Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағытапсырманы орындатады, қадағалайды, бағыт-бағдар береді. Кері байланыс орнатады.
|
1-тапсырма:
Мәтінде кездесетін термин сөздерді ғылым сапасына қарай топтастырып жазады.
|
Дескриптор:
-Мәтіндегі термин сөздерді мұқият түсінеді.
-Ғылым сапасына қарай топтастырып жазады.
Жалпы - 5 балл
|
11-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
Жеке жұмыс
|
Оқушыларға тапсырманы орындатады, қадағалайды, бағыт-бағдар береді. Пікір алмасады.
|
2-тапсырма:
Дереккөздерден театр, спектакльге жазылған сыни пікірді тауып, құрылымына талдау жасайды. Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ә.Сығайжәне т.б. театр туралы жазған мақалаларын пайдалануға болады.
|
|