайсыңдар?
-Қонақ күту туралы
Тақырыбымыз –Қонақ күту рәсімі

III.Мағынаны ажырату.Жигсо стратегиясы

1.сөздермен жұмыс
-сөздерді оқу
-сөз тіркестерін,сөйлем құрастыру
2.Мәтінмен жұмыс
-мәтінді оқу
-аудару
-мазмұндау

IV.Грамматика.

  1. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр

  2. Жіктік жалғауында тұрған етістіктерді тауып, көшір.

  3. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып,синтаксистік талдау жаса.

  4. Мәтіннен септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазып,септігін анықтаңдар.

5.Мақал –мәтелдердің мағынасынг түсіндіріңдер
1. Қонақ қойдан жуас...
2. Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр.
3 Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.
4. Қонақ бір күн қонса - құт, екі күн қонса - жұт.
5. Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.
6. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
7. Қонағын сүймеген баласын ұрады, не үйін сыпырады.
8. Қонақ келсе- құт келер
9. Қырықтың бірі – қыдыр
10. Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады
11. Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ

V.Ой толғанысы.Еркін жазу

Сенің үйіңе қонақ кесе,қалай күтер едің?

VI.Шығу парағы:

1.Нені үйрендік?
2.Нені білдік?
3.Сұрақтарың бар ма?

VII.Үй тапсырмасы:мәтінді мазмұндау

сөздерді жаттау
VIII.Бағалау.

Қонақ келсе ауылға

Қазақ халқының дәстүрі бойынша сырттан келген жолаушы рұқсатсыз үйге кірмеген. Ол үйдің сыртында тұрып: - Үйде кім бар? - деп сұраған. Содан соң оны қарсы алып, үйге кіргізеді. Қонақ аяқ киімін шешіп, үй ішіндегі адамдармен сәлемдеседі. Қонақ төрге отырады. Алдымен қымыз береді. Содан кейін шай береді. Қазақ елінде қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған. Арнайы қонақ шақырғанда, сыйлы кісі келгенде қой сойған. Сыйлы қонаққа бас тартады. Кешке ауыл адамдары ән (ауылдың алтыауызын) айтады, содан соң қонаққа қолқа салып, ән (қонақ кәдені) айтқызады. Қонақ қетер алдында отағасы қонағынан келген жұмысын (бұйым-тай) сұрайды. Дәстүр бойынша қонақ үй иесінің аты, мылтығы мен итінен басқа кез келген затты сұрауына болады. Үй иесі қонағының қалауын береді де, "қош-сау болыңыз" деп шығарып салады. Ендігі сайыс мына слайдтағы бүгінгі тақырыбымызға байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру.

Қонақ күту рәсімі.

Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болы, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған.
Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады.
Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет