Ет (жас ет, сүр ет).
Жаубүйрек – жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам.
Жөргем– бунақтап өрілген ішек.
Жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын.
Қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет.
Мипалау – пісірілген бастың миына құйқа, ішек–қарын араластырып, тұздық құйып жасаған тағам.
Нарын – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.
Түймеш – туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам.
Үлпершек – жүрек қабына май, кесек ет т.б. салып жасалған, шұжық тәрізді тағам.
Шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам.
Бұқтырма -ет,картоп,сәбізді бұқтырып пісіретін тағам
Салқын тағамдар
1. Май – сиыр сүтінен алынады (ақ май және еріген). Қойдың қарынын күннен бұрын жуып кептіріп қояды. Майды бірнеше рет салқын суға жуып, тұздап, қарынға салады. Қарынды аударып тұрады. Егер қарынға қоқым түссе қарындағы май түгел шіріп кетеді. «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» — деген нақыл сөз осыдан қалған.
2. Қаймақ — сүттің бетінен алынған шикі қаймақ.
3. Балқаймақ – қаймаққа аздап сүт қосып, құмшекер, ұн салып қайнатылады.
4. Ірімшік – сойылған қозының ұлтабарын салып сүтті ірітеді. Қазанға құйып қайнатады. Ірімшікті сүзіп алады да, суын қайнатып сарысу алады. «Ірімшікті» үлкендер шайға тістеген, балалар тәттінің орнына жеген. «Сарысумен ішкен қою шәй, қой етіне тиеді».
5. Қайнатқан құрт немесе ежегей – жиналған айранды қазанға құйып қайнатады. Құрттың көбігі майлы ас. Көбік қалқып алынып, балаларға, үлкендерге берілген. Құрт қайнатқан үйден көбік жалау ауыл балаларына әдет. Көбік өкпе ауруына, суық тиген сырқаттарға берілген.
6. Сықпа құрт – сүзіліп, тұздалып әр түрлі үлгіде жасалады.
7. Қуырылған бидай – бидайды суға салып бөрттіріп, суын алып тастап, май салып қуырады. Қуырылған бидайды диірменнен өткізіп ұнтақ жасалады.
8. Ұнтақ – тартылған бидай.
9. Сарысекер – ақ сүтке қайнатылған құмшекер. Шәйға тістеп ішкен.
Сусындар
Мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі халықтың негізгі асы – сүт. Сүттен сусындайтын алуан түрлі тағамдар дайындалады. «Аяғы бардың – бағы бар» қазақ сүтті өте жоғары бағалаған.
1. Айран – сиыр сүтінен пісіріліп ұйытылады.
2. Көже – бидай, тары жармаларынан түйіп пісіреді.
3. Айран көже – айран мен көженің қоспасы.
4. Шұбат – інген сүтінен күбіге құйылып ашытылады. Інген сүті шәйға жақсы түседі.
5. Қымыз – бие сүтінен ашытылады.
Қымыз түрлері: уыз қымыз, сары қымыз, түнемел, саумал, құнан, дөнен, қысыр қымыз, сірге жияр қымыз, бал қымыз.
а) сары қымыз – жаз ортасында ашытылады.
б) түнемел – екі тәулік.
в) саумал – жаңа сауған сүт құйылған тұщы қымыз (қарттарға, балаларға беріледі).
г) құнан қымыз – үш тәулік.
д) дөнен қымыз – төрт тәулік.
е) қысыр қымыз – қысыр биенің сүтінен дайындалады.
ж) Сірге жияр қымыз – биелер босатылар кезде дайындалады.
з) Бал қымыз – бал, қант, өрік, мейіз қосылады.
«Жылқысы барға дерт жұқпайды» дейді қазақ. Жылқы етінің емдік қасиеті: жүрек қан тамыр ауруларына, шаш қарайтуға, сүйек ауруларына жылқы майы өте пайдалы.
Қазақ халқы өкпе ауруын қымызбен емдеген. Қымыздың бетіндегі майда түйіршіктерде ана сүтінің құрамы бар екен.
Бекіту. Сонымен, балалар, бүгін біздер Қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстық. Ұлттық тағамдарымыз 3-ке бөлінеді екен. Ыстық тағамдар, салқын тағамдар және сусындар. Бұл тағамдарды әзірлеу және оның маңыздылығын білу арқылы ата-бабамыздың төл мәдениетімен сусындап, ұлттық дәстүрлі құндылықтарды қадірлеуге үйренеміз.
Сабақтың тақырыбы Квадраттық функция және оның графигі
Сабақтың мақсаты:
Квадраттық функция және жалпы функция туралы білімдерін пысықтау, жинақтау, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйрету;
2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, шапшаң, тез есептеуге үйрету;
3. Жауапкершілік, табандылық, тәртіптілік және тағы басқа тұлғалық қасиеттерін пайдалана отырып, пәнге деген қызығушылығын ояту.
Құрал жабдықтары:
- интерактивті тақта;
Сабақ барысы
Ұйымдастыру сәті. Бүгінгі сабақтың тәртібі:
Мұғалімді тыңдаймыз,
Бір - бірімізді сыйлаймыз,
Саспай, асықпай,
Әр сұраққа, қателеспей,
Шуылдамай, қол көтере отырып,
Жауап беруге тырысамыз - деп, мұғалім оқушылардың назарын сабаққа аударады және көңіл - күйлерін бір ортаға тоғыстырады.
Біздің бүгінгі сабағымыз «Эврика» атты журнал парақтарына саяхат жасаймыз. Бұл журналда квадраттық функция және оның графигі тақырыбына арналған тапсырмалар, әзіл есептер, логикалық есептер және тарихи мағлұматтар кездеседі.
Сабақтың құрылымы таныстырылады. (2 - слайд)
1 - парақ. «Функция - математикалық маңызды ұғымдардың бірі!»
І бетінде “Сиқырлы кестенің сыры” сөз жұмбақты шеше отырып,
кесте толтырылады. (3 - слайд)
Математиканың бір айнымалы шаманың өзге бір шамаға
тәуелділігін өрнектейтін ұғымдардың бірі. [Функция].
Тәуелсіз айнымалы. [Аргумент].
Абсцисасы - аргументтің мәндеріне, ал ординатасы функцияның
сәйкес мәндеріне тең координаталық жазықтықтың барлық нүктелер жиыны. [График].
Функцияны нөлге айналдыратын аргументтің мәні. [Нөлдері].
Квадраттық функцияның графигі. [парабола].
у=к/х функциясының графигі. [Гипербола].
Функцияның берілу тәсілдерінің бірі. [Формула].
Тәуелсіз айнымалыны белгілейтін латын алфавиті. [Икс].
у= кх функциясының атауында кездесетін сөз.[Пропорционалдық].
10. Функция ұғымында көп кездесетін латын әрпі. [Игрек].
11. у=ах2+вх+с түрінде берілген функцияның атауы. [Квадраттық].
ІІ бетінде “Тарихи мағлұматтар және әзіл - сұрақтар”
Функцияның ғылымға енуі және қазақша баламасы (4 - слайд)
Функция латынша - орындау, іске асыру деген мағынаны білдіреді. Функцияның ғылыми атауы 1692 жылы неміс математигі Готфрид Лейбництің (1646 - 1716) еңбектерінде аталған. 1718 жылы швейцар математигі Иоганн Бернулли (1667 - 1748) «Функция - айнымалылар мен тұрақтылардан құрылған шама»- деп тұжырымдаған.
Әзіл - сұрақтар: Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?
Жауабы: 28 саны барлық айда бар.
2 - парақ. «Функцияның графигі - координаттық жазықтықтағы нүктелер жиыны»
Кестеде әр түрлі функциялар графигімен берілген. (5 - слайд)
Сұрақтар:
Сызықтық функцияның графиктері нешінші кестеде бейнеленген?
Тура пропорционалдық графиктері нешінші кестеде бейнеленген?
Кері пропорционалдықтың графиктері нешінші кестеде бейнеленген?
Бұрыштық коэффиценттері бірдей болатын сызықтық функцияның графиктері нешінші кестеде бейнеленген?
7 - кестеде қандай функцияның графигі кескінделген;
Квадраттық функцияның графиктері нешінші кестеде бейнеленген?
у=ах3 функцияның графигі қай кестеде бейнеленген және қалай аталады?
Тарих сыр шертеді: Графиктің қазақша баламасы (6 - слайд)
«График» - грекше сөз, ол қазақша «сызылған» деген мағынаны білдіреді.
Логикалық есеп: Үш әке мен алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6 - дан алма тиді. Бұл қалай болғаны?
Жауабы: 1 ата, 2 әке, 4 немере.
3 - парақ: «Парабола - квадраттық функцияның графигі».
«Графигіміз - парабола» деп аталуының себебі мынада деп сөйлейді: «Біз төртеуіміздің»: у=ах2, у=ах2+п, у=а(х - т) 2, у=а(х - т) 2+п, тегіміз у=ах2+вх+с квадраттық функция болады. Сондықтан да графигіміз парабола деп аталады. (7 - слайд)
1 - тапсырма: Тегім у=- 2х2 функциясы, өзім төмендегі қасиетке иемін.
а) Ох осінің бойымен 2 бірлікке оңға;
б) Оу осінің бойымен 5 бірлікке төмен;
в) Ох осінің бойымен 1 бірлікке солға және 3 бірлікке жоғары жылжыту арқылы алынған. Мен сонда қандаймын:
Жауаптары: а) у=- 2(х - 2) 2; б) у=- 2х2 - 5; в)) у=- 2(х+1) 2+3.
2 - тапсырма «Сыңарын тап!» Квадраттық функция формуламен және графигімен беріледі. (8 - слайд)
3 - тапсырма (деңгейлік тапсырма). Формуламен берілген функциялардың графиктерін салыңдар (квадраттық функцияның үлгісін пайдаланыңдар). (9 - слайд)
1 - деңгейлік тапсырма: у=(х+2) 2
2 - деңгейлік тапсырма: у=(х - 3) 2+3.
3 - деңгейлік тапсырма у=- х2+2х+8 (тақтаға екі оқушы екі түрлі жолмен орындайды).
Мұғалім: Парабола (грекше - қосымша) деген мағынаны білдіреді. Тік дөңгелек конустың төбесінен өтпейтін және конустың кез келген жанама жазықтықпен қиылысуынан пайда болатын сызық. «Парабола» ғылыми атауын б. з. д. 200 жылдары Пергтік Апполлонии (б. з. д. 260 - 170) енгізген (макеті жасалады 10 - слайд).
Есеп. Үстелдің беті төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5 бұрыш.
4 - парақ «Функцияның қасиеттері». Функцияның графиктерін
пайдалынып қасиеттерін жазу. Графиктері 11 - слайдта көрсетілді.
А) у=- х2+2х+8
Б) у=х2+10х+24
5 - парақ: «Өз біліміңді сына!»
1 - есеп:
а - ның қандай мәндерінде у=ах2 - 16х+1 параболасының симметрия осі х=4 түзуі болады?
Жауабы: а=2
2 - есеп:
в - ның және с - ның қандай мәндерінде у=х2 - 6х+с параболасының төбесі (6; - 12) нүктесі болады?
Жауабы: в=- 12, с=24
3 - есеп:
у=ах2+вх - 18 функциясының графигі М(1; 2) және N(2; 10) нүктелері арқылы өтетіндей а - ның және в - ның мәндерін табыңдар.
Жауабы: а=- 6, с=26.
Үйге тапсырма: 11 - 25 тест тапсырмалары. (93 - 96 - бет)
Сабақты қорытындылау, бағалау.
-
№54 орта мектептің
1 «В» сынып оқушысы
______________________
күнделігі
№25 орта мектептің
3 «А» сынып оқушысы
Әндер Ришаттың
сызу дәптері
|
Достарыңызбен бөлісу: |