Сыныптан тыс сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің білгірі
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың білім деңгейін,шығармашылық ізденісін байқау.Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.Оқушылардың қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және өз ойын жеткізе білуге үйрету.Мемлекеттік тілді құрметтеуге үйрету
Түрі: сайыс сабақ
Қатысушылар: 5,6-сыныптар
Көрнекілігі: портреттер,әріптер,нақыл сөздер,
Барысы:
І жүргізуші:
Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар! «Қазақ тілінің білгірі» атты сайыс сабаққа қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Как мы знаем,язык – одно из самых великих творений человечества.Это важнейшее средство общения,тонкий и гибкий инструмент,с помощью которого формируется и выражается человеческая мысль.
І жүргізуші:
Ана тілім – абырой,ар-намысым,
Тілім болса болады қолда күшім.
Тіл болмаса қалайша орындалар,
Арман – ойым,мақсатым,алдағы ісім.
Халықтығым – біртұтас алыптығым,
Ана тілім – алдағы жарық күнім,
Төбем көкке жеткендей қуанамын,
Тілімнің құдіретін танып бүгін.
ІІ жүргізуші:
Язык отцов,язык тысячелетий,
Ты временем,как глина,обожжен.
В тебе удар меча и посвист плети,
Мужская гордость и горячность жен,
В тебе звучат забытые наречья.
Шумеров ,гуннов,хрип монгольских слов,
Где ты рожден?
В пожарах Семиречья?
Тебя по жилам к нам перенесло.
И ты звучишь,переполняя тело.
Ударом сердца,колоколом дум,
И как меня судьбою б не вертело,
Клянусь тобою – я к тебе приду.
Так из далеких и счастливых странствий
Приходит сын к забытому отцу,
Приходит в ярком,дорогом убранстве,
В началах жизни или же к концу.
Мұғалім: Құрметті балалар,бүгінгі сайыс сабаққа әр сыныптан 2 оқушыдан қатысады.
Олардың міндеті қазақ тілінен білімдерін көрсете отырып,сынып ұжымының намысын қорғайды.
Ойын кезеңдері мынадай :
1.Танысу
Қатысушы өзін 3 минут уақыт ішінде таныстырып шығады (өнерін көрсетуге де болады).
2.Мәнерлеп оқу
Бір ақынның шығармасын мәнерлеп жатқа айту.
3.Тұлғаны таны
Атақты тұлғаларды танып,ол туралы айтып беру
Көрермендермен ойын «Екеуден үшеу»
Ойынның шарты: қағаз қиындыларында жазылған сөздерді жинақтап,бір күрделі зат есім шығару
Мысылы: кемпір+қосақ
4.Аудармашы.
Берілген мәтінді қазақшадан орысшаға аудару.
Көрермендермен ойын «Кім тез айтып шығады?»
Ойынның шарты: ойынға қатысушы берілген қазақша есімдерді бір оқып шығып , жатқа айту.
5.Түсін мені
Үлестірмеде берілген сөзді көп түбірлі сөзді қатыстырмай басқа сөзбен көрермендерге айтып түсіндіру.
АСХАНА.МЕКТЕП.КІТАПХАНА.ҮЙ.
6.Таңда.
Қатысушы әріп таңдайды , қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап сөздер айту керек.
М. 1.Біз оқитын мекеме. (мектеп)
2.Тышқан аулайтын жануар (мысық)
3. «Наследие» сөзінің аудармасы (мұра)
4. І жақ (мен)
5. Дене мүшесі (мұрын)
С. 1.Суретші не салады?(сурет)
2.Қолыңа не тағасың? (сағат)
3.Қар ерісе не болады? (су)
4. ІІ жақ (сен)
5.Бір қолдағы бесеу (саусақ)
О. 1.Сыныпта отырған кім? (оқушы)
2.Аңдар қайда мекендейді? (орманда)
3. «Родина» қазақша қалай? (Отан)
4.Партаның қасында тұрған не? (орындық)
5.Тоғыздан кейінгі сан (он)
Қ. 1.Біздің Отанымыз (Қазақстан)
2.Мемлекеттік тіл (қазақ тілі)
3.Не ұшады? (құс)
4.Есту мүшесі (құлақ)
5.Қыздың аты,құстың аты (Қарлығаш)
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
І жүргізуші:
«Сен де бір кірпіш дүниеге , тетігін тап та бар қалан» деп Абай атамыз жырлағандай мемлекеттік тіліміздің биікте шырқауына , оның дамуына бәріміз бірдей үлесімізді қосайық.
ІІ жүргізуші:
И хотим завершить нашу игру словами президента Н.А.Назарбаева «Для народа нет луче и дороже чем язык, который острый как алмаз ,чуткий как парящий орел , мягкий свинец и оружие и щит и древний и вечно молодой».
І жүргізуші:
Қатысушыларға көп-көп рақмет,табысқа жетіңіздер.Аспанымыз ашық болсын.Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |