Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық тағамдары
Сабақтың мақсаты: Тағам атауларымен, оның ішінде қазақтың ұлттық тағамдарының атауларымен таныстырып, ұлттық дәстүр туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеті: а) Білімділігі: Өзінің құнарлығы тіл үйірер дәмділігімен дастархан сәнін келтіретін ұлттық ас дайындау өнерінің кейбір кенже қалып келе жатқан үрдісін үйретіп ұғындыру.
б) Тәрбиелігі: Өзінің туып-өскен жеріндегі халықтың тарихын, салт-дәстүрін, тағамын білгенін сол халыққа деген құрметінің белгісі екенін түсіндіріп, құрметтеуге тәрбиелеу.
в) Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, білім деңгейін, қабілеттерін, шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап, сұрақ-жауап арқылы дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік дайын тағамды көрсету арқылы түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (ұлттық тағам суреттері, жазылған нақыл сөздер), дайындалған ұлттық тағамдар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе әңгіме.
Қазақ халқы үшін дастарханнан, дәмнен үлкен ешнәрсе жоқ. «Ас адамның арқауы», «Жаман ауруға – жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады», «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» – деп халық тегін айтпаған. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.
Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың негізгі асы – ет пен сүт болған. Көшпелі тұрмысы, мал өсіру шаруашылығы елдің этнографиялық салтына қарай, қазақ халқының дастарханының өзіне тән ерекшелігі бар. Жаздың аптап ыстық күндерінде шөл қандыратын сары қымызды бұрқырата сапырып, айран, шұбар сіміргенді, қаймақ қатқан күрең шайды ішкенді, ал қыстың боранды күндерінде сары ала қазыны кертіп, жал-жая мен қарта, майлы қызыл қуырдақ жеп, сүзбе қосқан құнарлы сорпа ішкенді, үлпілдеген сары бауырсақ жегенді кім ұнатпаған. Өзінің құнарлығымен, сіңімділігімен тіл үйірер осы ұлттық тағамдардың бүгінгі күні дастарханымыздың сәнін келтіріп, молая түссе нұрүстіне нұр болар еді. Халық отыршылыққа бет алған кезде мал өнімдерімен қатар, нан, жеміс көкөнім дәндері келді. Олар – тары, арпа, бидай, күріш.
II. Жаңа тақырып: «Қазақтың ұлттық тағамдары».
а) Ыстық тағамдар.
б) Салқын сусындар.
в) Сусындар.
Ыстық тағамдар
Ұлттық тағамның ішіндегі ең үлкені – нан. Ең бірінші дастарханға нан әкелінуі қажет. Нан – ерекше жұғымды тамақ. Адамның наны болса, оған ешқандай аштық қаупі төнбейді. Күш-қуатты қалпына келтіру жағдайда, құнарлылығы басқа тағамдардан басым түседі. Адам тіршілік әрекетінде қуаттың жартысынан көбі наннан алады. Нан – тіршілік нәрі. Нан барлық тағамнан, құраннан да үлкен. Нан биікте тұрса, аяқ астына құранды қойып, нанды алуға болады. Нан құраннан да үлкен екен.
Нан қадірін арындай білші күнім,
Нанға деген болсын тек құлшылығың.
Бір үзім нан болмаса қарап қалып,
Өшер еді өмірден тіршілігің.
«Дәнді шашпа, нанды баспа» деп бабаларымыз ұрпағын нанды қастерлеуге үйреткен.
1. Таба нан – ашытқымен иленіп, қоламтаға пісіріледі.
2. Бөрек нан – иленген қамырдың арасына, ұсақтап ет турап, бұрыштап, пияздап, уыттап пісірілетін дөңгелек нан.
3. Бауырсақ –қазақтың бауырмал, үйірсек, туысқан, жақыншыл – деген мағынаны білдіреді. Бауырсақ түрлері: ши бауырсақ, сары бауырсақ, ақ бауырсақ, жайма, жол, шелпек т.б.
4. Қазақша ет (бас табақ, сый табақ, ортақ табақ, аяқ табақ).
5. Қуырдақ – соғым қуырдағы, сүр қуырдақ, сүйегімен шауып қуырылған қуырдақ, май қуырдақ, өкпе-бауыр қуырдағы, ішек-қарын қуырдағы, бал қуырдақ.
Бал қуырдақ – ірі қараның бөтегесінен қаймаққа қуырылады (бұл қуырдақ үлкен кісілерге және балаларға беріледі).
6. Турамыш кеспе – ұсақтап етті турап, үстіне қайнаған су құйып, қолдан кеспе жазып салынады. Турамыш кеспе етті қуырғандықтан өте дәмді болады. Осы кеспеге байланысты «Етті тураған, сиырды шұдырған құртады» — мақал бар екен.
7. Құйрық бауыр – құйрық пен бауырды турап, үстіне сорпа құйып дайындалады. Тағамның бұл түрі құрметті құдаларға беріледі. Майдай жұмсақ, бауырдай бауырмал болайық дегенді білдіреді.
8. Сүт кеспе – сүтке аздап су құйып, қайнаған соң қолдан жазып кеспе салып, тәтті болу үшін кішкентай қасық ожаумен қаймақ не, май салып пісіреді.
9. Бүрме қарын – қойдың көз қарынына туралған ет салып, пияздан сорпаға салынып піседі. (Аузын істікпен бүріп, байлап қойылады).
10. Жау жұмыр – түгелдей өз қарнына салынған қой еті, қоламтаға пісіреді. Қарынға бұғып піскен ет дәмді болады. «Ет қанды болса, жігіт әлді болады» — деген мақал бар.
11. Шұжық – туралған шекке тығылған ет.
12. Қазы – жылқының қабырға қазысынан шекке тығылып, айналдырады. Қазы – «биқазы», «дөңбек қазы», «бұлт қазы», «қылыш қазы». Семіз қазы – «би қазы», «дөңбек қазы».
Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Олардың мынадай түрлері бар:
Достарыңызбен бөлісу: |