Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі



бет1/2
Дата17.02.2022
өлшемі277,34 Kb.
#132295
түріПоэма
  1   2
Байланысты:
Ғылыми жоба Назерке копия 2і Автосохраненный і (копия)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі

8 – сынып оқушысы


Сейдалы Назерке


Тақырыбы: «Батыр Баян поэмасының көркемдік ерекшеліктері»


Секция: Тіл білімі
Ғылыми жетекшісі: Жунисбекова Г.Ш.
Мұғалім: Кенишбаева Р.А.
___________2021жылы

«Батыр Баян поэмасының көркемдік


ерекшеліктері» тақырыпта жазылған
«Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектеп
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
8 – сынып оқушысы Сейдалы Назеркенің
жазған ғылыми зерттеу жұмысына
Пікір
Батыр Баян поэмасының көркемдік ерекшеліктерін пайдалану жолдары туралы жазу, қазіргі таңда өте маңызды рөл атқарады. Оқушы тақырыпты зерттей отырып, поэмадағы тілдік ерекшелiктердi мүмкiндiгiнше кеңiнен қолдана білген. Зерттеу жұмысында әдебиет теорияларын қолданып, тақырыптың мазмұнын ашты. Ғылыми жұмысқа ден қойған осы оқушымыз поэмадағы көркем сездерді зерттеп, ашып көрсетедi деп сенемін.
Директордың бейiндi
оқыту iсi жөнiндегi орынбасары: Жунисбекова Гульжан

Аннотация

Бұл зерттеу жұмысында поэманын және көркем сөздердің ерекшелік жолдарын , сондай - ақ қазiргi танда қолданысқа ие сөздерді зерттеу максатында қарастырылған .

Это исследование предназначено для изучения специфики стихотворения и слов искусства, а также слов, которые используются сегодня.


This study is intended to explore the peculiarities of the poem and the words of art, as well as the words that are used today.

Кіріспе
Ақындық қасиетті туғызатын ақынның өзі. Сол күштің арқасында ақындық туып, өлеңнің өрнегіне бөленіп,қаламынан сондай керемет те, бүкіл жан- дүниеңді баурап алатындай керемет туындылар қаншама. Сондай туындылары арқылы халқының аяулысы, өз өлеңдерінің жыршысы бола білген-Мағжан Жұмабаев.Мағжан ақынның поэзиясы, прозасы, поэмасы болсын бүгінде қазақ әдебиетінің төрінен орын алып, өз оқырманының жүрегіне өшпес мұра ретінде із қалдыра білді. Қазақтың ұлы ақыны Абайдан кейінгі, өлеңдері арқылы қазақ халқының тіл өнегесін байытуда өз үлесін қосқан ақын, әрине Мағжан. Ақынның артында қалдырып кеткен мұрасы бүгінге дейінгі қазақ халқының бүтін бір тарихы.Әрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін аса бір құнды байлық. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы бүгінгі ұрпаққа жетіп, сол ұрпақпен бірге ақынның өзі болмаса да, мұрасы мәңгі жасап келе жатыр.Ақын сонау қиын да, сұрапыл заманда өмір сүріп, халқының мұң-зарын сол жырлары арқылы жұбата білді, жанынан табыла білді. Әр дәуір өз ақынын туғызады десек,Мағжан шығармалары өз заманының тұтастығы бір шежіре секілді, көз алдыңа жан-жақты жүрек тебіренісімен, өз үнімен, қайталанбас өз ерекшелігімен көркем де, шыншыл отты сөзбен жасалған тұлғалармен сомдалған соны дүниені жайып салады. Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алған егеменді еліміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындау түсуде. Бұл мақсаттың алғашқы қадамы алаштың ардақты ұлдарын ақтаудан басталады.Алаш азаматтары, яғни зиялылар қауымы қазақ ұлтын жеке автономиялы мемлекет етіп құруды мақсат етті. Олардың осы өмірлік мұраттары шығармашылық жолына айналды.Алаш арыстары аңсаған еркіндік елге егемендік болып енді оралды. Осы лекпен ортаға оралғандардың қатарында Мағжан ақын да болды.Мағжан Жұмабаев қаламынан туған классикалық шығармалар ұлт әдебиетін белгілі көркемдік дәрежеге көтерді.Ал ақын көркем туындыларындағы эстетикалық таным өз бастауын ұлт тарихынан, халықтың мәдениетінен, жыраулық поэзиядан алып жатады.Ақынның осы негізде қалыптасқан азаматтық позициясын (ұстанымын) таныту да, патриоттық рухта жазылған поэмаларының да ролі зор.Өйткені поэма идеялары ұлт тағдыры проблемаларынан туындаған. М.Жұмабаев поэмалары халықты әдебиетпен байланыстыра дамыту арқылы поэма жанрынан әлемдік әдебиеттер үдерісімен жаңа бағыттағы мазмұнды қолданыстар жасаған. Ақынның көркем шындықты сомдаудағы шығармашылық әдістері поэма жанрының түрлерін тудырды. Бұл ақынның азаттық пен тәуелсіздікті аңсаған, Алаш қозғалысы идеясымен суарылған туындылары. Мағжан Жұмабаев шығармашылығындағы идеялық-көркемдік ізденістердің бәрінде алашшыл көзқарас сабақтастығы , пікір жалғастығы ұласып жатады.

I бөлім
Батыр Баян поэмасының тарихи-сюжеттік негізі


Өткен жиырмасыншы ғасырдағы ұлттық поэзиямыздың санаулы биіктерінің бірі ғана емес, нағыз шыңы -Мағжан Жұмабаев шығармашылығы.Бұл -аксиома, яғни дәлелдеуді керек етпейтін ғылыми айқын шындық. М.Жұмабаев есімі тарихымызда шығармашылық шеберлігі, стильдік анықтығы т.б. профессионалдық ерекшеліктерімен ғана емес, ұлттық әдебиетіміздің тағдырына арналған патриоттық рухтағы ой бастамаларымен әсіресе құнды. Сонымен бірге ақын өз жырларының ерекше тақырыбы, авторлық концепциясы арқылы, ұлттық поэзиямызды кеңес тұсындағы таптық идеядан қорғауға талпынды. Түрікшілдікті, батырлықты жырлап, ондағы іс- әрекеттерді бүгінгі ұрпаққа патриоттық сезімнің символы етті. Мағжанның өз тұсындағы және рухани болашақтағы құлдырауды болжай білген ақындық гипотезасы- поэмаларындағы бүкіл патриоттық рухтың негізі. Ақын поэмаларының идеясы-ұлтты тапқа бөлмей біртұтас сүю, түркі бірлігі және осы концепция негізінде келер ұрпаққа бағыт, тәрбие, рух беру. XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінде тарихи тақырыптарға оралу тенденциясы басым болғаны белгілі. Ал тарихты сөз өнерінде ежелгі халықтық поэзия үлгісінен өзге жаңа формада көрете алу суреткердің шеберлігіне, жеке жетістіктеріне байланысты мәселе екені анық. Әйтсе де, тарихи тұлғаны идеалды өмірдің образына, әдеби қаһарманға айналдыру туралы жалпы сұрақ туындады.Дәл осы сұрақ төңірегінде арнайы әдеби тартыс болмаса да, осы кезеңдегі қазақ жазушылары шығармашылығындағы жаппай талпыныстар осының айғағы.Осы кезеңдегі әдеби даму үрдістері, яғни жазушылар шығармашылығындағы тарих пен фольклор байланысының үлгілері осы тарихи тұлғадан көркем интерпретацияға дейінгі аралық еді.Мағжан шығармашылығының профессионалдық сатыға көтерілуіне образға келер алдындағы үлкен даярлығы мен философиялық терең анализі әсер етті. Осы кезеңде өз шығармашылығының биік дамуында тұрған Мағжан Жұмабаев бұл сұраққа өзіндік ерекшелікпен келді. "Батыр Баян" поэмасын жазудағы ізденісі тарихи деректі көркем туындыға айналдыруда ақынның шығармашылық еңбегінің үлгісі бола алады.Мысалы, ақын Батыр Баян поэмасын жазуда Шоқан Уалиханов деректеріне сүйене отырып, тарихи шындықты жазушылық қиялмен дамытып, өзге деректермен қоюластырған. Мағжан өзі тарихшы ретінде жеке ізденіп деректер жинақтап, поэмасын терең философиялық ой-тұжырымдарға құрады.Бұл-жазушының шығармашылық және суреткерлік жұмысы алдындағы дайындық лабороториясында ой жинақтауы яки шығармашылық қажетіліктен туындайтын құбылыс. Жиырмасыншы-отызыншы жылдар қазақ қоғамының қалыптасу және ғылымы енді дами бастаған балаң кезеңі еді. Сонымен бірге ақын әдебиеттің спецификалық талаптарына сай тарихи тұлғалардың өмірімен терең танысып, белгілі-бір құбылысты немесе оқиғаны көркем шығармаларына арқау еткен. Ақын-алдымен сөз шебері. Ал тарих-ақын үшін деректік негіздердің арсеналы немесе әлем туралы жалпы танымдардың қайнар көзі ғана емес, суреткерлік танымының бір элементі болып қалыптасып кеткен. Бұл, Мағжанның суреткерлік әлемінде, әсіресе философиялық ой-тұжырымдарынан ерекше байқалады. Ақын философиясы жеке басының трагедиясымен астасып жатса, трагедиясы ел тарихынан туындайды. Ежелгі аңыз, тарихи сюжеттер Мағжан поэмаларында мүлдем басқа мағына, басқа мінезге ие. Себебі, адамдар, мінез, көзқарас-бәрі өзгерген, яғни тарих өзді-өзі "пародия" жасауда.Мысалы,Нысанбай ақынның тарихи поэмасындағы, М.Әуезов пьесасындағы, М.Жұмабаев поэмсындағы Кенесары бейнесі осыған дәлел. Мағжанның суреткерлік жүйесіндегі тарихи-көркем тұжырымдарымен байланысты тағы бір ерекшелік-қоғамдағы саяси-әлеуметтік "бай" және "кедей" яғни "жоғары", "төмен" тәрізді метафизикалық шек қоюды қабылдамауы.Біріншіден, ақын ұғымында бұл категориялар бір қалыпты емес өзгермелі.Яғни тұрақты ештеңе жоқ.Екіншіден, бұл ақынның азаматтық позициясына қайшы келетін тұжырым. "Адамның шын мағынасымен адам болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт. Өзінің һәм жақындарының ғана пайдасын іздемей, жалпы қалың халықтың пайдасын іздеуі шарт. Халық пайдасын өз пайдасынан да ілгері қоюы шарт. Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін. Қазақтың жазушысы Міржақып Дулатов бір өлеңінде: "Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, Емеспін жемісі көп тамаша ағаш. Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш",- дейді. Міне алашты халық десек, халықты шын сүйген адам "жарты жоңқасы" қалғанша халық үшін қызмет істеуге тиісті". [1,302-303 б.] Мағжан үшін "жоғары" категориясы әдеби эстетикалық танымдағы өлшем емес, поэзияның өз идеялық қуатымен жететін биіктік. Яғни "жоғары" жасалынып, және әрдайым қозғалыста дамып отыратын мәдениет пен тарих саласындағы объективті баға. Егер біз Мағжанды өзінен кейін мектеп қалдыра алған ақын деп қарасақ, онда Мағжан мектеп принципі бойынша: ақын санасы өз халқы, тіпті жалпы адамзат үшін әділеті тура жолды көре алардай дамыса, ол "жоғары" және "аса жоғары" яки "интеллектуал".Басқалардан тағы бір өзгешелігі- Мағжан шығармасының нысанасында табиғат, махаббат, достық т.б. емес, арғы-бергі тарихтағы рухани өткір коллизиялар және конфликтілер. Яғни, біз Мағжан шығармашылығынан сезім тереңдігі мен байлығын ғана емес, жоғары деңгейлі руханилық пен трагедиялық шешімдерді де көре аламыз.

II бөлім
Батыр Баян поэмасының көркемдік ерекшелігі


М.Жұмабаев поэмалары сюжетті не оқиғасыз лирикалық поэма түрінде де берілген. Ұлттық тарихымыздың қаһармандары ақын идеяларымен көркем бейнеге айналып, поэмаларда бір сарынмен тоғысып отырады.Ал, ақын идеялары қазақ еліне келген саяси өзгерістермен тығыз байланысты еді. XX ғасырдың басы қай қоғамды да объективті түрде екіге бөлді. Бұл кезеңде әдебиетті де ашық та, өткір пікірталас күшейіп, бүкіл халықты таптық жікке бөлген үлкен тарихи тартысқа айналды. XX ғасырдың басындағы әлемдік мәселе-адам бостандығы Мағжан Мағжан шығармашылығының да негізгі проблемасы болып табылады. Өз тұсындағы қоғам құбылысының күрделі сипаты ақын романтизмінің мазмұнына айналды. Мағжа образдары тарихи тұлғаларға, көркем интерпретацияға жасау арқылы сомдалған. Автор өзінің эстетикалық принциптерін жүзеге асыру мақсатында көркем құралдарды лайықтай жинақтап, және жүйелі түрде тізбектей қолданған. Бүкіл образдарда жалғыздық және өлім мотиві көрініс беріп отырады. Мағжан өз поэмасында көркем интерпретация жасау әдісімен трагедиялық жаңа образ сомдаған. Ақын бас қаһарман Баянның саяси әлеуметік тұрғыдан батырлық образын, рухани-гуманистік тұрғыдан психологиялық портретін, тұрмыс-тірлік тұрғысынан пендеуй болмысын ашқан. Тақырып поэмада мынандай жолмен ашылып, беріліп отырады: Ол күндер аз қазақ пен қалың қалмақ Қыран мен қара құстай алысқан шақ, Баласы алты алаштың Абылайдың Астында ақ туының алысқан шақ. Қазақтың батырлары бәрі қыран, сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап. Суреткер дүниетанымы алдымен шығармаға арқау етіп таңдап алған мәселесімен танылады. Яғни шығармашылық процесс жазушы өзге құбылыстар ішінен бір құбылысты таңдап алған сәттен басталады. Бұл толғам өзге құбылыстарға деген жазушы бағасының қорытындысы. Ал баға жазушы идеологиясының, көзқарасының саяси поэзиямсының көрінісі болып табылады. Бұл жөнінде Гете былай дейді: "Үлкен немесе кіші болсын, кез-келген өнер шығармасында бәрі, тіпті ең соңғы бөлшегіне дейін түпкі ойға байланысты" Құбылысты таңдау, бейнелеу олардың бір-бірімен байланысы және бағасы- бұның бәрі тікелей суреткер шығармашылығындағы дүниетанымның іске асуын танытады" Баянның батырлық іс-әрекеттерін сомдайтын ақын қолданысындағы көркемдік бейнелегіш құралдарды тізбектей жүйелесек былай болып дамымақ: "көп жаудың албастысы, ел еркесі","наркескен,өрттей ескен, қайтпас болат", "қандыбалақ батыр", " сорғалап сұңқардайын", " жолбарыста жалғыз ойнап", "аш бөрідей", "жебесі көбе бұзып", "тұлпар", "қайтпас алмас", "ер", "сұп-сұр болып", "арыстан", "түнерген қара бұлттай қара түн", "көкжал", "қыран". Поэмадағы көркемдегіш құралдар ситуацияға қарай құбыла өзгеріп оқиғаға қосымша рең беріп отырады. Автордың көркемдік құралдарды ойнатудағы суреткерлік шеберлігі образ қуаттылығына әкелсе, құрылымдық элеметтердің өзара байланысы шығарманың тақырыптық-идеялық нысанасына қызмет еткен. Мысалы, мына жолдарда Баянның патриоттық тұлғасы сомдалады:
"Жау!" десе жатпайтұғын Батыр Баян, ...Бірін айт, бірін айт та, бас
Баяндай "Алашым!" деп еңіреп пе еді?
...Айналып оны айт, мұны айт,Баянды айт, Ер Баян Алашының бетін жуған.
Ақынның негізгі тәсілдерінің бірі-қаһарман образына көпшілікке тән психологиялық ерекшеліктерді қарсы қою арқылы ашу. Бұл тәсіл арқылы ақын бірде жалғыздықты, бірде тұлғаның ерекше жаратылысын, енді бірде тобырлық сананы ашады. Мысалы: Алайда Абылайдан сөз бомады, Сондықтан бұғып, бықсып туды күбір. ...Күндеу ме, көтеру ме?-кім біліпті,-
Батырлар десті жалғыз "Баян бала-ай".
Ақын Баян мінезінің батырлық қырын күрделі әрі жан-жақты қолданыстар жасау арқылы жинақтаған. Ал бас қаһарманның психологиялық сипатын ашу үшін таңдалған махаббат оқиғасы басты жоспардың құрамдас бір бөлшегіне айналған. Ақын поэмада Баянның психолгиялық портретін азаматтық қастиеттерімен толықтыра түседі.Мысалы:
Кәусердей татқан адам қалар көкбай, Шын ер ғой батыр Баян алып қайтқан
Еліне сол сұлуды естен танбай,
Ер Баян жас сұлуды алып келген. Сұңқардай бабындағы сұқсыр көрген.
Қан жауып екі көзін қанды балақ, Ілмиген қоңыр қазды көңіл бөлген. ...Баламасын жас сұлудың білгеннен соң Ер Баян қарындас қып ерік берген. Алайда ар алысқан күшті сеңмен.
Баянның адамға ерік бермес психологиялық ішкі иірім, эмоциялық күш "ғашықтық" қуатымен арпалысып, биологиялық сананы, яғни тән сұранысын ақылмен ауыздықтауы, бір "мені" екіге бөлініп, өзді-өзі арпалысуы жауға шапқан ерлігінен асып түспесе де, соған пара-пар. Ғашық қызын Баяннан әлеуметтік тұрғыдан жоғары не тең етіп емес, "барымта" сұлуы, өз олжасы етіп беру арқылы ақын батырдың ұстамдығын, әділеттігін, ең бастысы, зорықшыл жауыз емес, мәрт жаратылыс екендігін аша алған.Мысалы:
...Сұм сұлу анадайдан ағатайлап, Баянда жан қайнаған жандырмаған, Сонда да сыр шығармай батыр Баян, Жастық қып жанын естен тандырмаған.
Осылай іштен күйген батыр Баян,
Баянның батырлығы Алашқа аян... Бұл көрініс батыр психолггиясының ерік-жігер қуаттылығын, күшін дәлелдейді. Баян бойындағы әйелге деген табиғи құштарлық сезімді парасаттылыққа бағындырады. Мысалға, Баянның сол қыз деген де жанбаған жаны қалмаған", "сезімнен іші күйген", енді қарасаңыз: "Баян сонда да жастық жасап жанын естен тандырмаған", яғни тәні ғана емес, жаны да керек етіп тұрған ләззаттан бас тартқан сыр мінез Баян сонда да "сыр шашпаған". Бұл оқиғадағы ең жоғарғы саты Баянның қызға "ер" көңілмен "қарындас" деп ерік беруі, осы ар мен сезім арпалысын адамға балаған. Жалпы ақын теңеулері жалаң түрден гөрі адами мүмкіншіліктен шыққан асау, мазмұнды, астарлы болып келеді. Осы ой асаулыға шығарма оқиғаларына өжеттік берген. Осыдан келіп поэмадағы драмалық ширығу, трагедиялық шешім негіз алып жатады. Мысалы:
"Кең ақыл, отты қайрат, сырттаным"-деп, Ер едім еркелеткен Алаш тәмам. Сындырдым аз ғана Уақ елім белін, Елімнен кетіп елді қайдан табам? Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,
Кінәмді мынау ағат немен жабам? Қарабет болдым Алаш баласына, Ер дер ме енді мені Абылай данам?!
Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге? Табына көк бөрідей кірдім неге?
Тәтті бал, балауса тал жас сұлуды Көр болғыр, екі көзім, көрдің неге? Садақтан жүрегінен тартып кетпей, Жыландай бауырыма сап келдім неге?
Әйелдей баса алмайтын жүрек жынын
Есалаң жүрекке ерік бердім неге?
Ақын поэмада Баян жан-дүниесінің жұмбақ сырын, жаратылысын, адами табиғатын монолог арқылы ашады. Бұл жерде сананың қызметі өте күрделі, түпсана (Ш.Елеукенов термині) адам ырқын өзіне бағындырар сиқырлы тылсым құбылыстың бірі ретінде дәлелденген. Ақын махаббат трагедиясы арқылы Баян ғашықтығының күрделі табиғатын ашқан. Және автор дәлелі нанымды шыққан. М.Жұмабаев шығармалары өзіне тікелей өмір фактілері мен құбылыстарын жинақтаумен бағалы. Шығармадағы оқиғалардың іске асуынан біз нақты өмірдің өз заңдылықтарын көреміз, ал қозғалысқа (байланыс, қарым-қатынас) түсуінен өмір процестерін бақылаймыз. Мағжан қалмақ жерін қазақ жерінен кем суреттемейді, жау өкілінің жандүниесін де Баян қайғысынан кем ашпайды. Яғни ақын көркем өнер әлеміне саяси рең бермеген.Рухани мазмұнсыз жалаң патриотизм, дөрекі ұлтшылдық секілді солақай бағыт ұстанбаған. Ал қалмақ қызының антқа деген беріктігі, туған еліне деген махаббат "сұм" сөзімен астарланған. М.Жұмабаев қалмақ қызы образы арқылы орыс әдебиетінде кеңінен орын алған "тұтқын көңіл" образын қазақ әдебиетіне енгізді. Бұл XX ғасыр басындағы қоғам өміріндегі эстетикалық сананың жемісі. Ақынның "қол емес, қызыл тілім кісендеулі", "сұм өмір абақты ғой саналыға" "мен зарлымын" деп келетін жолдары осы концепцияның ішкі сырын ашады. М.Жұмабаев поэмаларының өн бойына желідей тартылған бұл сарын қазақ әдебиетінде арнайы теориялық термин болып қалыптаспаса да, қоғамдық санада, жазушылар танымында айқын орын алды. Бұл әсіресе, М.Жұмабаев шығармашылығында ашық бедерленіп берілген. Ақынның "Батыр Баян" поэмасындағы "тұтқын көңіл" образының ішкі концепциясы қалмақ қызының өз еліне деген жасырын "сұм" ойларымен де ашылған. "Тұтқын көңіліндегі" патриоттық сезім қыздың өз жүрегіне ғана ұрық сеуіп, іштей дамиды. Осы ішкі психологиялық өрбудің шебер шешімі арқылы ақын поэма сюжетін шиеленістіре дамытып, поэма оқиғасын шарықтау шегіне бір-ақ көтереді. Ал бауыры мен сүйген қызын құрбан етуге мәжбүр болған Баян трагедиясы арқылы "тұтқын көңіл" образы мен масштабта ашыла түскен. Бұл жерде лажсыздық, амалсыздық концепциясы арқылы, тіпті белгілі бір мемлекеттік шекара арқылы да айқындалады. Ақын Баянның да ет пен сүйектен жаралған пенде екендігін, оның адамгершілік, сүйіспешңілік сезімін, өмірлік көзқарасын айқын ашып көрсету мақсатын көздеп, қалмақ қызы мен Ноян арасындағы хикаяға арластыру арқылы өз кейіпкрін ауыр сынға салады. Оның бірі өз махаббатын жеңіп алу, сүйіспеншілік мұратына жету боса, екіншісі ел мүддесі үшін жеке мұрат- мақсатынан бас тарту. Поэма кейіпкері адамгершілікке жат қылық көрсетіп, өз сезімін тізгіндей алмай әрі бірбеткей мінезінің салдарынан кінәсіз екі жастың өліміне себепкер болады. Дегемен, Баян бұдан қатал сабақ алады. Қаншалық трагедиялық халді бастан кешсе де, өмірінің соңында қаумалаған көп қалмақтың ортасында ажалмен айқасқан сәтте тұманданған көз алдына өз қолынан мерт болған бауыры Ноян мен қалмақ қызының елесін көріп, іштей толқынып, тебіреніп ойға кетеді, адам ретінде дұрыс қорытындыға келіп: "Дариға!Жазамнан да күнәм басым! Күнәмді тәңірі кешпес, кешер бірақ, Жауында жан берген соң алты алашым!" деген қазақ батырларына тән ұлы сезімге толы соңғы серт сөзін айтады. Бұл оның өмірден түйген ащы шындығы, өмірлік философиясы. Мағжан ақын осы арқылы қалың оқырманға адам баласының қандай ғажайып мақсат-мұраттары болмасын, өз отаныңды сүюден, оның мүддесі үшін күрестен жоғары тұруы мүмкін емес деген ақындық көзқарасын аңғарту мақсатын көздегендігін байқатады. Иә, бұл ақынның өз туындыларында адам образын жасаудағы өзіндік шеберлігі, өмірді, тұрмысты, адам психологиясын, адам жанын нәзік сезім арқылы түсіну білгерлігі, ақынның таланттық дәрежесімен көз алдымыздан кетпейтін Абылай хан, батыр Баян образдары ақынның шеберлігіне, тіл байлығына тікелей байлансты. Көркем шығармада жұртшылықтың көңілінен шығатындай, махаббатына бөленерліктей көркем бейне, адам образын жасай білу бұл аса шеберлік. Бүгінгі күнде кешегі қазақ халқының басынан өткерген не бір жайларды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетіп тұрған бірден- бір поэма. Сол дәуірдегі елде болып жатқан адамдар тұрмысын сәтті сурттеп поэма қаһарманының ішкі құпиясын, жасырын, сергек сезімін, көңіл-күйін, қайғысы мен қуанышты сәттерін реалистік тұрғыдан баса суреттеп батыр Баянның дара тұлғасын тасқын шабытпен жырға қосып, өзіндік шеберлікпен нанымды жасап шыққан. Сондықтан да ақынның бұл поэмасы негізінен лирико-романтикалық поэмаға жатады. Ақынның кестелі тілі, образды ойлауы, теңеумен сөйлеуі өзінше бір сылдырлаған келісімді әсер береді. Поэмасындағы ақынның тілі айшықты бедерлі, ойы анық, бояуы қанық. Баянның өліп жатқан інісін көргендігі естен танып, аттан құлап түскен жаралы жүректен ышқынып шыққан зар мұңын, естен мәңгі кетпес өкініштің ащы уын жұтқан ауыр трагедиялық көріністі ақын аянышты халде жүрек тебірінісімен, философиялық ой тереңдігімен психологиялық арпалыста шынайы суреттейді. Осы тұста, Мағжанның поэтикасында стильдік ерекшеліктің қалыптасқандығын да байқауға болады. Себебі, ақын поэмасының көркемдік жақтан сәтті шығуы үшін қолданған кілті-ғажайып реализм. Бұндағы көрініс, адам тағдыры, болған оқиға өмір шындығына негізделіп, барынша ықшам нақтылығымен бағалы болып келеді. Сондықтанда бұл поэма тек ақынның табысы болып қалмай, қазақ поэзиясндағы эпикалық туындылардың қатарына елеулі орынды иеленеді.

III бөлім


"Батыр Баян"поэмасының жанрлық түрі
Әр жанрдың өзіндік туу, қалыптасу, даму жолдары бар. Поэма жанры да өз бастауын эпостық поэзияның ата-тегі "Алпамыс","Қобыланды" т.б. жырларымыздан, қисса, дастандардан алады, яғни халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде белгілі бір идеясы да, композициялық құрылысы ширақ, сюжеті, оқиғалы поэмалар туды. XIX ғасыр екінші жартысында жазба әдебиеттің негізін салушы А.Құнанбаев шығыс сюжетіне стильдік, жанрлық сипаты жағынан қисса, дастандарға лайық келетін поэмалар жазды. Уақыт өте келе кәсіби әдебиеті әлде қашан қалыптақан Батыс Еуропаның әдеби үлгісіндегі композициясы шебер құрылған шымыр туындылар қазақ әдебиетінде де көріне бастады. Заманмен бірге адам да озып, өмірдің өзінен тың тақырып, жаңа идеялар туындады. Әу баста эпос назарында бүкіл халық, оның психолгиясы, дүниетанымы болса, енді поэма жанры жеке адам әлеміне, оның күрделі қарама-қайшылықты жаратылысынам үңілді. Бұл-эпос тарихындағы үлкен сілкініс болғанымен, жанрдың ежелгі табиғаты мүлдем жойылып кеткен жоқ. Ал жанрдың ежелгі табиғатын танытар өміршең құбылыстардың бірі-драмалық шиеленіс. Яғни поэма құрылысында құрғақ баяндаудан гөрі, ұтымды, тиімді әдістер көп орын алады. Мысалы, сол ширыққан драмалық ситуациялар, трагикалық шешімдер, психологиялық портрет, лирикалық толғаулар, мотив т.б. Поэмада автор тарихи құбылысқа субъективті проблемалар тұрғысынан қарайды. Бұл дәстүр XX ғасыр басында әсіресе Мағжан Жұмабаев поэмаларында ерекше дамыды. Жалпы осы кезең-қазақ әдебиетінде поэма жанрының өсу кезеңі болды. "20 жылдары поэма жанрында тұтастық, композициялық берік желі табу, нақтылы көркем тұлға тудыру да белгілі бір қоғамдық дамудың эстетикалық соны талап-тілектерін танытатын шығармалар-М.Жұмабаев поэмалары. XX ғасырбасында поэма табиғаты күрделене тереңдеп, теориялық заңдылықтары қалыптасып, жеке жанр түрінде қаралды. Сондай-ақ, поэмада негізгі хаактерді анықтайтын фабула автордың ашық айтылған көңіл-күйімен байланысты дамып, бұл ерекшелік поэма табиғатының лиро-эпикалық қырын танытты. "біз лирикалық және эпикалық шығармалар қатарынан өзіне өмірді лирикалық та, эпикалық та суреттеу ерекшеліктерін жинақтаған шығармалар да кездеседі. Поэмада автор басты тұлғаның бірі, яғн өмірді автордың лирикалық қабылдаулары арқылы танимыз. Автор белгілі-бір тақырыпқа барар алдында сол құблыстың эстетикалық кескіні қай жанрда көріне латынын анықтап, терең түсініп, елеп-екшеп, маңыздысын таба біліп, өзойын бейнелеуге сөз кенінен ең лайықтысын тауып, жұмсай білуі керек. Себебі, Жанр - эстетика үшін ең беделді категория. Ол суреткер талантының түгел рухан орбитасын танытады. Поэма жанры үшін сөзді қолданудағы биік эстетиклық талғам, оқиға мен жанр сәйкестігі, образ сомдаудағы жауапкершілік, ой шеберлігі, тіл мәдениеті, білім тереңдігінің маңызы зор. Поэма - еркін құрылымды синтездік жанр. Бұнда ой-қиял әлемі, жан дүние жұмбақтары, өмір сырлары, жеке торығу драмалық ширығу т.б.араласып келеді. Қазақ лириксында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе Еуропа, орыс әдебиетіндкегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да, еркін енгізген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптастырды. Ішкі мазмұн тұрғысынан келгенде, бұл шығармалардың бәрінде де халықтық аңыз, таихи дерек, үлкен көркемдік идея тұрғысынан қайта құйылып, ежелгі әңгіме, миф сарындары өзге құбылып, жаңа сипаттағы эстетикалық игіліктер жасалды. [19.102] XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясының поэма жанрындағы эпикалық кеңістікте киіктей самғап, кең тыныстаған, алысқа шапса алқынбас хас жүйрік ақындардың бірі-Мағжан Жұмабаев болатын. Сондықтан ақын шығармашылығының белгілі бір шоқтығы болып есептелетін керемет те құдірет көркем поэмасы-"Батыр Баян" Бұл поэманы көз алмастан бастан аяқ оқып шығып, ондағы шағын сюжеттің терең мазмұнына, адам сезімінің шексіздігіне, ақынның тіл шеберлігіне, уақиғаны тарихпен байланыстыра білуіне, адам образын берудегі сан қырлы теңеулеріне, тіл жеткісіз шебер берілген психолгиялық жағына да, характер жағына да тәнті болып танданамыз. Осы поэма жайында Ш.Елеукенов:М.Жұмабаевты жаңа бір қырынан көрсеткен поэма "Батыр Баян". Бұл поэма ақын творчествосының екінші кезеңіне ноқат қойғандай. Кезінде қазақ әдебиетінің үлкен табысы аталған "Батыр Баян" әлі күнге дейін оның омырауындағы алтын арқадай кестесін төккенде сұңғыла зергер барын салған. Мұнда ішкі сыр-сезім барынша ақтарылған, бар сипатымен көрінген. Жан сезіміне тіл бітіріп сөйлеткен"- деп келеді де; "Батыр Баян" тарихи тақырыпқа жазылған сияқты. Қаһармандары қазақ еліне белгілі қайраткерлер: Абылай, Батыр Баян, тағы басқа белгілі адамдар. Бірақ бұл шығарманың бергі жағы. Шынында, "Батыр Батыр" тарихи поэма емес, тарих материалына сүйненген лирикалық поэма, сол жанрдың төресі. Өйткені оқушыға қатты әсер беріп, жүрегінде қалатыны-махаббат пен борыш екеуінің шендескен жерінен туындаған трагедия. "Батыр Баян"- шоқтығы биік шығарма. Бұл махаббат жайлы лирикалық сөз де, отан алдындағы борыш хақындағы эпикалық жыры да, әділеттілік үшін жанын пида еткен жанның биік трагедиясы да"-деп аяқтайды. Иә, адамзат қоғамының даму заңдылықтарынан, өз халқының өткен тарихын мол хабардар азамат ақын 20- жылдардың бас кезіндегі қазақ халқының басындағы қоғамдық-әлеуметтік хал-күйді, осыған дейінгі қоғамның эволюциялық жолмен даму заңдарының бұзылып, революциялық сипат алуының зардаптарын, қазақ халқының отаршылдық қамытын, шешуі алыстап бата жатқандығын, ақындық көрегендікпен болжап білді. Ел-халық алдындағы азаматтық, ақындық парыз тыншытпаған Мағжан осындай ұлт тәуелсідігі сынға түскен өліара кезеңде туған халқының жанын жұбатып, жігер беретін қуатты күшті өнегелі іс-әрекеттерді халқының өткен тарихынан іздейді.
Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң,
Толғанып қарауым сол баяғыға,
-деп шарқ ұрған ақын 18 ғасырдағы Абылай хан тұсында қазақ мемлекеттігін сақтау жолындағы қазақ батырларының ерлік күресін бүгінгі ұрпаққа үлгі етуді өзіне міндет санайды. Ер көрмей, көрден басқа сұр өмірді Шерлі жан шерлі кеңес шертеді ғой, Жадырап жаным, шерім тарқар еді, Кеңесім тындаушыға сала алса ой, -дейтіні де осы арқылы қалың қауымға ой салсам, оятса дегенді ойлағандықтан деп білеміз. Мағжан поэмасының бірінші тарауында ақынның әлеумет алдындағы азаматтық парызы, ақын сөзінің өлмей-өшпей, "қанды ор" сияқты заман-заманға ауысатындығын, ұрпақтар зердесінде сақталатындығын, өлеңмен баяндай келіп, қазақтың кең жазира даласын, оның әсем табиғатын терең сүйіспеншілікпен жырға қосады: Менде ойды ағытамын қаламыма, Арқаның көз жіберсем алабына: Сарыарқа, сары дария қиыры жоқ. Кез болсын, қандай қыран, талады да, Ішінде сары дария көз тоқтатар Көкшетау-Сарыарқаның аралы да.
-деп қазақтың Сарыарқасын ұшы-қиырсыз сары дарияға ұқсатқан ақын оның ең бір әсем бөлігі Көкшетауды осы шексіз әлемнің ортасындағы әсем аралға теңейді.Тарих көшінде қазақтың осы қасиетті даласын сыртқы жаудан қорғап қалу, ұрпақтар еншісіне қалдырудың қашан да оңайға соқпағандығын, осы ұлы мақсат жолында хандарымыздың ақыл-ойы, батырларымыздың білек-күші сарп етілгендігін ақындық махаббатпен сезіне тұрып, бүгінгі ұрпақты да елі мен жерінің нағыз иелері болуы үшін отаншылдыққа тәрбиелеу, елдікке үндеу мақсатын көздейді. Қазақ халқының өз тәуелсіздігін жеңіп алу, іргелі мемлекет болу үшін сан рет күреске шығып, іргелі елдік әрекеттер жасаған кездері аз емес. Мағжан өз халқының тарихындағы осындай жан лып, жан беріскен күрделі кезеңдердің осы бір қым-қуыт кезеңнің бір ғана сәтін бөліп алып, сол арқылы туы жығылмаған ел намысын жырына өзек етеді.

Қорытынды


Қазақ әдебиеті әлемі 20 ғасырда жан-жақты дамыды. Халық тарихының даму кезеңдері руханият әлемінің өзекті мәселелеріне айналып, ұлттық әдебетімізге жаңалық, өзеріс,тақырып ұстанымдар әкелді. Ұлттық проблема негізінде туындаған жаңа идеялар, жаңа үлгі, жаңа мотив, жаңа түр әкелді. Ойды жаңа мазмұнда көркемдеп астарлап беру әдісі-"зар заман" сарын, поэтикалық дербес мотив М.Жұмабаев поэмаларының өзіндік жаңалығы болды.Сондай поэманың бірі осы бітіру жұмысында сөз болған -"Батыр Баян" поэмасы.М.Жұмабаев поэма табиғатына психологизмді де шебер үйлестіре біледі. Халықтық поэзия мен ақын-жыраулар поэиясындағы романтикалық стильді ақындық өзіндік жаңа үлгідегі ізденістермен дамытты. Сонымен бірге ауыз әдебиеті элементтерін поэма жанрында шебер қолданды.
"Батыр Баян" поэмасы-ақынның романтикалық стиль қалыптасып, шыңдалған тұста жазылған туындысы. XX ғасыр басындағы М.Жұмабаев поэмасының ішкі мазмұнына тарихи сюжеттер де негіз болған. Ақын бұл сюжеттерге романтикалық сипат дарытып, өз қоғамы мен уақыты тұрғысынан өңдеп, жаңа көркемдік шындыққа айналдырған.Ақын өз шығармаларын әдебиет жанры арқылы ғана дамытып қана қойма, осы арқылы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті байланысын нығайтты. Батыр Баян поэмасында көтерілген проблемалар заман құбылыстарымен тығыз байланыста берілді. Ақын халықтың шығармашылық табиғатына нұқсан келтірмеген, қайта оны әлемдік әдебиеттегі кей тәжірибелер сияқты жаңа бағытта, жаңа мазмұнды қолданыстар арқылы байытты. Үш тараудан тұратын бұл бітіру жұмысында осы айтылып отырған мәселелердің бәрі қамтылады. Тарихи оқиға, ел тағдыры, адам тағдыры бәрі поэмада өзінше бір ерекшелігімен астасып жатқан құнды дүние. Көркемдік қабат пен ақынның шеберлік әлемі. Әлемдік әдебиет ұғымында "тұтқын", "кісен", "шынжыр" т.б. сөздер арқылы қолданып жүрген құблыс, Мағжан Жұмабаев шығармашылығында "кісен", "абақты" образдары арқылы көрінеді. Бұл поэма қазақ халқының тарихы, ата-бабамыздың мәңгілік рухани дүниесі. Ақынның әлемі мен көркемдік қуаты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. М.Жұмабаев шығармалары-Алматы:Білім, 1996-302-303 б.
2. Валиханов Ч. Собрание сочинений в 5- и томах.Том 1-
Алматы.Гл.ред.каз.сов.энциклопедий, 1984-221 б..
3. М.Әуезов "Әдебиет тарихы". Алматы:Ана тілі, 1991-141.142-143.[27]
[28]б.
4. Қирабаев. Екі томдық жинақ.Том-1.Алматы-Жазушы 1991-333 б.30 б.
5. Әбуов. Қазақ тарихының "ақтаңдақ" беттерінен.Алматы: Қазақ. 1944-4-
50 б.
6. Асқаров Е."Батыр Баян туралы бір дерек" Жұлдыз.1989 No8,187 б.
7. Валиханов Ч.Соб.соч. в 5-й томах.Том 1.Алматы: Гл.ред.каз.
сов.энциклопедий 1984-385. (Коментарии исторические предания о
батырах 18 в.) Примечание Валиханова 216,218
8. Жас Қазақ. Алматы, 13 ақпан, 1993 жылы, 13-14 беттер
9. Әдебиетану терминдерінің сөздігі.Алматы: Ана тілі, 1996-334 бет
10. Дихан Қамзабекұлы.Руханият. Алматы: 1997, 38 бет
11. М.Жұмабаев.Шығармалары II том, II тарау 217 бет
12. Ерік Асқаров. Батыр Баян // Дауа, 1991, 5-66 бет
13. Б.Қанарбаева.Кандидаттық диссертация.Алматы, 1994,130 бет
14. Е.Асқаров "М.Жұмабаевтың "Батыр Баян"дастаны туралы // Жұлдыз
1995, No2. 124-125 беттер
15. Мұсағитов М. Қойлыбай бақсы// Жұлдыз 1995, No2, 205-207 беттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет