Қонақ, қонақжайлылық туралы мақал-мәтелдер
1.Қонақ қойдан жуас.
Май берсең де жей береді.
2.Тойдан табықпай.
3.Қонақасы – тәңір ақысы.
4.Қонақ аз отырып, көп сынайды.
5.Қонағым жүре тоярсың.
6.Қонақты сөзбен тойдыра алмайсың.
7.Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.
8.Құтты қонаққа - тәтті тамақ.
9.Атың барда жер таны,
Асың барда ел таны.
10.Қонағын сыйласа төрге шық дейді.
11.Жолаушының азығы жолында.
12.Жаяу қонақ тыныш ұйықтар.
13.Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым.
14.Қонағым өз үйіңді де ойлар отыр.
15.Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.
16.Сыйлы қонақ босағада отырмайды.
17.Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.
18.Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ.
19.Тоқ қонақты сыйлау оңай.
20.Екі үйдің қонағы
Емексіп жүріп аш қалар.
21.Қонағым сен "ет" деме, мен "кет" демеймін.
22.Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
23.Сыларға асың болмаса,
Сыйпарға тілің болсын.
24.Сыпайы қонақ сайыңды жейді,
Мылжың қонақ мыйыңды жейді.
25.Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.
26.Қонақ бір күн қонса – құт, екі күн қонса – жұт.
27.Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй иесі ұялады.
28.Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.
29.Ет жегеннің бәрі қонақ.
30.Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
31.Қонағын сүймеген баласын ұрады, не үйін сыпырады.
32.Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.
33.Өзі қонақ болып көрмеген,
Қонақты сыйлай білмейді.
34.Қонақ келсе ет қызарар,
Ет қызармаса, бет қызарар.
Сабақтың тақырыбы: отбасындағы салт-дәстүрлер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсінік беру.
Бала тәрбиесіне байланысты салттарды анықтау
2.Дамытушылық:Жан-жақты тапсырмалар арқылы оқушының ой-өрісін дамыту. Сауатты сөйлеу,жазу қабілеттерін арттыру.
Диалог арқылы тілдік қорларын молайту.
3.Тәрбиелік:Қазақ халқының салт-дәстүрін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі:әңгімелеу,жекеше топтық жұмыс,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивтік тақта,сызбалар,суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу. Кезекшімен әңгімелесу.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2.Үй тапсырмасын тексеру:Қайталау.
Іздену жұмыстарын дайындау.
3.Жаңа сабақ барысы:
Мұғалім:-Балалар,сіздер қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер? Ал, біз бүгін бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлермен танысамыз.
Интерактивтік тақтаға бала тәрбиесі жайлы сызба көрсетіледі.
1.Сызба бойынша қысқаша көрініс көрсету.
1қатар: «Балаға ат қою»
2қатар: «Қырқынан шығару»
3қатар: «Тұсау кесу»
2. « Отбасы тәрбиесі» туралы мақал-мәтелдер үлестіріледі.
1қатар:( антоним сөздерді табу, бала сөзін септеу)
Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
Жақсы бала-қызық,
Жаман бала-күйік.
2қатар:( ата,отан сөздерін септеу,бала сөзін тәуелдеу)
Ата-асқар тау,
Ана-бауырындағы бұлақ,
Бала-жағасындағы құрақ.
Отанды сүю отбасынан басталады.
3қатар:( бәйтерек,жапырақ сөздеріне фонетик. талдау жасау,
бала сөзін жіктеу)
Ата –бәйтерек,
Бала-жапырақ.
Ананың сүті-бал,
Баланың тілі-бал.
3. Диалог құрастыру.
1қатар: «Кітапханада»
2қатар: «Дүкенде»
3қатар: «Ауруханада»
Жаңа сабақты бекіту: Тест сұрақтары.
1.Баланың тұсауын кім кеседі?
А) Әкесі
Ә) Анасы
Б) Ауылдың сыйлы адамы
2.Баланы бесікке салғанда қандай той жасалады?
А) Наурыз тойы
Ә)Тұсау кесу тойы
Б) Бесік тойы
3.Тәрбиелік мәні бар үлгі сөздер?
А) Жұмбақ
Ә)Мақал-мәтел
Б) Жаңылтпаш
4.Бала 40 күнге толғанда жасалатын той?
А)Қырқынан шығару
Ә)Тілашар
Б)Сүндет той
Үйге тапсырма: «Балалы үй –базар» шағын шығарма жазу.
Бағалау:
Қорытынды сөз:-Адам өмірінің әрбір кезеңдерінде көптеген салт-дәстүрлер орындалады.Соның ішінде –бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрмен таныстық.Өйткені бала-өмірдің жалғасы,болашағы.
Сондықтан болашақта оқыған,білгендерінді түйіп,еліміздің саналы азаматтары болатындарына сенімдімін.Әрқашанда атадан қалған асыл мұрамызды сақтай біліңдер!
Балаға қатысты салт-дәстүрлер
Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қояды. Ер баланың кіндігін «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырады. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген ырыммен ошақ түбіне көмеді.
Жаңа туған сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың жүнімен ауыздандырады. Ерте кезде қасқыр киелі саналған, сондықтан да бұл ырым бала қасқырдай қайратты да қажырлы болсын деген ниетпен туындалған.
Нәрестенің ұйқысы тыныш болуы үшін және жын-шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып түтетіп, баланы бөлерден бұрын бесікті айналдырып, аластап шығады.
Бала бөленген бесіктің үстінде жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы және бесік көрпе) жабады. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілекті білдіреді.
Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, 37-39 күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып, 42-44 күнде қырқынан шығарады. Бұл – ұл баланың қалыңдығына төлейтін мал аз болсын, ал қыздың қалың малы көп болсын деген ырым.
Сәби шалқасынан жатып алаңсыз ұйықтаса – елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп жатса – уайымшыл, жігерсіз болып шығады, етпетінен жатып ұйықтаса – ойшыл болады. Егер аяқ қолын еркін созып ұйықтаса – болашақ батыр кемеңгер болады деп болжаған.
Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.
Баланың желкесі шұқыр болса немесе желкесінен сүйсе кесір болып өседі.
Баланың орайы екеу болса, екі рет үйленеді, немесе екінші рет тұрмысқа шығады.
Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.
Балаға шешен болсын деп таңдай жегізеді.
Батырдың, ақынның, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады.
Балаға қарғыс өтпеу үшін үш кемпірдің бұтының арасынан өткізіп алады.
Сәбиге көз тимес үшін бетіне күйе жағып, үстіне ескі киім кигізген.
Бойына бала бітпей жүрген әйел баланың ит көйлегін ырым етіп қалап алған.
Баланың қарын шашын адам аяғы баспайтын жерге көміп тастайды. Өйтпесе, бала бақытсыздыққа ұшырайды.
Сәбидің аяғын басып тез жүріп кетуі үшін тұсауы кесіледі.
Нәрестені тіл-көзден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне тұмар ретінде жалынбас, үкі, тоғыз моншақ, күміс тиындар іліп қояды. Сәбиге «көз тиді» деп секем алған жағдайда. Сол адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп түтетеді.
Баланы асырап алғанда ер балаға асық жілік, қыз балаға тоқпан жілік ұстатып, көпшілікті бұған күә етеді.
Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлай қалса, үйге береке, ырыс, байлық келеді деп қуанады.
Бала тұрмай, шетіней берген жағдайда оны басқа адам өтірік сатып алады.
Әйелдің екіқабат кезінде жерігі қанбаса, баланың аузынан су ағып жүреді.
Әйел, не еркек жұмыс істеп жатқан үйге келгенде,қолғабыс жасамаса, баланың белі бүкір болады.
Бала алғаш жолға шыққанда тоқым-қағар жасап тойланады.
Сәби анасынан ұстап отырып емсе – сараң, еркін отырып емсе мырза, жомарт болады.
Сәби көзін ашып ұйықтаса, жары сұлу болады.
Есіктің тұтқасын жуған сумен көз тиген баланың бетін, екі алақаны мен табанын жуса, тәуір болып кетеді.
Көз жара шыққан балаға сойған малдың немесе құстың көзінің суын жақса, жазылып кетеді.
Бала тілін шығарса, тіл келеді, яғни хабар келеді деп жориды.
Сәбидің тілі мезгілінде шықпаса, нағашысының үйіне апарып бір қойды сойып, соның ішегімен буындырады.
Бөбек алақанын шапалақтаса, қуанышты хабар келеді.
Перзентсіз ерлі-зайыптылар мойнына көгеннің бұршағын салып бала тілейді.
Бала қаспақ жесе, үйлену тойында жаңбыр жауады.
Баланың мойны тез және түзі беку үшін оның шілдеханасына сойған қойдың мойын омыртқасын тұтасымен асып,тесігінен шыбық өткізіп, кептіріп қояды.
Шала туған баланы тымаққа салып, неше күні кем болса, сонша күн керегенің басына іліп қояды.
Қалы, меңі үлкейіп кетпесін деп қалымен туған баланы, «Қалдыбай», «Қалдыгүл», «Меңдігүл», «Анарбай», «Анаргүл» деп ат қояды.
Сәби өз үйіне «ассалаумағалейкүм» деп кірсе, ол үйге кешікпей қонақ келеді.
Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.
******
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады.
Үйге келген адам бос бесікті тербету арқылы өзінің ұрпақсыз қалғанын үндемей-ақ білдірген.
Бесікті сатуға, кез келген адамға беруге, аяқ астына тастауға болмайды. Қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым саналады. Баласы көп үйдің бесігін жақсы ырымға жорып, тек жақын туыстары қалап алып, жаңа түскен келіннің отауының төріне қойған. Бесікті ашық қалдырмайды, орап қояды. Бос бесіктің өзін анда-санда отпен аластап, жын-шайтаннан қорғаған.
Тақырыбы: Ұмытылған ұлт дәстүрлері
Мақсаты:Оқушыларды Отанын, өз елін, жерін, салт-сана, әдет-ғұрыптарын құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тағамдар туралы түсініктеме беру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
Көрнекіліктер:Қазақтың дастарханы кітабы, суреттер, нақыл сөздер, оқулықтар.
Барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Қазақтың салт-дәстүрлері
3.Жеті ата
4.Мақал-мәтелдер
5.Ұлттық тағамдар
6.Ұмытылған ұлт дәстүрлері
Салт-дәстүрлер:
1. Жеті ата
2. Жиенқұрық
3. Жолдасу
4. Қонақасы
5. Қонақ кәде
6. Қолкесер
7. Сыйыну
8. Балаға ат қою
9. Шілдехана
10. Бесікке салу
11. Қырқынан шығару
12. Тұсау кесу
Жеті ата: Ата Әке Бала Немере Шөбере Шөпшек Немене
«Жеті ата» (ғұрып). «Жеты атасын білген ұл жұрттың қамын жер» (мәтел). Әр адам өзінің жеті атасын білуі- көргенділік пен білімділігін, ата көргендігін танытады. Білмесе «Жеті атасын білмейтін жетесіз» деп сөккен. Жеті атаны үйрету әр ата-ананың басты борышы.
«Жиенқұрық» (салт). Қыздан туған балалар жиен деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашыларынан қалаған затын, яғни «жиенқұрық» алуға тиіс. Нағашысы жиеннің бетін қайтармай үш рет беруге міндетті. Халық жиенді ренжітпей «жиен назары жаман» деп еркелетіп ұстаған. «Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды» деген де сөз бар.
«Жолдас» (жолын беру) (дәстүр). Үлкен мәжілістерде, бас қосуда бұрынғы адамдар ата салты-дәстүрі жолымен өзіне лайық орын алады. Сый-сыяпат жасағанда, бас табаққа кіруде немесе бата беруде де ата-баба жолы негіз болады. Мұндайда тек жасы ғана емес, жүз, ру, туыстық, іліктік жағы да
еске алынады. Мұны қазақ салты бойынша «жолдасу» немесе жолын алу
деп атайды.
«Қонақасы» (дәстүр). Қонақ келсе үйіне
Жалғыз қойын соятын
Барын алға қоятын
Біздің халық ер халық.
Халқымыздың тарихи, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайындағы ерекше қымбат дәстүрі-қонақжайлылық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып қонақ асы беру-жомарттықтың, елдіктің, азаматтықтың белгісі. Қазақ семіз қойын, басқада жылы жұмсақ тағамдарын қонаққа әдейі сақтап, «қонақ келеді» деп күтіп отырған. «Құдайым би қылмасаң да, би түсетін үй қыл» деп
тілек тілеген қазақ үйіне қонақ түскенді мәртебе, бақыт санаған. Қазақтың әр үйінде «қонақтың ырыздығы, несібесі бар» деген ұғым қалыптасқан. Халық дәстүрінде қонақты үйге түсірмеу немесе дұрыс қонақасы бермеу айып болып саналады.
«Қонақкәде» (дәстүр). Үй иесінің қонағына «қонақкәде» айтыңыз деп өтініш жасауға хақы бар. Бұл «өлең айтыңыз, өнер көрсетіңіз» дегенді білдіреді.
«Қолкесер» (дәстүр). Біреудің соғымын сойысқан соғымшыға үй иесі «қол кесерің» деп сыбағалы етін береді.
«Сыйыну» (діни ұғым). Қазақтың қасиетті жерінде Қожа Ахмет Ясауи, Баба түкті Шашты Әзиз, Бекет ата, Райымбек батыр, Марал ишан, Оспан қожа, Жанқожа батыр сияқты әруақты, киелі әулиелер орындары көп. Міне, осы кісілерге сыйыну, басына тәу ету дәстүрі сыйыну деп аталады.
«Балаға ат қою». Бала дүниге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалдары ат қояды. Дін басы болғандықтан кейде молда қоятын болған.
«Шілдехана». Жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Оған көбінесе жастар жиналады. Шілдехана –баланы жын-шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр.
«Бесікке салу». Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен, қадірлі аналардың бірі әкеліп сыйға береді.баланы бесікке салу рәсімін бесік сыйлаған анаға тапсырады. Бесікке бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады, ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі, көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.
Тойға келгендер балаға батасын беріп, шашу шашады.
«Қырқынан шығару». Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырық күн өткеннен кейін баланың өмірінде жаңа кезең басталады деп есептеледі. Қазақ халқының ұғымында қырық саны –қасиетті сандардың бірі. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегешкешомылдырады. әйелдердің үлкені «отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі.
Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады. Шанын шүберекке түйіп, киімінің иығана қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді.
«Тұсау кесу». Сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Ала жіппен тұсауды кесудің негізінде «болашақта бала ешкімнің ала жібін аттамасын » деген тілек бар.
Мақал-мәтелдер
1. Саналы ел салтын сақтар.
2. Салт –сана, дәстүр-дәулет, әдет-ғұрып.
3. Ата жолы-адамдық, Ана жолы-адалдық
4. Ағадан-ақыл, данадан-нақыл.
5. Атадан-пейіл,
Анадан-мейір,
баладан-қайыр.
6. Көп біл, аз сөйле.
7. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
8. Ырыс-алды ынтымақ.
9. Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.
10. Ата -бәйтерек
Бала-жапырақ.
11. Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ.
12. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
13. Өтірік сөз өрге баспас.
14. Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
15.Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
16. Әке көрген оқ жанар,
Шеше көрген тон пішер.
Ұннан жасалатын тағамдар: Нан, Мыжыма, Қиықша, Шелпек, Таба нан, Бөртпе, Қазанжаппа, Жарма, Күлше, Төңкерме, Бүркеме, Бауысақ , Құймақ.
Сүт тағамдары:Сүт, қымыз, шұбат, құрт, құрткөже, ежігей, ірімшік, уыщ, қатық, айран, сүзбе, май, қаймақ, тосап, көже.
Ет тағамдары: Күздік, соғым, қазақша ет, бас тарту, мипалау, шұжық, қуырдақ, қазы-қарта, жал-жая, бұқпа, сірне, төстік, ақ сорпа, салма, шыж-мыж, ет ыстау, бүрме, әсіп палау.
Ұмытылған ұлт дәстүрлері.
1.«ҚЫЗ АЙТТЫРУ» (дәстүр)
Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді. «Анасын көріп қызын ал » деген қағиданы қатаң ұстайды. Яғни, болашақ құдасын орынды жерден, жақсы кісілерден , аталы, іргелі ауылдардан қарайды. Тұқымында, тегінде ауыруы бар отбасының қыздарына сөз салмайды. Лайықты деген адамдарына әдейі барып, балаларының болашағы туралы әңгіме қозғайды, өздерінің құда болу ниетін білдіреді. Мұны «Қыз айттыру» дейді.
2.«ҚЫЗ КӨРУ» (салт)
Кейде қыз таңдау деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісінің балалары немесе өнерпаз, сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. Пәлен жерде жақсы қыз бар дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жарандарын ертіп қыз ауылына барады. Ондай жігіттерге ешкім наразылық білдіруге, тосқауыл қоюға хақылары жоқ. Керісінше ондай жігіттерді салтанатпен қарсы алған. Ауылдың бойжеткен ер мінезді, еркін қыздары мұндайда «қыз көретін жігітті біз көрелік» деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан. Жігітке оларда сын көзбен қарап, өз ойын ашық айтқан. Осындай жолда бір-бірін сынаған қыз –жігіттер айтысқада түскен. Осыдан кейін ұнатқан жастар сөз байласып, жігіт жағы құда жіберген.
3.«БЕС ЖАҚСЫ»(дәстүр)
«Бес жақсыға» мыналар жатады: 1. Қара нар 2.Жүйрік ат 3.Қалы кілем 4.Алмас қылыш 5.Бұлғын ішік.
Елдің аса құрметті, беделді адамдары аарсындағы достық, сыйластық қарым-қатынастарда сый-сияпат немесе құдалар арасындағы қалың мал, киіт орнына да жүрген. Бес жақсының бір түрінің өзі 4-5 жылқыға бағаланған.
Бес жақсы түріне, дәрежесіне қарай «бас жақсы», «орта жақсы», «аяқ жақсы»болып үшке бөлінеді.
4.«БЕЛКӨТЕРЕР» (салт)
Тоқсан көремін деген жасым ба еді, быламық ішейін деген асым ба еді, деп баяғы қариялар айтқандай жасы жеткен адамдар тісі болмаған соң тамақ жей алмайды. Ал, әлгі кісілерге жақсы тағамдар қажет. Мұндай жағдайда осындай адамдарға арнап «белкөтерер» деген тағам арнайы дайындалады. Бұл әрі жұмсақ, әрі дәмді, нәрі мол қазы, жент, сарымай, қымыз, ақ ірімшік, бал тағы сол сияқты тамақтардан әзірленеді. Мұны балалары, көрші-қолаңдары,сыйлас кісілер әдейі дайныдап әкеледі. Бұған өте риза болған қарттар батасын береді.
5.«АҚ ҮЙ АМАНАТ» (салт)
Қазақ тарихы мен аңыз әңгімелерінде «ақ үй аманат» берген екен деген сөз жиі кездеседі. 16-17 ғасырлардағы жаугершілік замандарда екі жақ мәмілеге келіп, іс бітімгершілікпен аяқталғанда осы салт сол үлкен жұмыстардың айғағы ретінде жүрген.
Мұндайда негізінен кінәлі жақ өзінің жеңілгендігін мойындап, бар сән-салтанат, дүние –жихаздарымен ақ орда, яғни «ақ үй аманат» әкеліп тапсырады. Бұл тек жеңілу ғана емес, сол елді мойындаудың, бұдан былай тату көршіліктің (елдіктің) кепілі ретіндегі орны бөлек құжат әрі сый-сиапат деседе болады.
6.«ОТАУ КӨТЕРУ» (салт)
Үйленді, жұпты болды деген мағынаны білдіреді. Әдетте ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата-ана алдымен отау дайындайды. Қыз жасауына отау қосылып берілетін. Отау жас отбасының бақыт шаңырағы болып саналатындықтан оны барынша әсемдеп, толық жабдықтап әзірлеу керек. Оған көрші-қолаң, жақын –туыс, нағашы-жиендер тегіс араласады. Ыдыс-аяқтан бастап үй киізіне дейін әкеледі. Сөйтіп, бүкіл ауыл болып отау көтеру әрі қызық, әрі міндетті іс. Жас отау әке үйінің оң жағына тігіледі. Бұл үйге жасы үлкендер шақырусыз кірмейді. Жас келін ерте тұрып өз үйінің ғана емес, жанындағы іргелес үйлерінің де түңдігін ашуын оның әдептілігі мен мәдениеттілігін білдіреді.
7.«ШАҢЫРАҚ КӨТЕРУ»(салт).
Жас отаудың алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі қазақ үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Қазақта отаудың шаңырағын албаты адам көтермейді. Бұған баласы көп, кәрі күйеу керек. Оны қос атпен болса да алғызады. Ыңғайлы жер болып, отау өте үлкен болса кәрі күйеу шаңырақты аттың үстінде тұрып көтереді. Бұл еңбегіне ол не ат мінеді, не түйе жетектейді. Бұған малды отауды көтерткен жақ береді.
8.«АТБАЙЛАР»(салт).
Мұның да екі түрі бар.
1.Жас отаудың шаңырағы көтерілген соң ағайын-туыстар оған шашу шашып, «керегесі кең болсын», «босағы берік болсын» деген тілек айтады. Байғазы береді. Ет жақыны босағаға жылқы байлайды. Мұның аты атбайлар.
2.«Атбайлардың» екінші түрі кәде. Құда-құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгшенде оларды жеңгелері алдынан шығып түсіріп алып, атын байлайды. Бұл «Атбайлар» деп аталатын той салты. Оған арнайы кәде беріледі. Ол кәдеден тағы бір әйел тәбәрік сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |